БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21710 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 36-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесінде:
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) құрамындағы радиоактивті заттар "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына (бұдан әрі – Ереже) сәйкес нормативтік құқықтық актілердің талаптарында көзделген гигиеналық нормативтермен регламенттелетін құрылыс шикізаты және материалдары, оның ішінде қайта өңдеуге және халық шаруашылығында пайдалануға арналған өндірістік қалдықтар, қара және түсті металл сынықтары (металл сынығы);";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ұйымдастырылған ұжымдардағы (мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері, балалар үйі, балалар мен жасөспірімдерге білім беру және тәрбиелеу объектілері, интернат ұйымдары, сауықтыру, санаториялық объектілер, денсаулық сақтау объектілері, оңалту орталықтары, медициналық-әлеуметтік оңалту объектілері: интернат үйлері, оңалту орталықтары, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары; вахталық кенттер, өнеркәсіптік объектілер, құрылыс алаңдары) қоғамдық тамақтану және сауда объектілері;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) мынадай:
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) Бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесінің 15-тармағында көзделген амбулаториялық-емханалық көмектің, консультациялық-диагностикалық көмектің барлық кіші түрлерін көрсететін;
Заңға Бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесінің 15-тармағында көзделген стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын медициналық көмектің барлық кіші түрлерін көрсететін;
стоматологиялық қызметтерді көрсететін;
еңбекке уақытша жарамсыздықты және кәсіптік жарамдылықты сараптау қызметін көрсететін денсаулық сақтау объектілері;
донорлық, қанды, оның компоненттерін дайындау және қан препараттарын өндіру саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар;";
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"29) "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-2 бұйрығы) сәйкес қауіптіліктің 1 және 2-сыныптарына жататын қызмет түрлері; өнеркәсіптік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылған радиорелелік станциялар мен таратушы радиотехникалық объектілерді; қоныстану аумағы мен елді мекендерден тыс жерлердегі, сондай-ақ құрылықтағы жылжымалы радиобайланыс құралдарын, жылжымалы объектілерде орналасқан теңіз, өзен және әуедегі жылжымалы радиобайланыс құралдарын қоспағанда, радиожиілік диапазоны 30 килоГерцтен (бұдан әрі – кГц) бастап 300 гигаГерцке (бұдан әрі – ГГц) дейінгі стационарлық таратушы радиотехникалық объектілер (байланыс, радиобайланыс, радиохабар тарату, теледидар, радиолокация және радиобасу құралдары);
38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"38) мынадай:
патогендігі I-IV топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын;
Заңға Бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесінің 15-тармағында көзделген кіші түрлер бойынша зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын зертханалар;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) осы Тізбенің 3-тармағының 11) тармақшасында көзделген объектілерді қоспағанда, ересектерге арналған оңалтуды жүзеге асыратын объектілер;";
20) және 21) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"20) паллиативтік көмек және үйде мейіргер күтімін, оның ішінде мобильді бригадаларды пайдалана отырып көрсететін денсаулық сақтау объектілері;
21) дәстүрлі медицина және емшілік объектілері (гомеопатия, гирудотерапия, мануальды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғи құралдармен емдеу);";
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"25) әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым объектілері (мәдени-ойын-сауық объектілері, зираттар, жерлеу мақсатындағы объектілер, адамдар уақытша тұратын объектілер (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар, хостелдер), әкімшілік, тұрғын (тұрғын үйлер) ғимараттар, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, кеңселерді пайдалану бойынша ұйымдар, тұрғын үйлерді басқаратын ұйымдар, үй-жайлардың меншік иелерінің кооперативтері, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және шығаруды жүзеге асыратын ұйымдар, контейнер алаңдары, қоғамдық дәретханалар, кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тазарту құрылыстары);";
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"28) ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес қауіптіліктің 3-5-сыныптарына жататын қызмет түрлері; өнеркәсіптік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарда; қоныстану аумағы мен елді мекендерден тыс жерлерде орналастырылған радиожиілік диапазоны 30 кГц-тен 300 ГГц-ке дейінгі стационарлық таратушы радиотехникалық объектілер (байланыс, радиобайланыс, радиохабар тарату, теледидар, радиолокация және радиобасу құралдары) және радиорелелік станциялар, сондай-ақ құрлықтағы жылжымалы радиобайланыс, жылжымалы объектілерде орналастырылған теңіз, өзен және әуедегі жылжымалы радиобайланыс құралдары;";
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"30) Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің талаптарында көзделгеннен белсенділігінің мәні барынша төмен иондаушы сәулелену көздері бар радиациялық объектілер, радиоактивті қалдықтар;";
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"35) осы Тізбенің 3-тармағының 38) тармақшасында көзделген зертханаларды қоспағанда, зертханалардың барлық түрлері;";
38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"38) арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер;";
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі