"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 12 наурыздағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 14 наурызда № 35821 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24069 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32733 болып тіркелген) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен арнайы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді;

      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33071 болып тіркелген) Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қоры: кемінде бір айға және алты айдан аспайтын мерзімге құрылады.";

      9-тармақ алып тасталсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Белгілі бір аурулары (жай–күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының ұсынуы бойынша жергілікті өкілді органдары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізілмеген дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдайды.

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну кезінде денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен арнайы емдік өнімдерді пайдаланады. Дәрілік заттар Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілген болуға тиіс.

      Қазақстан Республикасында тіркелмеген және Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттар мен тіркелмеген медициналық бұйымдарды нақты пациенттің өмірлік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек кездесетін (орфандық) аурулары және (немесе) жай-күйлері бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-280/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21493 болып тіркелген) Нақты пациенттің тіршілік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек (орфандық) аурулары және (немесе) жай-күйі бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдану қағидаларына сәйкес қолдануға жол беріледі";

      22-тармақ алып тасталсын;

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін:

      1) бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес нақты тұтынуды және көлемінде қалдықтың болуын қамтамасыз етуді ескере отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жөнелтуді қамтамасыз етеді;

      2) медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті көрсететін медициналық ұйымдар QR-код арқылы немесе коды бар SMS хабарламаларды пайдалана отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар рецепттерді жазып және беруді қамтамасыз етеді;

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары уәкілетті органның ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, дәрілік заттармен қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ–175/2020 бұйрық) денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес нысан бойынша дәрігерлік тағайындаулар парағына енгізген дәрігердің тағайындауларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Дәрілік заттың атауы тағайындау кезінде халықаралық патенттелмеген атаумен, аралас дәрілік препарат тағайындалған жағдайда оның құрамы көрсетіледі.

      Пациенттің жеке көтере алмау жағдайында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21493 болып тіркелген) бекітілген Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларына сәйкес дәрілік затты саудалық атауымен жазып беруге жол беріледі.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесінде:

      11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілік уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде автоматты түрде қалыптастырылады және медициналық ұйымның уәкілетті лауазымды адамының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.

      Нозологиялар, дәрілік заттардың әрбір дәрілік нысаны бойынша дозаларымен көлемдерінің атаулары және медициналық бұйымдар сипаттамасының көрсетілген қажеттілікті жинау пациентке жылдық қажеттілікті есептеу деректері, әрбір айға бөле отырып, алдыңғы жылға жазып берілген және қамтамасыз етілген көлемді (бұдан әрі – Дербестендірілген қажеттілік) ескере отырып, дербестендіріліп жүзеге асырылады.

      12. Ағымдағы қаржы жылының 20 наурызына дейінгі мерзімде өңірдің қалыптастырған Дербестендірілген қажеттілігін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары келіседі.";

      13, 14, 15 және 16-тармақтар алып тасталсын;

      18, 19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қор Қазақстан Республикасының Дербестендірілген қажеттілігі негізінде нозологияларды, дәрілік заттардың атауларын және медициналық бұйымдардың сипаттамаларын, пациенттердің санын көрсете отырып, өңірлер бөлінісінде үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімді қалыптастырады және уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей жібереді.

      19. Пациенттің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жылдық қажеттілігін есептеу мыналар ескеріле отырып жүзеге асырылады:

      1) тәуліктік доза;

      2) бір курстың ұзақтығы;

      3) жылына қабылдау ұзақтығы.";

      20. Амбулаториялық жағдайда пациентке дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жылдық қажеттілікті есептеу үшін мынадай формулалар қолданылады:

      Бір пациентке жылдық қажеттілікті есептеу = тәуліктік доза * бір курстың ұзақтығы * жылына қабылдау ұзақтығы.

      Тәуліктік доза = бір рет қолданылатын доза * тәулігіне қабылдау еселігі.

      Бір курстың ұзақтығы = айына қабылдау күндерінің саны.

      Жылына қабылдау ұзақтығы = жылына курс саны.

      21. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті есептеу үшін мынадай формулалар қолданылады:

      Қажеттілік = алдыңғы жылдағы іс жүзіндегі тұтыну - жыл соңында болжамды қалдық.

      Алдыңғы жылғы іс жүзіндегі тұтыну = алдыңғы жылы пайдалынылған дәрілік заттардың көлемі.

      Жыл соңында болжамды қалдық= жыл басындағы қалдық (жыл басындағы дәрілік заттың саны)+ кіріс ( жыл ішінде күтілетін немесе іс жүзінде дәрілік заттың түсімі)-шығыс (дәрілік заттың болжамды немесе іс жүзінде пайдаланылуы).";

      мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:

      "22. Құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар дәрілік заттарға қажеттілікті есептеу "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10404 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
Е. Нурлыбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады