"Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 14 наурыздағы № 95-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 наурызда № 35825 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20256 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      2) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

      3) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;

      4) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидаларға 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету кағидаларында:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
Е. Кочетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 14 наурыздағы
№ 95-НҚ бұйрығына
1-қосымша
  "Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын адамдарды тіркеуді
және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы.

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні.
Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi

Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады;
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
3) Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
www.elicense.kz порталында орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде (жеке басын куәландыратын құжатты не жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде) мыналар:
1) осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш;
2) паспорттың көшірмесі (шетелдіктер мен Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдар үшін);
3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген (берілген күнін көрсете отырып, діни бірлестік басшысының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған) құжат;
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама және миссионер өкілі болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесi;
5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар;
6) дінтану сараптамасының оң қорытындысы (болған жағдайда) туралы хаттың көшірмесі ұсынылады;
7) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші/Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыртуы.
Порталға жүгінген жағдайда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) паспорттың электрондық көшірмесі (шетелдіктер мен Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік тарапынан берілген құжаттың электрондық көшірмесі (қағаз нұсқасының берілген күнін көрсете отырып, діни бірлестік басшысының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған);
4) миссионер өкілі болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың және діни бірлестік жарғысының (діни бірлестік басшысының қолы қойылған және мөрімен (болған жағдайда) расталған) электрондық көшірмесі;
5) діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың электрондық көшірмесі, миссионерлік қызметке арналған діни мақсаттағы заттар;
6) дінтану сараптамасының оң қорытындысы туралы хаттың электронды көшірмесі (болған жағдайда);
7) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың электронды көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестік шақыртуының электрондық көшірмесі.
Шет мемлекеттер берген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қойған қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
7) дінтану сараптамасының объектісі Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға ұсынылмаған;
8) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндіретін миссионерлік қызмет.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Тіршілік әрекеттерін шектейтін организм функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері шыға отырып жүргізеді.
Қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс орталығының ресми интернет-ресурсында орналастырылған байланыс телефондары арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді.
Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 14 наурыздағы
№ 95-НҚ бұйрығына
2-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  көрсетілетін қызметті
берушінің басшысына
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті алушыдан
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы
және телефоны)

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктің қызметіне келісім-хат беруге өтініш

      Мен, ____________________________________________________________

      (шетелдік дiни бiрлестiк басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      _____________________________________________________________________,

      (паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат (берілген күні, нөмер,

      құжатты берген орган) _________________________________________________,

                              (шетелдік дiни бiрлестiктiң ұстанатын діні)

      Қазақстан Республикасы аумағындағы ____________________________________

      ___________________________________________ қызметіне келісуді сұраймын.

                  (шетелдік дiни бiрлестiктін толық атауы)

      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1. ______________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі ақпаратты пайдалануға келісім беремін.

      Қолы______________ Өтініш берген күні _____________________

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 14 наурыздағы
№ 95-НҚ бұйрығына
3-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  нысан
  көрсетілетін қызметті
берушінің басшысына
________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті алушыдан
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы
және телефоны)

Шетелдік діни орталықтың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысын тағайындауын келісу хатын беруге арналған қолдаухаты

      Осы арқылы ______________________________________________________

      (Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысының тегі, аты,

      әкесінің аты (болған жағдайда))

      ____________________________________ тағайындауды келісуді сұраймын

      (Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктің толық атауы)

      _________________________________________________________________

      (үміткердің шетелдік діни орталықтағы бұрынғы қызметі туралы ақпаратты көрсету)

      _________________________________________________________________

      (шетелдік діни орталықтың орналасқан жері туралы ақпарат)

      _________________________________________________________________

      құрылтайшы - шетелдік діни орталықтың шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес

      заңды тұлға екендігін куәландыратын құжаттың деректері (тіркеу нөмірі, күні,

      берген орган, берілген мерзім, жарамдылық мерзімі) ___________________

      ______________________________________________________________________

      (шетелдік діни бірлестіктің діни бірлестігі және оның орналасқан жері)

      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1.____________________________________________________________

      2.____________________________________________________________

      3.____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын және заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын ақпараттық жүйелердегі ақпаратты пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы______________

      Қолдаухат берген күні_____________________

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 14 наурыздағы
№ 95-НҚ бұйрығына
4-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті.

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.

3.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келісу-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация − өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады;
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
қызмет берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет ресурсында орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдік діни бірлестіктің қызметін келісу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) шетелдік дiни бiрлестiктiң орналасқан жерін растайтын құжат;
3) құрылтайшы − шетелдік діни бірлестік шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған, мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығы "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес куәландырылған құжат;
4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша діни бірлестікті құруға бастамашы азаматтартізімі;
5) шетелдік діни бірлестіктің діни ілімнің, пайда болу тарихын және негіздерін ашатын және өзіне тиісті діни қызмет туралы мәліметтерді қамтитын діни баспа материалдары;
6) заңды тұлға органы бекіткен шетелдік діни бірлестік жарғысының (ережесінің) қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісу үшін қажетті құжаттардың тізбесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхаты;
2) кандидатты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктің басшысы етіп тағайындау туралы шешімді;
3) діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидаттың паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі.
Шет тілінде құжаттар ұсынылған жағдайда, олардың мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған аударманы жасаған аудармашының қойылған қолының түпнұсқалығымен ұсынылады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктің қызметін келісуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың мынадай себептерін көрсете отырып, жауап жібереді:
1) егер діни бірлестіктердің қызметі бір дiннің үстемдігін бекітуге, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге бағытталса;
3) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуымен), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, адамгершілікке нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) егер діни бірлестіктердің қызметі діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және діни ұстанушыларды діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлікті иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге бағытталса;
6) егер діни бірлестіктердің дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, көрінеу белгiлi мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
9) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
10) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметтің немесе белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
11) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса;
12) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға:
1) егер Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысының қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндiретiн болса;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлері тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар:
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс орталығының ресми интернет-ресурсында орналастырылған байланыс телефондары арқылы жүгінеді.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 14 наурыздағы
№ 95-НҚ бұйрығына
5-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктер басшыларын
тағайындауын келiсу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
5-қосымша

Діни бірлестіктерді құратын бастамашы-азаматтардың тізімі

      _______________________________________________________________

      (діни бірлестіктердің атауы)

      _______________________________________________________________

      (облысы, Астана, Алматы және Шымкент қалалары)

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған күні, айы және жылы

Қазақстан Республика азаматының жеке куәлік құжаты туралы мәлімет, жеке сәйкестендіру нөмірі

Тұрғылықты мекенжайы, үйдің және қызметтік телефонының нөмірі

Өз қолтаңбасы

1

2

3

4

5

6

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 14 наурыздағы
№ 95-НҚ бұйрығына
6-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктер басшыларын
тағайындауын келiсу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
6-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік діни бірлестіктің қызметін келісу

      № _ _ _ _ _ күні 20___жылғы "___"___________

      ___________________________________________________________

      (шетелдік діни бірлестік басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      берілді және "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан

      Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында

      ________________________________________________________ қызметін

      (шетелдік діни бірлестіктің толық атауы)

      келіседі.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 14 наурыздағы
№ 95-НҚ бұйрығына
7-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
3-қосымша

"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған тұрақты үй-жай (бұдан әрі – тұрақты үй-жай) – сауда жасайтын, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етілген, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдау, сақтау және сатуға дайындайтын бөлмелері бар күрделі тұрақты ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасқан оның бір бөлігі;

      2) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      3) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

      2-1. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, көрсетілетін қызметті берушілерге және Бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды қоса береді.

      Жеке басты куәландыратын және діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация жұмыскері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат беріледі.

      Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің құжаттар топтамасын қабылдап алғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттарды Портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрауды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Порталға жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту дайындайды.

      5. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.

      Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анықтығын зерделейді.

      Жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерді келісу туралы хаттың жобасын келіседі, қажет кезде мемлекеттік органдарға сұрау салуды жолдайды.

      Жауапты орындаушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде қағаз тасығышта діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу туралы хатты әзірлейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылық ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылық келіп түскенде, оны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу туралы хатты не көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға жіберілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу туралы хаттың электрондық көшірмесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінгенде, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталған шешімнің көшірмесі беріледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағыммен жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналасатын жерін келісу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  көрсетілетін қызмет берушіге
__________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) көрсетiлетiн
қызметті алушыдан
__________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда),
мекенжайы телефоны мен жеке
сәйкестендiру нөмiрi және заңды
тұлғаның атауы, пошталық
мекенжайы, телефоны және
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)

Өтініш

      Сізден _________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де

      ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты

      үй-жайлардың орналасатын жерін келісуіңізді сұраймын.

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1. ___________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________

      4. ___________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып ақпараттық жүйелерде қамтылған

      заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қолы_____

      Өтініш берген күні________

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  "Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналасатын жерін келісу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу хаты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады;
Мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, шұғыл қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, Портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
3) Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, Портал тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарында орналастырылған: көрсетілетін қызметті беруші: www.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация:
www.gov4c.kz; www.elicense.kz
порталы.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) жүгінген кезде:
1) осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеме (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны; үй-жайларды салу мақсаты; үй-жай орналасқан жерде ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып);
3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда) ұсынылады. Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады. Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.
4) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші/ Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Порталға жүгінген жағдайда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеменің электрондық көшірмесі (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны, үй-жайларды салу мақсаты; рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда үй-жай орналасқан жердегі ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып);
3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хатының электрондық көшірмесі (үй-жай жалға алынған жағдайда) ұсынылады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттардың электронды көшірмелері өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады.
4) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Тіршілік әрекеттерін шектейтін организм функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері шыға отырып жүргізеді.
Қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс орталығының ресми интернет-ресурсында орналастырылған байланыс телефондары арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы алады.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналасатын жерін келісу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)
(бұдан әрі – ТАӘ)
немесе ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының № ________________________ бөлімі (мекенжайды көрсету) сіздің "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты өтінішті қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды

      ________________________________________________ _____________

      ТАӘ (Мемлекеттік корпорациясының жұмыскері)             (қолы)

      Алдым: _________________________________________ _____________

      Көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (болған жағдайда) (қолы)

      Күні: 20____ жылғы "__"_________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 14 наурыздағы
№ 95-НҚ бұйрығына
8-қосымша
  "Ғибадат үйлерін
(ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін
айқындау туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы.

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

22 (жиырма екі) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.

5.

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi

Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, Портал тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
www.elicense.kz порталында орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы анықтама-негіздеменің электрондық көшірмесі (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, әкімшілік-аумақтық бірлікте (ауыл, елдімекен, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж қауым (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметшісі кандидатурасының саны көрсетілген);
3) жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) шешімінің немесе ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланған аумақта жұмыс істейтін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін (ғимаратын) салуға келісім беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі (ғибадат үйі (ғимараты) аумағы бар жол (шектесетін тұрғын үйлер болған кезде, оның ішінде, егер шекаралардың арасында сервитут өтетін болса) ұсынылады;
4) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) бір дiннің үстемдігін бекітуге, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге бағытталса;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуына), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, адамгершілікке нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліленуге итермелеуге бағытталса;
6) егер діни бірлестіктердің дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, көрінеу белгiлi мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
9) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
10) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
11) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
12) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 14 наурыздағы
№ 95-НҚ бұйрығына
9-қосымша
  "Үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейіндеу
(функционалдық мақсатын
өзгерту) туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы.

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

22 (жиырма екі) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.

5.

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, портал тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
www.elicense.kz порталында орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің (ғибадат үйінің) және ол тиесілі діни бірлестіктің атауы, қайта бейіндеу мақсаты, осы аумақта рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мұқтаж қауым саны, ғибадат үйі (ғимараты) діни қызметшісінің кандидатурасы көрсетілген) басшысы қол қойған еркін нысандағы үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеу туралы анықтама-негіздеменің электрондық көшірмесі;
3) үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге меншік иесінің келісімі туралы хаттың электрондық көшірмесі (жалға алынған үй-жай жағдайында ұсынылады;
4) жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) шешімінің немесе ғимаратты (құрылысты) қайта бейіндеу жоспарланған аумақта жұмыс істейтін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат ғимаратына немесе ғимаратына (егер шекаралардың арасында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) бейінделетін ғибадат үйінің (ғимаратының) аумағымен шектесетін тұрғын үйлер болған кезде ұсынылады) қайта бейіндеуге келісу туралы шешімінің электрондық көшірмесі.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда, жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе құрылысына қайта бейіндеуге келісімі туралы хатының электрондық көшірмесі ұсынылады (жеке тұлғаның тұрғын үйі, заңды тұлғаның үй-жайы орналасқан ғимараттың аумағымен шекаралас үй-жайлар (оның ішінде, егер шекаралар арасында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) болған кезде ұсынылады);
5) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) егер діни бірлестіктердің қызметі мемлекетте бір діннің үстемдігін бекітуге, діни өшпенділікті немесе алауыздықты, оның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дінге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктің қызметіне, діни жораларға және (немесе) дінді оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына мәжбүрлеуге бағытталса;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуына), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, адамгершілікке нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) егер діни бірлестіктердің қызметі діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және діни ұстанушыларды діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлікті иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге бағытталса;
6) егер діни бірлестіктердің дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, көрінеу белгiлi мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
9) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
10) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
11) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
12) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады