БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20213 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Пестицидтерді тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32940 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, саны ЗЭШ-ден жоғары саяқ шегірткетектестердің қоныстану орындарын химиялық өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жергілікті атқарушы органдар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу туралы заң) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу қағидалары) сәйкес жүзеге асырады.
Пестицидтер, оларды сақтау, тасымалдау, саны ЗЭШ-ден жоғары саяқ шегірткетектестердің қоныстану орындарын химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер бір лотпен сатып алынады.";
16-тармақ алып тасталсын;
17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Өңдеуге жататын саны ЗЭШ-ден жоғары саяқ шегірткетектестердің таралу алаңдарын Әдістемелік орталық уәкілетті орган ведомствосының облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша айқындайды және келісілгеннен кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде жергілікті атқарушы органдарға және жеткізушілерге координаттарын көрсете отырып ұсынады.
18. Саяқ шегірткетектестердің қоныстану орындарын химиялық өңдеуді көрсетілетін қызметті жеткізушілер пестицидтерді қолдану регламентінің талаптарына сәйкес қоныстану орындарын авиациялық және (немесе) жерүсті тәсілдерімен, өлшеу аспаптарымен (термометрмен, анемометрмен) жарақтандырылған арнайы бүріккіш техникамен, GPS-трекермен және жұмыс ерітіндісінің тұрақты араластырылуын қамтамасыз ететін жабдықпен бүрку жолымен жүзеге асырады.
19. Саны ЗЭШ-ден жоғары саяқ шегірткетектестердің қоныстану орындарына химиялық өңдеу жүргізуге арналған арнайы техникаға қажеттілікті есептеу ауа райы-климаттық, географиялық жағдайлар мен жергілікті жер бедерін ескере отырып, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде мынадай өндіру нормасымен жүзеге асырылады:
аса жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 800 гектар;
жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 800 гектар;
пилотсыз авиациялық жүйелер бойынша – тәулігіне 50 гектар;
күштік қондырғысы бар аэрозоль генераторлары бойынша 180 ат күшіне дейін – тәулігіне 750 гектар;
күштік қондырғысы бар аэрозоль генераторлары бойынша 180 ат күшіне дейін – тәулігіне 300 гектар;
жерүсті желдеткішті және штангалық бүріккіштер бойынша – тәулігіне 100 гектар;
барлық модификациядағы жерүсті атомайзерлік, ультра аз көлемді бүріккіштер бойынша – тәулігіне 150 гектар;
аспалы бүріккіштер бойынша – тәулігіне 5 гектар.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Үйірлі шегірткетектестерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шаралар:
1) саны ЗЭШ-ден жоғары үйірлі шегірткетектестерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін пестицидтер сатып алуды, сондай-ақ пестицидтер қорын қалыптастыруды, сақтау мен жаңартып отыруды;
2) саны ЗЭШ-ден жоғары үйірлі шегірткетектестерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы пестицидтерді сақтау мен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
3) саны ЗЭШ-ден жоғары үйірлі шегірткетектестердің (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қоныстану орындарына химиялық өңдеу жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қамтиды.
Пестицидтер, оларды сақтау, тасымалдау, үйірлі шегірткетектестердің (азиялық, мароккалық және итальяндық прус) қоныстану орындарын химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер бір лотпен сатып алынады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Саны ЗЭШ-ден жоғары үйірлі шегірткетектестердің (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қоныстану орындарына химиялық өңдеулер жүргізуге арналған арнайы техникаға қажеттілікті есептеу ауа райы-климаттық, географиялық жағдайлар мен жергілікті жер бедерін ескере отырып, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде техниканың 1 бірлігіне мынадай өндіру нормасымен жүзеге асырылады:
аса жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 800 гектар;
жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 800 гектар;
пилотсыз авиациялық жүйелер бойынша – тәулігіне 50 гектар;
күштік қондырғысы бар аэрозоль генераторлары бойынша 180 ат күшіне дейін – тәулігіне 750 гектар;
күштік қондырғысы бар аэрозоль генераторлары бойынша 180 ат күшіне дейін – тәулігіне 300 гектар;
жерүсті желдеткішті және штангалық бүріккіштер бойынша – тәулігіне 100 гектар;
барлық модификациядағы жерүсті атомайзерлік, ультра аз көлемді бүріккіштер бойынша – тәулігіне 150 гектар;
аспалы бүріккіштер бойынша – тәулігіне 5 гектар.";
27-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
"27-1. Өңдеуге жататын саны ЗЭШ-ден жоғары үйірлі шегірткетектестердің (азиялық, мароккалық және итальяндық прус) таралу алаңдарын Әдістемелік орталық айқындайды және таралу алаңы анықталған кезден бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде уәкілетті орган ведомствосының облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумақтық бөлімшелеріне және жеткізушілерге координаттарын көрсете отырып, ұсынады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Үйірлі шегірткетектестердің (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қоныстану орындарын химиялық өңдеуді көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер фитосанитариялық нормативтерге және пестицидтерді қолдану регламентінің талаптарына сәйкес қоныстану орындарын авиациялық және (немесе) жерүсті тәсілдерімен, өлшеу аспаптарымен (термометрмен, анемометрмен) жарақтандырылған арнайы бүріккіш техникамен, GPS-трекермен және жұмыс ерітіндісінің тұрақты араластырылуын қамтамасыз ететін жабдықпен бүрку жолымен жүзеге асырады.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Султанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі