Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмектің тізбесі мен көлемін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 5 наурызда № 35783 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 83-бабының 2-тармағы, 2-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмектің тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмектің көлемі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 4 наурыздағы
№ 15 Бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмектің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және идентификацияланған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға кепілдендірілген тегін медициналық көмек бекітілген тізімге сәйкес көрсетіледі:

      1) жедел медициналық жәрдем;

      2) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК), оның ішінде:

      кезек күттірмейтін жағдайларда диагностикалау, емдеу;

      репродуктивтік денсаулықты сақтау жөніндегі іс-шаралар (фертильді жастағы әйелдерді қарап-тексеру кабинетіне, акушер-гинекологқа қарап-тексеруге жіберу, отбасын жоспарлау және контрацепция мәселелері бойынша консультация беру, репродуктивтік жастағы әйелдерді контрацепциямен қамтамасыз ету);

      жүкті әйелдерді байқау және босанғаннан кейінгі кезеңде босанған әйелдерді байқау;

      инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар;

      3) амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

      АИТВ инфекциясының және туберкулездің профилактикасы мен диагностикасы;

      жарақаттанған, уланған кезде немесе басқа да кезек күттірмейтін жағдайларда көрсетілетін қызметтер;

      "Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 108 бұйрық) сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі диагностикалау және емдеу;

      4) стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеу кезінде стационарлық жағдайда мамандырылған медициналық көмек көрсетілетін инфекциялық, паразиттік аурулар және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-162/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21537 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 162 бұйрық) сәйкес айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия таратушыларды, вирус таратушыларды және айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;

      № 162 бұйрыққа сәйкес инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;

      "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) сәйкес МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу кезінде;

      5) "Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатураларын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21478 болып тіркелген) сәйкес стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде қан, оның компоненттері және қан препараттары номенклатурасына сәйкес медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету кезінде;

      6) дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету:

      денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық жағдайларда жедел жәрдем, сондай-ақ мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітілген "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы" оларға қарсы профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес МСАК көрсету кезінде;

      № 108 бұйрықпен бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесіне сәйкес МСАК көрсету кезінде.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 4 наурыздағы
№ 15 Бұйрығына
2-қосымша/

Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмектің көлемі

Р/с №

Медициналық көрсетілетін қызметтердің коды

Медициналық көрсетілетін қызметтердің атауы

Медициналық көмектің көлемі

Консультациялық қабылдау


1

A02.001.000

Терапевт

Жылына 2 рет

2

A02.002.000

Педиатр

Жылына 2 рет

4

A02.013.000

Хирург

Жылына 1 рет

5

A02.020.000

Инфекционист

Жылына 2 рет

6

A02.023.000

Офтальмолог

Жылына 1 рет

7

A02.012.000

Гастроэнтеролог

Жылына 1 рет

8

A02.014.000

Оториноларинголог

Жылына 2 рет

9

A02.016.000

Пульмонолог

Жылына 2 рет

10

A02.046.000

Психиатр

Жылына 1 рет

11

A02.074.000

Рентгенолог (2 рентгенограмманы оқу)

Жылына 1 рет

12

A02.032.000

Травматолог-ортопед

Жылына 2 рет

13

A02.044.000

Фтизиатр

Жылына 1 рет

14

A02.004.000

Акушер-гинеколог

Жылына 2 рет

Зертханалық диагностика


15

B03.335.003

Экспресс әдіспен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау

Жылына 2 рет

16

B02.111.002

Жасушаның 3 классқа жіктелуімен талдауыштағы жалпы қан талдауы

Жылына 2 рет

17

B01.077.001

Несепті қол әдісімен жалпы клиникалық зерттеу (жалпы несеп талдауы)

Жылына 2 рет

18

B01.054.001

КБ-ға қол әдісімен жиналатын қақырық бактериоскопиясы

Жылына 1 рет

19

B06.855.005

ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы АИТВ 1,2-ге және p24 антигеніне жинақталған антиденені анықтау

Жылына 1 рет

20

B09.858.020

ПТР әдісімен қан плазмасындағы АИТВ 1-ге РНҚ-ны сандық анықтау

Жылына 1 рет

Ультрадыбыстық және рентгенологиялық диагностика


21

C03.008.004

Кешенді ультрадыбыстық диагностика (бауыр, өт жолдары, ұйқы безі, көк бауыр, бауыр)

Жылына 1 рет

22

C03.019.005

Кеуде қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы (1-проекциясы)

Жылына 1 рет

23

C02.020.000

Электроэнцефалография

Жылына 1 рет

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы

      КБ – Кох бацилласы

      ИФТ – иммундық-ферменттік талдау

      ПТР – полимеразды тізбекті реакция

      РНК – рибонуклеин қышқылы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады