"Өсімдіктер карантині саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 20 ақпандағы № 57 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 11 наурыздағы № 11 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 13 наурызда № 35811 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Өсімдіктер карантині саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12740 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген өсімдіктер карантині саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3 және 4-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 5-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин
     
      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
Е. Кенжеханұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 11 наурыздағы
№ 11 мен
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 ақпандағы
№ 57 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Өсімдіктер карантині
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшартарына
1-қосымша

Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді және (немесе) фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімнен алынған өнімді өндіруді, дайындауды, сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктер карантині саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі

Р/с №

Бұзу өлшемшарттары

Бұзу дәрежесі

1

2

3

1.

Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесін карантиндік объектілердің анықталғаны туралы хабардар етпеу

өрескел

2.

Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторына карантинге жатқызылған өнімнің келіп түскенін хабарламау немесе оны тексеру үшін көрсетпеу

өрескел

3.

Карантиндік объектілермен және (немесе) карантинге жатқызылған өнімнің бөтен текті түрлерімен залалданған (ласталған) карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы

өрескел

4.

Карантиндік объектілердің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдігінен айыру технологиясы бойынша залалданған карантинге жатқызылған өнімді өңдегеннен кейін алынған өнімде өміршең карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы

өрескел

5.

Бақылау және қадағалау субъектісінің меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы карантинге жатқызылған объектілерде, жер учаскелерінде (алқаптарында) карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы

өрескел

6.

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнім партиясына экспорттаушы елдің ұлттық карантин қызметінің фитосанитариялық сертификатының болмауы

өрескел

7.

Қазақстан Республикасының аумағынан фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнім партиясын әкету кезінде фитосанитариялық сертификаттың болмауы

өрескел

8.

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнім партиясына кері экспорттаушы елдің ұлттық карантин қызметінің кері экспорттық фитосанитариялық сертификатының болмауы

өрескел

9.

Карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілмеуі

өрескел

10.

Қазақстан Республикасының аумағына азық-түліктік, азықтық және техникалық мақсаттарға пайдалану үшін әкелінген дәнді, дәнді-бұршақты, майлы дақылдарды тұқымдық мақсаттарға пайдалануға жол беру

өрескел

11.

Карантиндік арамшөптермен ласталған тұқымдық немесе отырғызылатын материалды себу үшін пайдалануға жол беру

өрескел

12.

Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салулардың немесе шектеулердің бұзылуына жол беру

өрескел

13.

Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалданған көлік құралдарын әкелу

өрескел

14.

Карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді өткізуге жол беру

өрескел

15.

Карантиндік фитосанитариялық аймақтан карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді әкетуге тыйым салулардың немесе шектеулердің бұзылуына жол беру

өрескел

16.

Карантинге жатқызылған өнімді сақтау немесе қайта өңдеу жүзеге асырылатын қойма үй-жайларына жыл сайынғы профилактикалық залалсыздандыруды жүргізу туралы мәліметтердің болмауы

өрескел

17.

Зертханалық сараптама нәтижелерін алғанға дейін отырғызылатын немесе тұқымдық материалды пайдалануға жол беру

елеулі

18.

Зертханалық сараптама нәтижелерін алғанға дейін импорттық отырғызылатын немесе тұқымдық материалды сақтау шарттарының сақталмауы

елеулі

19.

Карантинге жатқызылған өнімді таңбалаудың болмауы

елеулі

20.

Қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты егістіктерді, аумақтарды, қоймаларды жүйелі түрде зерттеп-қараудың жүргізілмеуі

елеулі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 11 наурыздағы
№ 11 мен
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 ақпандағы
№ 57 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Өсімдіктер карантині
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
3-қосымша

Ағаштан жасалған буып-түю материалын таңбалауды және залалсыздандыруды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктер карантині саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі

Р/с №

Бұзу өлшемшарттары

Бұзу дәрежесі

1

2

3

1.

Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін карантиндік объектілердің анықталғаны туралы хабардар етпеу

өрескел

2.

Залалсыздандырылған ағаштан жасалған буып-түю материалында карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы

өрескел

3.

Бақылау және қадағалау субъектісінің меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы карантинге жатқызылған объектілерде, жер учаскелерінде (алқаптарында) карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы

өрескел

4.

Карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеу; ағаш қаптама материалын зарарсыздандыру және таңбалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға есепке алу нөмірінің болмауы

өрескел

5.

Карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілмеуі

өрескел

6.

Карантинге жатқызылған өнімді сақтау немесе қайта өңдеу жүзеге асырылатын қойма үй-жайларына жыл сайынғы профилактикалық залалсыздандыруды жүргізу туралы мәліметтердің болмауы

өрескел

7.

Карантинге жатқызылған өнімді таңбалаудың болмауы

елеулі

8.

Карантиндік объектілер таралған аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өнімді карантиндік объектілерден таза аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өніммен бірге сақтаудың немесе тазартудың жүзеге асырылуына жол беру

елеулі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 11 наурыздағы
№ 11 мен
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 ақпандағы
№ 57 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
  Өсімдіктер карантині
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
4-қосымша

Карантиндік арамшөптермен (Striga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) ластанған астықты және оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктер карантині саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі

Р/с №

Бұзу өлшемшарттары

Бұзу дәрежесі

1

2

3

1.

Карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеу; ағаш қаптама материалын зарарсыздандыру және таңбалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға есепке алу нөмірінің болмауы

өрескел

2.

Залалсыздандырылған карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы

өрескел

3.

Бақылау және қадағалау субъектісінің меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы карантинге жатқызылған объектілерде, жер учаскелерінде (алқаптарында) карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы

өрескел

4.

Карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілмеуі

өрескел

5.

Карантинге жатқызылған өнімді сақтау немесе өңдеу жүзеге асырылатын қойма үй-жайларына жыл сайынғы профилактикалық залалсыздандыруды жүргізу туралы мәліметтердің болмауы

өрескел

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 11 наурыздағы
№ 11 мен
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 ақпандағы
№ 57 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 15-05/1138 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 819 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді және (немесе) фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімнен алынған өнімді өндіруді, дайындауды, сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктер карантині саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып

      профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ____________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ___________________________

      _________________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________

Р/с №

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесін карантиндік объектілердің анықталғаны туралы хабардар етпеу

2.

Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторына карантинге жатқызылған өнімнің келіп түскенін хабарламау немесе оны тексеру үшін көрсетпеу

3.

Карантиндік объектілермен және (немесе) карантинге жатқызылған өнімнің бөтен текті түрлерімен залалданған (ласталған) карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы

4.

Карантиндік объектілердің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдігінен айыру технологиясы бойынша залалданған карантинге жатқызылған өнімді өңдегеннен кейін алынған өнімде өміршең карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы

5.

Бақылау және қадағалау субъектісінің меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы карантинге жатқызылған объектілерде, жер учаскелерінде (алқаптарында) карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы

6.

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнім партиясына экспорттаушы елдің ұлттық карантин қызметінің фитосанитариялық сертификатының болмауы

7.

Қазақстан Республикасының аумағынан фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнім партиясын әкету кезінде фитосанитариялық сертификаттың болмауы

8.

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнім партиясына кері экспорттаушы елдің ұлттық карантин қызметінің кері экспорттық фитосанитариялық сертификатының болмауы

9.

Карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілмеуі

10.

Қазақстан Республикасының аумағына азық-түліктік, азықтық және техникалық мақсаттарға пайдалану үшін әкелінген дәнді, дәнді-бұршақты, майлы дақылдарды тұқымдық мақсаттарға пайдалануға жол беру

11.

Карантиндік арамшөптермен ласталған тұқымдық немесе отырғызылатын материалды себу үшін пайдалануға жол беру

12.

Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салулардың немесе шектеулердің бұзылуына жол беру

13.

Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалданған көлік құралдарын әкелу

14.

Карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді өткізуге жол беру

15.

Карантиндік фитосанитариялық аймақтан карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді әкетуге тыйым салулардың немесе шектеулердің бұзылуына жол беру

16.

Карантинге жатқызылған өнімді сақтау немесе қайта өңдеу жүзеге асырылатын қойма үй-жайларына жыл сайынғы профилактикалық залалсыздандыруды жүргізу туралы мәліметтердің болмауы

17.

Зертханалық сараптама нәтижелерін алғанға дейін отырғызылатын немесе тұқымдық материалды пайдалануға жол беру

18.

Зертханалық сараптама нәтижелерін алғанға дейін импорттық отырғызылатын немесе тұқымдық материалды сақтау шарттарының сақталмауы

19.

Карантинге жатқызылған өнімді таңбалаудың болмауы

20.

Қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты егістіктерді, аумақтарды, қоймаларды жүйелі түрде зерттеп-қараудың жүргізілмеуі

      Лауазымды адам (-дар)_____________________ ____________________

      лауазымы                   қолы

      _____________________

      ___________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы ______________ ____________

      лауазымы             қолы

      _____________________________

      ____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 11 наурыздағы
№ 11 мен
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 ақпандағы
№ 57 бірлескен бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 15-05/1138 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 819 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Карантиндік арамшөптермен (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) ластанған астықты және оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктер карантині саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып

      профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ___________________

      _________________________________________________________________________

      Тексеруді/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ___________________________

      __________________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________

      _________________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ___________________________ ___________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеу; ағаш қаптама материалын зарарсыздандыру және таңбалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға есепке алу нөмірінің болмауы

2.

Залалсыздандырылған карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы

3.

Бақылау және қадағалау субъектісінің меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы карантинге жатқызылған объектілерде, жер учаскелерінде (алқаптарында) карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы

4.

Карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілмеуі

5.

Карантинге жатқызылған өнімді сақтау немесе өңдеу жүзеге асырылатын қойма үй-жайларына жыл сайынғы профилактикалық залалсыздандыруды жүргізу туралы мәліметтердің болмауы

      Лауазымды адам (-дар) _____________________ ____________________

      лауазымы                   қолы

      _____________________

      ___________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы______________ ____________

      лауазымы             қолы

      _____________________________

      ____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады