БҰЙЫРАМЫН:
1. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу(ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық(қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы №478 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1) тармақшасына, 17-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 33-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде:
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Аударымдарды және (немесе) жарналарды, оның ішінде берешектерді аудару Мемлекеттік корпорацияға жүргізіледі. Мемлекеттік корпорация аударымдар және (немесе) жарналарды жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болған жағдайда); аударымдар және (немесе) жарналар сомасы; және (немесе) жарналар төленетін кезең (жыл,ай) көрсетіле отырып қорға аударады.
Аударымдар және (немесе) жарналар төленетін кезеңді төлеушілер қағаз жеткізгіштерде жасалатын еркін төлем тапсырмаларында "Төлемнің мақсаты" бағанында, ал электрондық форматта жіберілген еркін төлем тапсырмаларында нысанда көзделген "ААЖЖЖЖ" жеке жолағында көрсетеді.";
33, 34, 35-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Банктердің Мемлекеттік корпорацияға аударуы жеке сәйкестендіру нөмірін; тегі, аты, әкесінің атын (бар болған жағдайда); аударымдар және (немесе) жарналар төленетін жеке тұлғалар, аударымдар және (немесе) жарналар, аударымдар және (немесе) жарналар сомалары, Кезең (Жыл, ай) төленетін жеке тұлғалар аударымдар және (немесе) жарна сомасы, кезең (жыл, ай) көрсетілген жиынтық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.
34. Мемлекеттік корпорация бір мезгілде Қағидалардың 33-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, қорға жиынтық төлем тапсырмасын электрондық тәсілмен жібереді.
35. Төлеушілердің берешекті аударуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында және төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарламалар форматтарында айқындалған знысан бойынша кезеңге (жылға, айға, айларға) жиынтық төлем тапсырмасымен жүргізіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген).";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен аударымдар және (немесе) жарналар сомасы түскен күннен бастап үш операциялық күн ішінде жиынтық төлем тапсырмасымен қордың шотына аударылады.
Мемлекеттік корпорация қайтаруды жүзеге асырады:
1) ЖСН көрсетілмеген және (немесе) деректемелерінде қателіктер жіберілген жеке тұлғалар бойынша төлеушіге жарналар мен аударымдар;
2) төлеушіге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен асатын аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу объектісінен жеке тұлға үшін аударымдар мен жарналар сомасы төленген жағдайда;
3) көрсетілген аударымдарды төлеуден босатылған адамдар үшін төлеушіге жарналар мен аударымдар) Заңның 26 - бабы 1-тармағының 1), 5), 7), 11), 12), 13 тармақшаларында;
4) өз пайдасына төлеген дербес төлеушілерден, жеке кәсіпкерлерден және жеке практикамен айналысатын тұлғалардан аударымдар;
5) жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдарды қоспағанда, дербес төлеушілердің пайдасына үшінші тұлғалардан аударымдар;
6) Заңның 28-бабына сәйкес белгіленген төлем мөлшерінен төмен мөлшерде төленген дербес төлеушілердің жарналары;
7) дербес төлеушілердің, жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың өз пайдасына, сол кезең үшін қайта төленген жарналары;
8) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратындарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қандастарды және Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болғандарды қоспағанда, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жарналар мен аударымдар.";
көрсетілген қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Е. Нурлыбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін мемлекеттік жарналар түріндегі бюджет қаражатының қажеттілігіне өтінім __________ 20_ жыл (айға) (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының индексі (форма атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-Қ
Кезеңділігі: ай сайын
Есептік кезең: _____20__ж
өтеусіз негізде Әкімшілік деректерді жинау нысаны ұсынатын тұлғалар тобы: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға нысанын ұсыну мерзімі: Мемлекеттік корпорация ай сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жібереді.
ЖСН/БСН
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электронды түрде
*Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке әзірлейді.
Мекеме 226 | Бағдарлама 002 | Кіші бағдарлама | Ерекшелігі 361 | Төлем түрі | Жеңілдікті санаттардағы адамдардың саны (нақты деректер) | Қорға төленуге тиісті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының мөлшері, пайыз | Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылы алдындағы орташа айлық жалақы, теңге | Жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары түріндегі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына нысаналы жарна | ||||||||
оның ішінде: | ||||||||
балалар | ||||||||
жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар; | ||||||||
жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; | ||||||||
МӘМС туралы Заңның 26-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі); | ||||||||
жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар; | ||||||||
мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар; | ||||||||
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар; | ||||||||
зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері; | ||||||||
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар; | ||||||||
тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар; | ||||||||
жұмыс істемейтін қандастар; | ||||||||
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар; | ||||||||
мүгедектігі бар адамдар; | ||||||||
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар; | ||||||||
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтін адамдар | ||||||||
Жалпы |
Атауы: ________________________________________________
Мекенжайы _______________________________________________________
Телефон ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________
Орындаушының тегі және телефоны _________________________________
Басшы _________________________________________________
Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөр орны
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыру бойынша түсіндірме
"20_ жылғы __________ (бір айға) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттік жарналар түріндегі бюджет қаражатының қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)"
(индекс – 1-Қ, кезеңділігі – ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "20_ жылғы __________ (бір айға) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттік жарналар түріндегі бюджет қаражатының қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі – Нысан).
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. 1-бағанда 226-мекеме көрсетіледі;
2. 2-бағанда 002 бағдарламасы көрсетіледі;
3. 3-бағанда кіші бағдарлама көрсетіледі;
4. 4-бағанда 361 ерекшелігі көрсетіледі;
5. 5-бағанда төлем түрі көрсетіледі;
6. Кестенің 6-бағанында жеңілдікті санаттардағы адамдардың саны көрсетіледі (нақты деректер);
7. 7-бағанда қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының сомасы пайызбен көрсетіледі;
8. 8-бағанда мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындаған ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақысы, теңге көрсетіледі.
9. 9-бағанда адам санын, жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома көрсетіледі.
Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек алуға құқығын беретін ақша;
3) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) – "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – МӘМС туралы Заң) белгіленген тәртіппен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді, ұстап қалуды, аударуды, төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар;
4) "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және шарттарда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі – қор);
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) жарналар – МӘМС туралы Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқық беретін ақша;
7) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы);
8) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
9) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚР Еңбекминінің ААЖ) – зейнетақы және әлеуметтік аударымдар мен төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру үшін процестерді автоматтандыру жөніндегі ақпараттық жүйе;
10) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – қор активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
11) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы – МӘМС туралы Заңға сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар жеке тұлға;
12) электрондық өтініш – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы келіп түскен электрондық құжат нысанында МӘМС аударымдарын, жарналарын және (немесе) жарналарын уақтылы және(немесе) толық төлемегені үшін аударымдардың, жарналардың және(немесе) өсімпұлдардың артық (қате) есептелген сомаларын қайтаруға арналған өтініш;
13) "Электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітілген "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
14) "Электрондық үкімет" веб-портал – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
16) "Saqtandyrý" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Saqtandyrý" АЖ) –медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін автоматтандырылған режимде айқындайтын ақпараттық жүйе.
3. Осы Қағидаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті мемлекеттік орган өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы", "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау және қадағалау жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы мен ведомствосын өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.
2-тарау. Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру тәртібі
4. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару (бұдан әрі – қызмет) мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) төлеуші немесе банк екі немесе одан да көп рет қордың шотына қате аударғанда;
2) артық есептелгенде (ішінара қайтару);
3) жарналарын мемлекет төлейтін "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 7-тармағына сәйкес аударымдар мен жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін қате төленгенде;
4) төлем мақсатының коды дұрыс көрсетілмегенде;
5) алушының деректемелері (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), төлем жүргізілген кезең дұрыс көрсетілмеген;
6) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратындарды, сондай-ақ қандастарды және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болғандарды қоспағанда, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін қате аударылғанда.
5. Үшінші тұлғалар өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша береді.
6. Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру үшін талап қою мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 178-бабында белгіленген тәртіппен айқындалады.
7. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы МӘМС аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін аударымдардың, жарналардың және (немесе) өсімпұлдардың артық (қате) есептелген сомаларын мынадай тәсілдердің бірімен қайтару туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді:
1) "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорацияға қағаз жеткізгіш түрінде беріледі.
8. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес.
9. Өтініш осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
10. Өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес пайдасына МӘМС аударымдары және (немесе) жарналары жүргізілген тұлғадан сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтінішті қоса береді.
11. Мемлекеттік корпорация ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкестігін тексереді, МӘМС аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды төлеу фактісін растайды, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қоса бере отырып, электрондық өтінімді қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
12. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар пакетін және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
13. Көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы төлеушінің сұрау салынатын деректерін, МӘМС МӘМС аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды артық (қате) төленген төлем деректемелерін, сондай-ақ МӘМС жүйесінің әрбір қатысушысы бойынша ТАӘ, ЖСН, соманы және қайтару кезеңін осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес енгізеді.
Төлеуші өтініш берген кезде пайдасына МӘМС аударымдары және (немесе) жарналары жүргізілген тұлғадан сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтінішке осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес порталдың жеке кабинетінде қол қойылады.
14. Портал арқылы қалыптастырылатын құжаттары бар электрондық өтініш мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде төлеушінің порталда көрсетілген деректемелерінің МӘМС аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар төленген жиынтық төлем тапсырмасының деректемелеріне сәйкестігі бойынша тексеруден өтеді.
Төлеуші портал арқылы өтініш берген кезде өтінімге басшының не төлемді өз пайдасына жүзеге асырған тұлғаның ЭЦҚ-ы қойылады.
Порталдағы деректер сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтініші(-тері) "Saqtandyrý" АЖ-не түседі. "Saqtandyrý" АЖ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ҚР Еңбекминінің ААЖ және электрондық өтінішті тіркеу туралы хабарламаны қалыптастырады және жібереді.
15. Салық төлеушілер туралы ақпаратты (тіркеу, тоқтата тұру, ұзарту, ұзарту) алу салық түсімдері мен бюджетке төленетін төлемдерді қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.
16. Қызметті портал арқылы алған кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде МӘМС артық (қате) есепке жатқызылған ударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару (қайтарудан бас тарту) қаралады және жүзеге асырылады.
17. Мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде берілген құжаттарды қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды, өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, оның ішінде Мемлекеттік корпорацияда 5 (бес) жұмыс күні, қорда қарау және қайтару туралы шешім қабылдау үшін 7 (жеті) жұмыс күні, 3 (үш) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның қаражатты аударуына беріледі.
Портал арқылы берілген құжаттарды қарау мерзімі – 10 (он) жұмыс күнін, оның ішінде қарау және қайтару немесе бас тарту туралы шешім қабылдау үшін Қорға 7 (жеті) жұмыс күнін, Мемлекеттік корпорацияның қаражат аударуына 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
18. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Негізгі талаптардың тізбесінің 10-тармағында көзделген.
19. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші кейіннен төлеушіге аудару үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына ақша аудару немесе аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұлдар сомасын қайтарудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
20. Кейіннен төлеушіге аудару үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына ақша аудару туралы өтініштер бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсетуші жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастырады және ақша аударуды жүзеге асырады.
21. Мемлекеттік корпорация төлем тапсырмасын қалыптастырады және үш операциялық күн ішінде артық (қате) есептелген аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұлдар сомасын төлеушіге аударады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
22. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің тікелей мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
23. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қор). |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) Мемлекеттік корпорация – 15 (он бес) жұмыс күні; |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Қор оларды кейіннен төлеушіге аудару үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына ақша аударуы немесе аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұлдар сомаларын төлеушіге қайтарудан дәлелді бас тартуы. |
7 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
8 | Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу графигі |
1) Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республиканың Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа; |
9 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: |
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) енгізілген деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз түрінде немесе электрондық нысанда көрсетіледі. |
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару туралы өтініш
_________________________________________________________________
(төлеушінің атауы)
Төлем тапсырмасымен аударылған артық (қате) төленген аударымдар, жарналар және (немесе) өсімпұлдар сомасын қайтаруды сұраймын:
20_____ж. "___" ______________ №_______________
Төлеушінің БСН/ЖСН ______________________,
төлемнің жалпы сомасы ___________________________________________,
қайтарудың жалпы сомасы _________________________________________,
№ | ЖСН | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Кезең | Төленген сома | Қайтару сомасы |
1 |
Кейінгі төлемдерді түзету мынадай себеппен мүмкін емес (қажеттісін белгілеу керек):
1) төлеуші немесе банк бір немесе бірнеше төлем тапсырмаларының негізінде екі немесе одан да көп рет "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының шотына қате аударғанда;
2) артық есептелген (ішінара қайтару);
3) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 7-тармағына сәйкес жарналарын мемлекет төлейтін аударымдар мен жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін қате төленген;
4) төлем мақсатының коды дұрыс көрсетілмеген;
5) алушының деректемелері (ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), төлем жүргізілген кезең дұрыс көрсетілмеген;
6) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратындарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қандастарды және Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болғандарды қоспағанда, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін қате аударылған.
Қайтаруды келесі деректемелер бойынша жүргізуді (қажеттісін белгілеуді) сұраймыз:
☐ бұрын аударымдар жүргізілген банктік деректемелерге;
☐ банктік деректемені ауыстырған кезде мынадай деректемелерді (ағымдағы шоттың болуы туралы анықтама) толтыру қажет:
Төлеушінің атауы:_______________________________________________
БСН (ЖСН): ____________________________________________________
Төлеушінің БСК:_________________________________________________
Банктің атауы:___________________________________________________
Төлеушінің ЖСК (IBAN):_________________________________________
(банктік шоттың 20 таңбалы нөмірі)
Қосымша: аударымдарды және (немесе) жарналарды пайдасына жүргізген жеке тұлғадан (заңды тұлғалар, салық агенттері және үшінші тұлғаның пайдасына төлеген төлеушілер үшін) сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтініш.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін аударымдардың, жарналардың және (немесе) өсімпұлдардың артық (қате) есептелген сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Төлеуші: ___________________________________ _________
(Тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда) (қолы)
Бас бухгалтер (бар болса) ___________________ ___________
(Тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны (бар болса)
Мекенжайы: _____________________________________________________
Электронды пошта: ______________________________________________
Байланыс телефоны +7 ____________________
Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылады және мөрмен расталады (бар болса) (факсимильді қол қоюға жол берілмейді).
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары және (немесе) жарналары төленген тұлғадан (тұлғалардан) сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтініш
Мен (біз), ________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні)
ЖСН _________________________
__________ (жыл, ай) кезеңі (дері) бойынша __________ соманы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленген артық (қате) есептелген аударымдардың және (немесе) жарналардың менің пайдама қайтаруға келісім беремін (береміз).
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
______________ _____________
(қолы) (күні)
Электрондық өтінішті "электрондық үкімет" веб-порталында қарау мәртебесі туралы хабарлама
Сіздің "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге № __________________ өтінішіңіз (электрондық өтініштің нөмірі) "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамына жіберілді". Өтініштің мәртебесі қарауда.