Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 54-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 7 сәуірде № 35951 болып тіркелді

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 32) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің м.а.
Н. Алдамжаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің м.а.
2025 жылғы 4 сәуірдегі
№ 54-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесі

      1. Сумен жабдықтау саласында:

      1) суды каналдар арқылы беру;

      2) тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады