ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14764 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне, "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-5, 5-6 - баптарына "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2), 2-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидалары;
2) квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидалары";
1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-5 және 5-6-баптарына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2), 2-1) тармақшаларына сәйкес әзірленді және ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау тәртібін айқындайды";
2 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидалардың шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы өтеу үшін субсидиялар беру көзделеді.";
13 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қарыз алушы үшін міндетті шарттар:
"Ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру" бағдарламаның кіші бөлімі шеңберінде тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша кредит беру мерзімі – 180 айға дейін;
Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкін (бұдан әрі – Даму институты) ішкі құжаттарына сәйкес "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" бағдарламасының кіші бөліміне сәйкес пилоттық жоба шеңберінде тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша кредит беру мерзімі;
ЕДБ-ға жүгінген қарыз алушыда сатып алынатын тұрғын үй құнының 30 %-нан кем және/немесе сатушыға қаражат төлеу туралы растайтын құжаттарының және/немесе қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаға тиесілі тұрғын үй жылжымайтын мүлігінің тең бағалы қосымша кепілі қаражатының болуы;
Даму институтқа жүгінген қарыз алушының банк шотында сатып алынатын тұрғын үй құнының кемінде 30 % -ы мөлшерінде қаражатының болуы;
нысаналы мақсаты – бастапқы тұрғын үйді сатып алу;
Астана және Алматы қалаларында тұрғын үй сатып алу кезінде субсидиялауға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызының ең жоғарғы сомасы– 20 млн. теңгеге дейін, ал басқа өңірлерде – 15 млн. теңгеге дейін қоса алғанда;
"Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" бағдарламасының кіші бөліміне сәйкес пилоттық жоба шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде субсидиялауға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызының ең жоғарғы сомасы қоса алғанда 20 млн. теңгеге дейін құрайды;
ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу ЕДБ-нің ішкі қағидаларына сәйкес есептелген ай сайынғы аннуитеттік немесе сараланған төлемдермен және қарызды өтеудің өзге де әдістерімен әрбір айдың 10 (оныншы) күні жүзеге асырылады (егер өтеу күні демалыс не мереке күніне сәйкес келсе, өтеу одан кейінгі жұмыс күніе жүргізіледі).";
17 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" бағдарламасының міндеті шеңберінде алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздары бойынша 5 (бес) жыл өткеннен кейін, сондай-ақ тұрғын үй қарызына көшкен кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылады. даму институттың бағдарламаның көрсетілген бағыты бойынша қатысатын кезекте тұрғандарға даму институттың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жеке тұрғын үйді сатып алу үшін қарыздар береді.";
33 және 34 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Қаржы агентіне қаражатты аударуды уәкілетті орган қаржы агентінің арнайы шотына қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес олардың арасында жасалатын қаражатты аудару шарты негізінде жүзеге асырады.
34. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеуге арналған субсидияларды төлеу үшін қаржы агентінің арнайы шотынан түскен қаражат ЕДБ-нің бірінде ашылған қаржы агентінің операторлық ағымдағы шотына бірыңғай траншпен аударылады.";
мынадай мазмұндағы 60 тармақпен толықтырылсын:
"60. Квазимемлекеттік сектор субъектісіне көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-6-бабының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесіне сәйкес уәкілетті орган мен квазимемлекеттік сектор субъектісі арасында қызметтер көрсетуге жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.";
осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4 қосымшалар 1, 2, 3 және 4 қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесімен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он сегізінші, жиырмасыншы және жиырма алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агентігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
Кредиттік құжаттама үшін мәліметтер тізбесі
1 | ЕДБ атауы |
2 | ЕДБ-дегі қарыздың бірегей коды |
3 | Қарыз алушының деректері (Т.А.Ә. (болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың № және күні, жеке куәлігі, ЖСН) |
4 | Нысаналы мақсаты |
5 | Банктік қарыз шарты |
6 | Банктік қарыз шарты бойынша сома |
7 | Банктік қарыз валютасы |
8 | Сыйақы мөлшерлемесі, субсидияланатын мөлшерлеме |
9 | Банктік қарыз шартының мерзімі |
10 | Қарыз бойынша қамтамасыз ету (кепіл бойынша деректер) |
11 | Төлемдер кестесі (қайта есептеу күні, негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы) |
20__ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша қарыз алушылардың ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша міндеттемелерін орындауы туралы тізілім
ЕДБ атауы ________________________
ЕДБ-дегі қарыздың бірегей коды | Өңір атауы |
Қарыз алушының | ЖСН | Банктік қарыз шарты | |||||
нөмірі | күні | сомасы | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |||
Сыйақы мөлшерлемесі, % | Субсидиялау шарты | ||||||||
субсидияланатын бөлік | субсидияланбайтын бөлік | нөмірі | күні | ||||||
9 | 10 | 11 | 12 |
Өтеу күні | Төлемдер кестесі бойынша өтеу | Мерзімі өткен берешекті өтеу | ||||||
Төлем кестесі бойынша | факт бой-ынша | негізгі борыш | сыйақы мөлшер-лемесінің субси-диялан-байтын бөлігі | Сыйақының субси-диялан-атын бөлігі | негізгі борыш | сыйақы мөлшер-лемесінің субси-диялан-байтын бөлігі | сыйақы-ның субси-диялан-атын бөлігі | |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | |
Толық/ішінара мерзімінен бұрын өтеу | Ескертпе | |||||||
негізгі борыш | сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі | сыйақының субсидияланатын бөлігі | ||||||
21 | 22 | 23 | 24 |
Лауазымды тұлға ______________________________________________
Т.А.Ә. ( бар болған жағдайда) (қолы, ЕДБ мөрі)
Жауапты жұмыскер _____________________________________________
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсынылады.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан өтеусіз негізде интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: субсидиялар қаражатын игеру жөніндегі жиынтық ақпарат және өңірлер бөлінісінде субсидиялар қаражатын пайдалану жөніндегі толық ақпарат.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан индексі өтеусіз негізде (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ПС-34-03.
Жиілігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: ____________20___жылы
Жинауға арналған нысанды білдіретін адамдар тобы өтеусіз негізде әкімшілік деректер: "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 - күніне дейін.
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде
20____жылғы "___" ___________ жағдай бойынша (есепті кезеңнен кейінгі тоқсанның 1-күні) _______жылдан ___________ жылға дейінгі кезеңде субсидиялар қаражатын игеру бойынша жиынтық ақпарат
Р/Б № | ЕДБ атауы | Аймақтың атауы | оның ішінде: | Барлығы аударылған субсидиялар, мың теңге | ||||||
Субсидияланған ипотекалық портфель сомасы, мың теңге | Субсидияланғандар саны ипотекалық тұрғын үй қарыздары, мың бірлік | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||||
оның ішінде: | Бұрын мерзімі өткен қарыздар бойынша өтелді, мың теңге | оның ішінде: | ||||||||
есепті кезеңнің басында жасалған қолданыстағы субсидиялау шарты бойынша | ЖТС | есепті тоқсанда жасалған субсидия-лау шарты бойынша | ЖТС | есепті кезеңнің басында жасалған қолданыс-тағы субсидиялау шарты бойынша | есепті тоқсанда жасалған субсидиялау шарты бойынша | |||||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Төленетін субсидиялардың қалдығы, мың теңге (3-6-11-бағандар) | оның ішінде: | Ескертпе | |
есепті кезеңнің басында жасалған қолданыстағы субсидиялау шарты бойынша | есепті тоқсанда жасалған субсидиялау шарты бойынша | ||
14 | 15 | 16 | 17 |
"Субсидиялар қаражатын игеру жөніндегі жиынтық ақпаратқа" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанына қосымша |
"Субсидиялар қаражатын игеру жөніндегі жиынтық ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1. Нысанның 1 бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;
2. Нысанның 2-бағанында субсидияланатын қарыздар берген Екінші деңгейдегі банктердің атауы көрсетіледі;
3. Нысанның 3 бағанында субсидиялаудың барлық кезеңі үшін субсидиялар сомасы көрсетіледі (теңгемен);
4. Нысанның 4-бағанында есепті кезеңге дейін жасалған шарттар бойынша субсидиялаудың барлық кезеңі үшін субсидиялар сомасы көрсетіледі (теңгемен);
5. Нысанның 5-бағанында есепті тоқсанда жасалған шарттар бойынша субсидиялаудың барлық кезеңі үшін субсидиялар сомасы көрсетіледі (теңгемен);
6. Нысанның 6 бағанында аударылған субсидиялардың және жеке табыс салығының жалпы сомасы көрсетіледі (теңгемен);
7. Нысанның 7-8-бағандарында есепті кезеңге дейін жасалған шарттар бойынша аударылған субсидиялардың және жеке табыс салығының жалпы сомасы көрсетіледі (теңгемен);
8. Нысанның 9-10-бағандарында есепті тоқсанда жасалған шарттар бойынша аударылған субсидиялардың және жеке табыс салығының жалпы сомасы көрсетіледі (теңгемен);
9. Нысанның 11-бағанында бұрын мерзімі өткен қарыздар бойынша өтелген субсидиялар сомасы көрсетіледі (теңгемен);
10. Нысанның 12-бағанында есепті кезеңге дейін жасалған шарттар бойынша бұрын мерзімі өткен қарыздар бойынша өтелген субсидиялар сомасы көрсетіледі (теңгемен);
11. Нысанның 13-бағанында есепті тоқсанда жасалған шарттар бойынша бұрын мерзімі өткен қарыздар бойынша өтелген субсидиялар сомасы көрсетіледі (теңгемен);
12. Нысанның 14-бағанында болашақ кезеңдерде төлеуге жататын субсидиялар қалдығының сомасы көрсетіледі (теңгемен);
13. Нысанның 15-бағанында есепті кезеңге дейін жасалған шарттар бойынша болашақ кезеңдерде төлеуге жататын субсидиялар қалдығының сомасы көрсетіледі (теңгемен);
14. Нысанның 16-бағанында есепті тоқсанда жасалған шарттар бойынша болашақ кезеңдерде төлеуге жататын субсидиялар қалдығының сомасы көрсетіледі (теңгемен);
15. Нысанның 17-бағанында ескертулер (болған жағдайда) көрсетіледі.
Нысан
20___жылғы "___" ________ жағдай бойынша өңірлер бөлінісінде (есепті кезеңнен кейінгі тоқсанның 1-күніне) субсидиялар қаражатының пайдаланылуы бойынша талдама
Р/с | ЕДБ атауы | Өңір атауы | Субсидия-ланған ипотекалық портфельдің сомасы, мың теңге | Субсидия-ланған ипотекалық тұрғын үй қарыздарының саны, мың бірлік | оның ішінде: | |||
есепті кезеңнің басында жасалған қолданыстағы субсидиялау шарты бойынша | есепті тоқсанда жасалған субсидия-лау шарты бойынша | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||
Аударылған субсидиялар сомасы, мың теңге | оның ішінде: | Ескертпе | ||||||
есепті кезеңнің басында жасалған қолданыстағы субсидиялау шарты бойынша | есепті тоқсанда жасалған субсидиялау шарты бойынша | |||||||
8 | 9 | 10 | 11 |
"Өңірлер бөлінісінде субсидиялар қаражатын пайдалану жөніндегі таратып жазу" әкімшілік деректерді жинауға рналған нысанына қосымша |
"Өңірлер бөлінісінде субсидиялар қаражатын пайдалану жөніндегі таратып жазу" нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1. Нысанның 1 бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;
2. Нысанның 2-бағанында субсидияланатын қарыздар берген Екінші деңгейдегі банктердің атауы көрсетіледі;
3. Нысанның 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына (АТО) сәйкес субсидияланатын қарыздар берілген өңірдің атауы көрсетіледі;
4. Нысанның 4-бағанында субсидиялауға жататын қарыздардың сомасы көрсетіледі (теңгемен);
5. Нысанның 5-бағанында субсидиялауға жататын қарыздар саны көрсетіледі;
6. Нысанның 6-бағанында есепті кезеңге дейін жасалған шарттар бойынша субсидиялауға жататын қарыздардың сомасы көрсетіледі (теңгемен);
7. Нысанның 7-бағанында есепті тоқсанда жасалған шарттар бойынша субсидиялауға жататын қарыздардың сомасы көрсетіледі (теңгемен);
8. Нысанның 8 бағанында аударылған субсидиялардың жалпы сомасы көрсетіледі (теңгемен);
9. Нысанның 9-бағанында есепті кезеңге дейін жасалған шарттар бойынша аударылған субсидиялардың жалпы сомасы көрсетіледі (теңгемен);
10. Нысанның 10-бағанында есепті тоқсанда жасалған шарттар бойынша аударылған субсидиялардың жалпы сомасы көрсетіледі (теңгемен);
11. Нысанның 11-бағанында ескертулер көрсетіледі (болған жағдайда)
Атауы _________________ Мекен-жайы ______________________
_______________________________ __________________________
____________________________
Телефон ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы
_______________________________________
Орындаушы
______________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
______________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) қолы, телефоны
Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсынылады.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан өтеусіз негізде интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: Қабылданған міндеттемелер және субсидиялау үшін қаражаттың болжамды қалдығы бойынша есеп.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан индексі өтеусіз негізде (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ПС-34-04.
Жиілігі: ай сайын
Есепті кезең: ____________20___жылы
Жинауға арналған нысанды білдіретін адамдар тобы өтеусіз негізде әкімшілік деректер: "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 - күніне дейін.
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: электронды түрде
20___жылғы "____" ____________ субсидиялауға арналған қабылданған міндеттемелер мен қаражаттың болжамды қалдығы бойынша есеп
Р/с | Кезең басын-дағы қалдық | Ағымдағы жылға түскен қаражат | Аудар-ылды | Кезең соңын-дағы қалдық | Төленген субсидия-сыз субсидиялаудың барлық кезеңінде субсидиялар бойынша қабылданған міндеттемелердің қалдығы |
Субсидиялауға арналған қаражаттың болжамды қалдығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
"Қабылданған міндеттемелер бойынша есеп және субсидиялауға арналған қаражаттың болжамды қалдығы" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанына қосымша |
"Қабылданған міндеттемелер бойынша есеп және субсидиялауға арналған қаражаттың болжамды қалдығы" нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1. Нысанның 1 бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;
2. Нысанның 2 бағанында есепті кезеңнің басына субсидиялауға арналған қаражат қалдығы көрсетіледі (теңгемен);
3. Нысанның 3-бағанында ағымдағы жылы республикалық бюджеттен түскен субсидиялауға арналған қаражат сомасы көрсетіледі (теңгемен);
4. Нысанның 4-бағанында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын субсидиялау үшін екінші деңгейдегі банктерге аударылған субсидиялар сомасы көрсетіледі (теңгемен);
5. Нысанның 5 бағанында есепті кезеңнің соңына субсидиялауға арналған қаражат қалдығы көрсетіледі (теңгемен);
6. Нысанның 6-бағанында шарттар бойынша болашақ кезеңдерде төлеуге жататын субсидиялар қалдығының сомасы көрсетіледі (теңгемен);
7. Нысанның 7-бағанында болашақ кезеңдерде шарттар бойынша төлеу үшін республикалық бюджеттен түсуге тиіс субсидиялар сомасы көрсетіледі (теңгемен).
Атауы _________________ Мекен-жайы ______________________
_______________________________ __________________________
____________________________
Телефон ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы ______________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
______________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) қолы, телефоны
Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесі
1. Осы Әдістеме "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-6-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 04 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 10) және 484) тармақшаларына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің ипотекалық тұрғын үй қарыздарын субсидиялау жөніндегі қызметтер құнын есептеу тетігін айқындайды.
2. Құн есебі субсидияланатын шарттарға қызмет көрсетудің бизнес-процесіне, қаржылық және сақтандыру қызметтеріндегі орташа айлық номиналды жалақы бойынша ресми статистикалық ақпаратқа, жұмыс уақытының балансына және үстеме шығыстардың нормативтік коэффициентіне (пайдалану, материалдық, міндетті аударымдар және қосылған құн салығын және өзге де шығыстарды қоса алғанда, мемлекеттік бюджетке төленетін төлемдер) негізделеді.
3. Квазимемлекеттік сектор субъектілері сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жөніндегі қызметтер құнының есебі алдағы жоспарланатын кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру шеңберінде бюджеттік өтінімдер жасалған кезде жыл сайын жүргізіледі. Екінші деңгейдегі банктер, квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметтер құнының есебін жүргізу үшін деректерді жеткізушілер болып табылады.
4. Халықтың ипотекалық қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жөніндегі қызметтердің құны мынадай формула бойынша (С) айқындалады :
С=Воп*Кпп*Х
мұндағы,
Воп – шарттарға қызмет көрсету бойынша жұмыстардың құны, теңгемен;
Кпп – субсидияланатын шарттардың саны, бірліктерде (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ӨҚМ) әкімшілік деректері);
Х – қызмет көрсету айларының саны.
мұндағы, шарттарға қызмет көрсету бойынша жұмыстардың құны былайша айқындалады:
Воп = Pбп * Zзп/V*кo
мұндағы,
Pбп – бизнес-процестің ұзақтығы, сағатпен (ҚР ӨҚМ әкімшілік деректері);
Zзп – қаржы және сақтандыру қызметтеріндегі орташа айлық атаулы жалақы, теңгемен (Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының ресми статистикалық ақпараты);
V – жұмыс уақытының балансы, орташа жұмыс сағаттарында (Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің әкімшілік деректері);
кo – 2,9 (ҚР ӨҚМ әкімшілік деректері) деңгейінде белгіленген үстеме шығыстардың коэффициенті (ҚҚС және басқа шығыстарды қоса алғанда, пайдалану, материалдық, міндетті аударымдар және бюджетке төлемдер).