"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 18 наурызда № 35830 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13475 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-1-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 155) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларында:

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Комиссияның кадр резервіне қосу туралы ұсынымы болған жағдайда Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысы өткізілген күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей кадр резервіне қосу туралы Министр бұйрығының жобасын, сондай-ақ Комиссия хаттамасын және осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ресімдейді және Министрдің қарауына шешім қабылдау үшін енгізеді.

      Комиссияның кадр резервіне қосудан бас тарту туралы ұсынымы болған жағдайда Персоналды басқару қызметі өтініш берушіге кадр резервіне қосудан бас тарту туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізудің уақыты, күні мен орны, сондай-ақ тәсілі туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама кадр резерві туралы Министрдің шешімі қабылданғанға дейін өтініш берушіге 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      Персоналды басқару қызметі тыңдау нәтижесі негізінде 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей кадр резервіне қосу немесе қосудан бас тарту туралы Министрдің бұйрық жобасын ресімдейді, сондай-ақ тыңдау хаттамасы мен осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттарды Министрдің қарауына шешім қабылдау үшін енгізеді.

      14. Министр Персоналды басқару қызметі құжаттарды ұсынған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде келесідей шешімдердің бірімен бұйрық қабылдайды:

      1) кадр резервіне қосу;

      2) кадр резервіне қосудан бас тарту.".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Адам ресурстары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
А. Рахметуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады