Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 119-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35897 болып тіркелді

      "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 18-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 460) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрықққа 1-қосымшаға сәйкес Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереже;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары аудиторлық палатасы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Жоғарғы Соты

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары Сот Кеңесінің аппараты

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Конституциялық Соты

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Президентінің Іс басқармасы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызмет)

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық банкі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 31 наурыздағы
№ 119-НҚ бұйрығына
1-қосымша

Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Орталық сараптау-тексеру комиссиясы (бұдан әрі – ОСТК) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жасау, Ұлттық архив қорының құрамына енгізу (құрамынан шығару), сондай-ақ оның жинақтау көздерін белгілеу мәселелерін қарауды жүзеге асыратын алқалық, консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. ОСТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені (бұдан әрі – Ереже) басшылыққа алады.

2-тарау. ОСТК-ның міндеттері, функциялары және құрамы

1-параграф. ОСТК-ның міндеттері

      3. Мыналар ОСТК-ның мiндеттерi болып табылады:

      1) архивтік құжаттардың ғылыми және тәжірибелік құндылығы мен мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған құжаттармен толықтыруға мемлекеттік сараптама жасау;

      2) Ұлттық архив қорын қалыптастырудың принциптері мен критерийлерін анықтау.

2-параграф. ОСТК-ның функциялары

      4. ОСТК өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік емес ұйымдар әзірлеген, сақтау мерзімдері көрсетіле отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде қалыптасатын құжаттардың салалық (ведомстволық) тізбелерін келіседі

      2) тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімдері мен жою тәртібiн белгілейдi;

      3) ұйымдардың үлгілік істер номенклатураларының жобаларын келіседі;

      4) Ұлттық архив қорын жинақтау көздерінің тізімдерін келіседі;

      5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің, басқа да ұйымдардың қолданыстағы ұйымдардың қызметі барысында қалыптасатын құжаттар тізбелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарына сараптама жасайды;

      6) сараптау-тексеру комиссияларының (бұдан әрі – СТК) қызметін үйлестіреді, олардың жұмысы туралы есептерді қабылдайды;

      7) СТК, орталық сараптау комиссиясы (бұдан әрі – ОСК) және сараптау комиссиясы (бұдан әрі – СК) арасында туындайтын құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жасау және олармен мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік архивтерді және ұйымдардың архивтерін толықтырудың даулы мәселелері бойынша сараптамалық қорытынды ұсынады;

      8) СТК және ОСТК мүшелерінің қорытындыларын тексереді;

      9) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге жоспарланған мемлекеттік меншіктегі Ұлттық архив қорының құжаттарының ғылыми және тәжірибелік құндылығына мемлекеттік сараптама жасайды.

3-параграф. ОСТК-ның құрамы

      5. ОСТК құрамына төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және ОСТК мүшелері кіреді.

      Хатшы ОСТК-ның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

      ОСТК тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады және кемінде бес мүшеден тұратын мүшелердің тақ санынан тұрады.

      6. ОСТК мүшелері Министрліктің архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы функциялар жүктелген құрылымдық бөлімшенің (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) мамандарынан, мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік, орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарынан, ғылым, оқу ұйымдарының өкілдерінен тұрады.

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің жетекшілік ететін вице-министрі ОСТК төрағасы болып табылады.

      ОСТК төрағасының орынбасары құрылымдық бөлімше басшыларының қатарынан тағайындалады.

      ОСТК төрағасы болмаған кезде (іссапар, уақытша еңбекке жарамсыздық, демалыс) оның функцияларын ОСТК төрағасының орынбасары атқарады.

      7. ОСТК хатшысы:

      1) ОСТК отырысының күн тәртібін қалыптастырады;

      2) ОСТК мүшелерінің шақырылуын қамтамасыз етеді;

      3) ОСТК отырысының хаттамасын жүргізеді және бес жұмыс күні ішінде хаттаманы ОСТК төрағасына қол қоюға ұсынады;

      4) ОСТК шешімдерін мүдделі ұйымдардың назарына жеткізеді;

      5) ОСТК жұмысының жоспары мен ОСТК туралы есепті әзірлейді;

      6) ОСТК отырыстары құжаттарын жедел сақтауды жүргізеді.

      ОСТК хатшысы ОСТК-да қаралатын мәселелерді дайындауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады.

      8. ОСТК-ның құрамы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен бекітіледі.

4-параграф. ОСТК-ның қызметін ұйымдастыру

      9. Құрылымдық бөлімше ОСТК-ның жұмыс органы болып табылады.

      10. ОСТК төрағасы ОСТК-ның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, ОСТК-ның қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      11. ОСТК-ның қызметі ОСТК төрағасы бекітетін жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Жыл сайын, 5 қарашаға дейін республикалық мемлекеттік архивтерден және жергілікті атқарушы органдардан алдағы жылға арналған ОСТК жоспарын қалыптастыру үшін ұсыныстарды сұратады.

      12. ОСТК-ның отырыстарын өткізуге материалдарды дайындауды ОСТК хатшысы жүзеге асырады, ол отырыс өтуден кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын материалдарды ОСТК мүшелеріне жолдайды.

      13. ОСТК мүшелері сараптамаға ұсынылған материалдарды зерделейді, сараптамалық қорытындылар әзірлейді және ОСТК отырысына дейін кемінде бес жұмыс күнінен кешіктірмей, хатшыға ОСТК отырыстарында талқылау үшін қорытындыларын береді.

      14. ОСТК отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі. ОСТК отырысы, егер оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда құқылы деп есептеледі.

      15. ОСТК мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. ОСТК шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Егер ОСТК мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, шешімдер қабылданған болып есептеледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      ОСТК мүшелерінің ОСТК хаттамасына ескертулері, ерекше пікірлері мен толықтырулары жазбаша түрде баяндалады және хаттамаға қоса беріледі.

      ОСТК шешімдері ОСТК төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      16. Егер ОСТК мүшесінің қарастырылатын мәселеге қатысты тікелей немесе жанама мүдделілігі болса, ОСТК мүшесі материалдарды қарауға қатыспайды.

      Егер ОСТК мүшесінің тікелей немесе жанама мүдделілігі болған жағдайда, ол бұл туралы ОСТК төрағасын, мүшелерін және хатшысын хабардар етеді.

      17. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген және ОСТК-ға ұсынылған жобаларды келісу OСТК хаттамасының күнін, нөмірін көрсете отырып келісу грифімен ресімделеді.

5-параграф. ОСТК қызметінің тоқтатылуы

      18. ОСТК қызметі Министрдің шешімімен тоқтатылады.

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 31 наурыздағы
№ 119-НҚ бұйрығына
2-қосымша

Орталық мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Орталық мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары (бұдан әрі – СТК) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтерінің, арнаулы мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасы Президентінің архивінің (бұдан әрі – архивтер) құжаттарының құндылығына сараптама жасаудың ғылыми және тәжірибелік мәселелерін қарау мақсатында құрылатын консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.

      2. СТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Орталық мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережені (бұдан әрі – Ереже) басшылыққа алады.

2-тарау. СТК-ның міндеттері, функциялары және СТК құрылымы

1-параграф. СТК міндеттері

      3. СТК-ның негізгі міндеттері:

      1) архивтің жинақтау көздері болып табылатын ұйымдарды анықтау;

      2) құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының (бұдан әрі – Ұлттық архив қоры) құрамына енгізу және оның құрамынан шығару;

      3) істер номенклатурасын құру, істерді қалыптастыру және оларды мемлекеттік сақтауға тапсыруға әзірлеу кезінде іс қағаздарын жүргізу кезеңінде құжаттарды ұйымдастыру және құндылығына сараптама жасау;

      4) ұйымдардың басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерінің, Ұлттық архив қорын жинақтау көзі болып табылатын ұйымдар архивтерінің қызметіне әдістемелік көмек көрсету.

2-параграф. СТК-ның функциялары

      4. СТК жүктелген міндеттерге сәйкес:

      1) архивті жинақтау көздерінің тізімдерінің, оларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сараптама жасайды және келіседі;

      2) архивтің жинақтау көздері болып табылатын ұйымдармен ұсынылатын құжаттарды мемлекеттік сақтауға дайындау мен тапсырудың жоспарлары мен кестелерінің жобаларына сараптама жасайды және келіседі;

      3) істер номенклатураларының, құжаттандыру және құжаттаманы басқару қағидаларының, ведомстволық (жеке) архивтер туралы ережелердің, орталық сараптау комиссиясы (бұдан әрі – ОСК) және сараптау комиссиясы (бұдан әрі – СК) туралы ережелердің жобаларына сараптама жасайды және келіседі;

      4) архивтердің жинақтау көздерінен түскен тұрақты сақталатын істер тізімдемелеріне сараптама жасайды және бекітеді, уақытша сақтау және жеке құрам бойынша істер тізімдемелерінің, сақтауға жатпайтын құжаттар мен істерді жоюға бөлу туралы актілердің жобаларына сараптама жасайды және келіседі;

      5) архивте және ведомстволық (жеке) архивтердегі тұрақты және уақытша сақталатын құжаттардың қайта қалпына келмейтіндей бүлінгендігі туралы актілерге, мемлекеттік сақтауға тапсыруға жататын істердің табылмағандығы туралы актілерге сараптама жасайды және бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени игілік объектілеріне жатқызылған архивтік құжаттардың, архивте сақталатын аса құнды құжаттардың, сақтандыру көшірмесін жасауға жататын аса құнды құжаттардың тізбелеріне, архивтің жинақтау көздері болып табылатын ұйымдар ұсынатын аса құнды істердің тізімдемелеріне және сақтандыру көшірмелерінің тізімдемелеріне сараптама жасайды және бекітеді;

      7) мемлекеттік сақтауға қабылданатын жеке тектік құжаттарға сараптама жасайды;

      8) архивтің және оның жинақтау көздерінің қызметкерлері әзірлеген құжаттардың құндылығына сараптама жасау және архивтерді толықтыру мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныстардың жобаларына сараптама жасайды;

      9) архивтердің және олардың жинақтау көздерінің құжаттардың жекелеген түрлерінің сақтау мерзімдерін анықтау бойынша ұсыныстарына сараптамалық қорытынды ұсынады;

      10) ұйымдардың ОСК және СК жұмыстары туралы ақпаратты қабылдайды;

      11) құжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу кезінде пайда болатын құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жасаудың және олармен архивтерді толықтырудың даулы мәселелері бойынша сараптамалық қорытынды ұсынады;

      12) СТК мүшелерінің қорытындыларына тексеріс жүргізеді.

3-параграф. СТК-ның құрылымы

      5. Архив басшысының немесе құрылымдық бөлімше басшысының (Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнаулы архиві үшін) бұйрығымен бекітілген СТК құрамына: төраға, оның орынбасары, хатшы және архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы барынша білікті мамандарының, сонымен қатар архивті толықтыру көздері болып табылатын ұйымдар өкілдерінің қатарынан СТК мүшелері кіреді.

      Хатшы СТК-ның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

      СТК тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады және кемінде бес мүшеден тұратын саны тақ болатын мүшелерден тұрады.

      6. СТК-ны төраға ретінде архив басшысы немесе оның орынбасарлары басқарады.

      СТК төрағасы қызметке жалпы басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, СТК-ға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылайды.

      СТК төрағасы болмаған кезде (іссапар, уақытша еңбекке жарамсыздық, демалыс) оның функцияларын төрағасының орынбасары атқарады.

      7. СТК хатшысы:

      1) СТК төрағаның (төраға орынбасарының) нұсқауы бойынша оның отырысын шақыруды қамтамасыз етеді;

      2) отырыстың хаттамасын жүргізеді және он жұмыс күні ішінде хаттаманы СТК төрағасына қол қоюға ұсынады;

      3) мүдделі заңды тұлғаларды комиссияның шешімі туралы хабардар етеді;

      4) СТК жұмысы туралы есепті әзірлейді;

      5) құжаттаманы жүргізеді және оның сақталуын қамтамасыз етеді;

      6) күн тәртібін, отырысқа шақырылған тұлғалардың тізімін қалыптастырады және оны өткізгенге дейін үш күнтізбелік күн бұрын СТК төрағасына барлық құжаттар жинағын ұсынады.

4-параграф. СТК қызметін ұйымдастыру

      8. СТК қызметі архивтердің жұмыс жоспарларымен қарастырылады.

      9. СТК отырыстары СТК-ға ұсынылған құжаттардың түсуіне қарай, алайда айына кем дегенде бір реттен кем емес шақырылары.

      Қажет болған жағдайда жылжымалы СТК отырыстары, сонымен қатар СТК және архивтердің әдістемелік кеңестерінің бірлескен отырыстары өткізіледі.

      10. СТК отырысы, егер оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда құқылы деп есептеледі.

      11. СТК-да қарау үшін құжаттар отырысқа дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады. Хатшы СТК мүшелеріне материалдарды СТК отырысына дейін жеті жұмыс күні бұрын жолдайды.

      12. СТК мүшелері сараптамаға ұсынылған материалдарды зерделейді, сараптамалық қорытындылар әзірлейді және отырысқа дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей оларды хатшыға СТК отырыстарында талқылау үшін жолдайды.

      13. СТК мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. СТК шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Егер СТК мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданған болып есептеледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      СТК мүшелерінің СТК хаттамасына ескертулері, ерекше пікірлері мен толықтырулары жазбаша түрде баяндалады және хаттамаға қоса беріледі.

      СТК шешімдері СТК төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      14. Егер СТК мүшесінің қарастырылатын мәселеге қатысты тікелей немесе жанама мүдделілігі болса, СТК мүшесі материалдарды қарауға қатыспайды.

      Егер СТК мүшесінің тікелей немесе жанама мүдделілігі болған жағдайда, ол бұл туралы СТК төрағасын, мүшелерін және хатшысын хабардар етеді.

      15. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген және СТК-ға ұсынылған жобаларды келісу СТК хаттамасының күнін, нөмірін көрсете отырып келісу грифімен ресімделеді.

      16. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген және СТК-ға ұсынылған жобаларды бекіту СТК хаттамасының күнін, нөмірін көрсете отырып бекіту грифімен ресімделеді.

5-параграф. СТК қызметінің тоқтатылуы

      17. СТК-ның қызметі архив басшысының шешімімен тоқтатылады.

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 31 наурыздағы
№ 119-НҚ бұйрығына
3-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7343 болып тіркелген).

      2. "Орталық сараптау-тексеру Комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардың сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 242 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8919 болып тіркелген).

      3. "Орталық сараптау-тексеру Комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардың сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат Министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 91 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9937 болып тіркелген).

      4. "Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардың сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 355 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16227 болып тіркелген).

      5. "Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № 259 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17430 болып тіркелген).

      6. "Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 344 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25052 болып тіркелген).

      7. "Кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 275-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34673 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімінің 1-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады