Қаржылық мониторинг органдарында (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғалар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 3 қарашадағы № 38 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 қарашада № 30402 болып тіркелді

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қаржылық мониторинг органдарында (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғалар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 3 қарашадағы
№ 38 бұйрыққа
қосымша

Қаржылық мониторинг органдарында (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғалар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы қағидалар қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру ережелері мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Осы қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

      1) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаларды бейімдеу – құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын адамның кәсіптік дағдыларды игеру, ұйымдық (корпоративтік) мәдениетке баулу, ЭТҚ қызметіне бейілділікті қалыптастыру процесі;

      2) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлға – ЭТҚ қызметіне алғаш рет тұрған және оны келіп түскен күннен бастап бір жыл ішінде өткеретін адам.

      Осы қағидаларда пайдаланылатын барлық өзге терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі.

2-тарау. Тәлімгерлікті жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері

      3. Құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаның атқаратын лауазымы бойынша өзіне жүктелген жедел-қызметтік міндеттерді өз бетінше және сапалы орындауы үшін кәсіби білімді және тұрақты практикалық дағдыларды меңгеру, таңдаған мамандығына қызығушылықты дамыту, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, қызметтің қиындықтарына моральдық-психологиялық орнықтылықты нығайту, тәртіптілік және Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау мақсатында бейімдеу рәсімінен өтуі қажет.

      4. Қалыптасу барысында құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлға бейімделудің келесі кезеңдерінен өтеді:

      1) кәсіптік бейімдеу – өзіне қатысты тәлімгерлік жүзеге асырылатын адамның кәсіптік білім мен дағдылар жүйесін, оларды практикада тиімді қолдану қабілетін меңгеру процесі;

      2) лауазымдық бейімдеу – өзіне қатысты тәлімгерлік жүзеге асырылатын адамның қызметтік іс-әрекет жағдайлары мен режиміне бейімделу, лауазымдық міндеттерін сапалы орындау дағдыларын меңгеру арқылы атқаратын лауазымына бейімделу процесі;

      3) тұлғааралық бейімделу – кәсіби қызығушылықтар мен бейімділіктер негізінде әріптестермен белгілі бір қатынастар құру жолымен топқа қатыстылық сезімін қалыптастыру.

      Сонымен қатар, бұл ретте қарым-қатынас құрылымы, байланыс жүйесі, ұжымның нормалары мен құндылықтары, ұжымдағы жеке тұлғаның мәртебесі объективті факторлар ретінде қарастырылады.

      5. ЭТҚ-ға құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаларды бейімдеуді ұйымдастыру кадр қызметіне, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) аппарат басшысына, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттері (бұдан әрі – аумақтық органдар) бағыт бойынша басшыларының орынбасарларына жүктеледі, олар:

      1) жаңадан қабылданған немесе тағайындалған қызметкерді жеке құрамға ұсынады, тәлімгер тағайындау туралы бұйрықты жариялайды;

      2) оларға жас қызметкерлермен жұмыс жоспарларын құрастыруда әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, олардың орындалуына пәрменді бақылауды қамтамасыз етеді;

      3) тәлімгердің жас қызметкермен бірге қызмет атқаруы, олардың қызметтік міндеттерін орындауы, заңнаманы, қосымша әдебиетті зерделеуі үшін жағдайлар жасайды;

      4) тәлімгерлікті ұйымдастырудың озық тәжірибесін зерделейді және жинақтайды, тәлімгерлік жұмысты одан әрі жетілдіру, оның қызметтік міндеттерді шешудегі рөлін арттыру және заңдылықты сақтау туралы ұсыныстар енгізеді.

      6. Тәлімгерлік ұзақтығы құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаға бір жыл ұзақтығына белгіленеді.

      7. Тәлімгерлікті жүзеге асыру мерзіміне құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлға немесе тәлімгер дәлелді себептермен жұмыста болмаған кезеңдер есептелмейді.

      8. Тәлімгерлер белгілі бір кәсіби тәжірибесі бар және келесі талаптарға сәйкес келетін ЭТҚ қызметкерлерінің ішінен таңдалады:

      1) "1-сыныпты маман-тәлімгер" біліктілік санатының болуы;

      2) құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл еңбек сіңірген;

      3) тәртіптік жазалардың болмауы.

      Көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тәлімгердің кандидатурасы болмаған кезде тәлімгер ретінде құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаның тікелей басшысы бекітіледі.

      9. Қызметкерді тәлімгер ретінде бекіту кадр қызметінің ұсынысы негізінде, Агенттік төрағасының не аумақтық орган басшысының бұйрығымен жас қызметкерді ЭТҚ-ға қызметке қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғамен жұмыс нәтижелері тәлімгердің пікірінде көрсетіледі, олар кадр мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында бағаланады.

      Қарау нәтижелері бойынша Комиссия тарапынан келесі шешімдердің бірі шығаралады:

      1) теріс пікірлерге байланысты алты ай мерзімге қосымша тәлімгерлікке жолдау;

      2) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаның кейбір сипаттамаларын жетілдіру бойынша ұсыным беру;

      3) тәлімгерлік нәтижелерін мақұлдау.

      Комиссия Агенттік (Департамент) басшылығына тәлімгерлердің жұмысын жетілдіру, тәлімгерліктің үздік тәжірибесін тарату, ведомстволық ақпараттық алаңдарда тәлімгерлер жұмысының нәтижелерін, тәлімгерлер туралы пікірлер жариялау бойынша ұсыныстар дайындау.

      10. Тәлімгерлікті тоқтату Агенттік төрағасының не аумақтық орган басшысының бұйрығымен келесі жағдайларда жүргізіледі:

      1) тәлімгерді қаржылық мониторинг органдарынан шығару;

      2) тәлімгерді немесе құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаны басқа аумақтық органға ауыстыру (тағайындау) не басқа құқық қорғау органына іссапарға жіберу;

      3) тәлімгерді немесе құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаны қызметтің басқа ерекшелігіне байланысты басқа лауазымға ауыстырған жағдайларда жүргізіледі.

      Бұл ретте құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлға үшін тәлімгерлікті жүзеге асыру мерзімі өзгермейді.

      11. Тәлімгер олардың алдына қойылған міндеттерге сәйкес:

      1) Құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаға таңдалған кәсіптің дағдыларын игеруге көмек көрсетеді, оған лауазымдық нұсқаулықты түсіндіреді, жеке мысалда қызметтік міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау тәсілдері мен әдістерін көрсетеді, жіберілген қателіктерді анықтайды, уақтылы жояды және бірлесіп талдайды;

      2) сезімталдық пен ұқыптылық танытады, тәкаппарлыққа жол бермейді, құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаның жұмыс нәтижелеріне дұрыс нысанда баға береді;

      3) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаның ерікті, моральдық-адамгершілік және іскерлік қасиеттерін, оның қызметке, ұжымға, азаматтарға деген көзқарасын, тұрмыстық жағдайларын, хоббиін, бейімділігін, бос уақыттық қарым-қатынас шеңберін жан-жақты зерделейді, әлеуметтік мәселелерді талқылауға белсенді қатысады және қызмет атқару кезінде моральдық-психологиялық тұрақтылықты нығайтады;

      4) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаның қызметтік және қоғамдық қызметіне, қызметтен тыс мінез-құлқына байланысты мәселелерді талқылауға қатысады, ЭТҚ басшысына оны көтермелеу, тәрбиелік және тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

      5) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаны ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тартады;

      6) тоқсан сайын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейімделу кезеңі өткеннен кейін кері қайтарып алуды жасайды;

      7) тыңдаушылардың жеке құрамымен және өзге де оқытылатын аудиториясымен сабақ өткізу кезінде дәріскер ретінде қатысады (азаматтық оқу орындары, кәсіптік даярлау жүйесіндегі сабақтар);

      8) кадр мәселелері жөніндегі комиссия отырысында құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаның бейімделу процесі, тәртібі мен мінез-құлқы және оның қалыптасуына өзінің жеке ықпалының нәтижелері туралы есеп береді.

      Бір тәлімгерге екіден артық қызметкер бекітілмейді.

      12. Құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлға:

      1) қызметтің теориялық және практикалық дағдыларын меңгереді;

      2) заңнаманы және ұсынылған әдебиеттерді дербес зерделейді, белгіленген мерзімде жеке жоспарда көзделген іс-шараларды орындайды;

      3) қажетті дағдыларды меңгереді, азаматтармен, әріптестермен, қоғам өкілдерімен кәсіби, сауатты, әдепті қарым-қатынас орнатады;

      4) тәлімгерден жұмыстың барлық озық нысандары мен әдістерін, қойылған міндеттерді практикалық шешуді мұқият үйренеді және тәлімгердің нұсқаулары мен ұсынымдарын уақтылы орындайды;

      5) ұжымның ар-намысын бағалайды, қызметте және қызметтен тыс өзін абыроймен ұстайды, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады.

      13. Осы қағидалардың ережесі аға және жоғары басшы құрам лауазымдарына алғаш рет қабылданатын адамдарға қолданылмайды.

  Қаржылық мониторинг
органдарында (экономикалық
тергеу қызметі) құқық қорғау
қызметіне алғаш рет
қабылданатын тұлғалар үшін
тәлімгерлікті ұйымдастыру
қағидалары мен мерзімдеріне
қосымша
  Нысан

Бейімделу кезеңіндегі жас қызметкердің жұмысы туралы ПІКІР

      (бейімделу кезеңі аяқталғаннан кейін тәлімгер толтырады)

      Жас қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Лауазымы_________________________________________________________

      ЭТҚ қызметке қабылдау күні_________________________________________

      Пікір жазу күні_____________________________________________________


р/б

Сипаттамалары

Айқындылық дәрежесі

Өте елеулі

Елеулі

Орташа

Әлсіз

Өте әлсіз

1.

Сырт келбетін ұқыпты ұстау






2.

мақсаттылық






3.

табандылық






4.

борыш сезімі






5.

жауапкершілік






6.

адалдық






7.

тәртіптілік






8.

өзіне сын көзбен қарау






9.

өзіне деген талапшылдық






10.

ұйымшылдық






11.

ұқыптылық






12.

жинақтылық






13.

шығармашылық қиял






14.

ой-өріс






15.

еңбек сүйгіштік






16.

тыңдау және қарым-қатынас жасау қабілеті






17.

әдептілік






18.

адамдармен оңай және тез байланыс орната білу






19.

жоғары тұрған қызметкерлермен дұрыс қарым-қатынас құра білу






20.

әріптестерімен дұрыс қарым-қатынас құра білу






21.

өз біліктілігін арттыруға ұмтылу






22.

оқу қабілеті






23.

шиеленісті жағдайларда ұстамдылық, байсалдылық






24.

өз жұмысын ұйымдастыру қабілеті






25.

жұмыс қабілеттілігі






26.

жұмыстағы бастамашылық






27.

жұмыстағы дербестік






28.

нормативтік құқықтық актілерді зерделеу сапасы






29.

нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істей білу






30.

нормативтік құқықтық актілерді жұмыста қолдана білу






31.

функциялық міндеттерді орындау






32.

қызметтік тәртіпті сақтау






33.

еңбек тәртібін сақтау






      Өзге мәліметтер: _________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Жас қызметкерді тәрбиелеу үшін не істеу керек:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      ҚОРЫТЫНДЫ

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Тәлімгер

      "КЕЛІСЕМІН"

      _________________________

      тікелей басшысы

      20__ ж. "___" __________

      Ескертпе: Тәлімгерлік аяқталғаннан кейін пікір, бейімделудің жеке жоспары, тәлімгер күнделігі жас қызметкердің жеке ісіне тігіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады