Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) қызметке қабылданумен және бос лауазымдарға орналасумен байланысты кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығынның (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26496 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |