"Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 574 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 наурызда № 35806 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 574 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23080 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидалары, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттары:

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 12 наурыздағы
№ 117 бұйрыққа
қосымша
  Аудиторлық ұйымдардың
сапасына сыртқы бақылау
жүргізудің үлгілік қағидалары,
оның ішінде аудиторлық және
кәсіби ұйымдарды тексеру
өлшемшарттарына
қосымша

Бағалауды тұжырымдау

Баға

1.

Аудиторлық ұйымның қызметі аудиттің сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін жеткілікті және Халықаралық аудит стандарттары мен Әдеп кодексінің (бұдан әрі – ХАС және ӘК) талаптарын сақтауға бағытталған

5

2.

Аудиторлық ұйым барлық маңызды аспектілерде ХАС және ӘК талаптарын сақтайды

4

3.

Аудиторлық ұйым, анықталған кемшіліктерге байланысты аудиторлық қызметтер сапасын қамтамасыз ету үшін ұйымдық реформалар жүргізгені жөн. Анықталған кемшіліктер ХАС және ӘК талаптарының толық сақталмауы туралы айтуға мүмкіндік береді

3

4.

Аудиторлық ұйым ХАС және ӘК талаптарын бұзды

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады