"Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 19 наурыздағы № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 20 наурызда № 35846 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 06.03.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты мәжбүрлеп емдеуде болған адамдар психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған адамдардың қолдап емдеуден өту қағидалары.

      6) осы бұйрыққа 5-1 қосымшаға сәйкес консультативтік байқауды көрсету қағидалары.";

      көрсетілген бұйрықпен бектілген психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу қағидаларында:

      11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шығарылатын ауаны алкогольдің болуына зерттеу Кодекстің 23-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында ресми тіркелген техникалық өлшеу құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бектілген мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, мәжбүрлеп емдеуде болған адамдар психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған адамдардың қолдап емдеуден өту қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты мәжбүрлеп емдеуде болған адамдар психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған адамдардың қолдап емдеуден өту қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты мәжбүрлеп емдеуде болған адамдар психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған адамдардың қолдап емдеуден өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 174-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, мәжбүрлеп емдеу ұйымынан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды (бұдан әрі – ПБЗ) тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) (бұдан әрі – ПМБ) бар адамдардың қолдап (рецидивке қарсы) емдеуден өту тәртібін белгілейді;

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты мәжбүрлеп емдеуде болған адамдар психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған адамдардың қолдап емдеуден өту тәртібі";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген консультативтік байқауды көрсету қағидаларында:

      оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 25 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-203/2020
бұйрығына 5-1-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 6 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
Е. Нурлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады