Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қаржылық мониторинг органдарында (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғалар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 3 қарашадағы № 38 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30402 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |