ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Турсынбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 137 Бұйрығымен бекітілген |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10273 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларында:
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12479 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ көрсетілген бұйрықпен бекітілген аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыру қағидаларында:
8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.";
14 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Емтихан нәтижесі осы Қағиданың 4-ші Қосымшасына сәйкес нысан бойынша сертификатпен рәсімделеді.".
3. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 186 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20340 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.";
11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.".
4. "Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 187 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20338 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын
"Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет нәтижесін берудің жалпы мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.";
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.";
6-1 тармақ алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 208 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20435 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қауіпті өндірістік объектілерде, қауіпті техникалық құрылғыларда технологияларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында баяндалған (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі).";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін жолдайды.
Сараптама қорытындысы Негізгі талаптар тізбесіне қосымшада көзделген талаптарды қамтиды. Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылады немесе құжаттардың көшірмелері тігіледі және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрауды қабылдау туралы мәртебесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін корсете отырып көрсетіледі.
Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет нәтижесін берудің жалпы мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";
7-1 тармақ алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. "Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдар саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 234 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.";
9-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 51-бабына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасайды.";
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
7. "Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 454 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24508 болып тіркелген) мына өзгерістер:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.";
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
8. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 463 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24449 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларында:
11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) баяндалған.";
13 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мәліметтерінің дұрыстығын тексереді және ұсынылған құжаттар мәліметтерінің дұрыс емес фактісі анықталған жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға (бұдан әрі - Дәлелді бас тарту) сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Ұсынылған құжаттардағы мәліметтер дұрыс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесіне негізгі талаптар тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытынды алу үшін сұрау салу жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі көрсетілетін қызметті алушының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес негізгі талаптар тізбесіне сәйкес қойылатын талаптарға сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының негізгі талаптар тізбесіне сәйкес қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасайды.
Көрсетілетін қызметті алушының осы негізгі талаптар тізбесіне сәйкес қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Дәлелді бас тартуды немесе Куәлікті ресімдейді.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
9. "Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24574 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.";
20-тармақтын бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның орнындағы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.".
"Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" Веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру немесе дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті тұтынушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) қызмет көрсетушінің интернет-ресурсында; 2) www.egov.kz. порталында. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: "1414", +7 (800) 080 7777. |
"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" Веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу немесе дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті тұтынушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) өтінім; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
"Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" Веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру немесе дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті тұтынушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
"Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне Қосымша |
Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының құрамы |
1. Технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды қамтиды: |
"Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" Веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 10 (он) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру немесе дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
1) қызметтің осы түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде - 22 айлық есептік көрсеткіш; |
7 | Жұмыс кестесі | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті тұтынушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
"Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" Веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру немесе дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
"Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Комитет) – екі және одан да көп облыстар, сондай-ақ стратегиялық объектілер шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы (бұдан әрі – жобалау құжаттамасы). |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" Веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі – ортал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 15 (он бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Келісу хаты немесе дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті тұтынушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) жеткіліксіздікті анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету негізгі талаптар тізбесі: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" Веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі – ортал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 13 (он үш) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына куәлік (бұдан әрі - Куәлік) немесе дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті тұтынушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Аттестаттау кезінде тау-кен құтқару жұмыстарына: |