Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 129 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 сәуірде № 36025 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-I бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1956 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
С. Аблалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 21 сәуірдегі
№ 129 Бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
2002 жылғы 17 шілдедегі
№ 251-I бұйрығымен
бекітілген

Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-25) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заңы) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мұнаймен болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайланылады:

      1) кеме – сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздігінен жүзетін немесе өздігінен жүзбейтін жүзбелі құрылыс;

      2) кеме иесі – кеменің меншік иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негізде пайдаланатынына қарамастан, кемені өз атынан пайдаланатын тұлға;

      3) кеменің меншік иесі – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 болып тіркелген) Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға.

      4) ластанудан болатын залал – мұнайдың ағуы немесе төгiлуi қай жерде болса да, мұндай ағу немесе төгiлу салдарынан болған кеме сыртындағы ластанудан келтiрiлген шығындар немесе залалдар және алдын алу шараларының құнынан және бұдан басқа алдын алу шараларымен келтiрген шығындар мен залалдардан тұрады;

      5) мұнай – олардың кеменiң бортында жүк ретiнде немесе осындай кеменiң отын танкерлерiнде тасымалданғанына қарамастан кез келген тұрақты мұнай, соның iшiнде шикi мұнай, мазут, ауыр дизель отыны, жағар май және кит майы;

      6) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті.

2-тарау. Қазақстан Республикасында тіркелген кемелерге куәлік беру

      3. Мұнаймен болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік (бұдан әрі – Куәлік) түзетулерімен қоса 1969 жылғы Мұнаймен ластанудан келтірілген залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы халықаралық конвенцияға сәйкес осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген кемелерге кеме иесінің өтініші және сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы полис негізінде беріледі.

      4. Жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) куәлікті алу үшін Порттың теңіз әкімшілігіне кеңсе арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Куәлік беруге өтініш жібереді.

      "Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі).

      5. Порттың теңіз әкімшілігі құжаттарды қараудың, куәландырудың және Куәлік берудің жалпы мерзімі құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкестігін бір (1) күн ішінде тексереді.

      Құжаттар сәйкес болған кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында баяндалған Куәлікті қалыптастырады, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      7. Уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

      8. Куәлік қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалынады және сақтандыру полисінің немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету құжатының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

      9. Куәліктің қолданылуы мынадай:

      1) Куәліктің қолданылу мерзiмi өткен;

      2) кеменiң жалпы сыйымдылығы өзгерген;

      3) сақтандыру туралы полистің немесе өзге қаржылық қамтамасыз етудің болуы туралы құжаттың күшін жойған жағдайларда тоқтатылады.

      10. Кеме иесі немесе кеменің меншік иесі Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда Порттың теңіз әкімшілігі кеме иесінің немесе кеменің меншік иесінің еркін нысанда жасалған Куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініші бойынша оған көрсетілген Куәліктің телнұсқасын өтінішті алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде береді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған орган әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оның әкімшілік ісін шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі шағымданудан кейін жүзеге асырылады.

      Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам болмаған жағдайда, әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) сотқа шағым жасалуы мүмкін, бұл туралы әкімшілік іс бойынша шешім қабылдау кезінде әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган әкімшілік рәсім қатысушысына хабар береді.

  Мұнайдан болатын ластанудан
залал үшін азаматтық
жауапкершілікті сақтандыру
немесе өзге де қаржылық
қамтамасыз ету туралы куәлікті
беру қағидаларына
1-қосымша

Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы КУӘЛIК СВИДЕТЕЛЬСТВО о страховании или ином финансовом обеспечении гражданской ответственности за ущерб от загрязнения нефтью CERTIFICATE of insurance or other financial security in respect of civil liability for oil pollution damage

      1969 жылғы Мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру туралы халықаралық конвенцияның VII бабына сәйкес берілген.

      Выдано в соответствии с положениями статьи VII Международной конвенции о гражданской ответственности за ущерб от загрязнения нефтью 1969 года.

      Issued in accordance with the provisions of article VII of the International Convention on Civil Liability for Oil Pollution Damage, 1969.

Кеменің атауы/
Название судна/
Name of ship

Айырым нөмірі немесе белгілері/
Отличительный номер или знаки/ Destinctive number or letters

Кеменің тіркелген порты/
Порт приписки/
Port of registry

Кеме меншік иесінің атауы және мекенжайы/
Наименование и адрес собственника судна/Name and address of shipowner





      Осымен жоғарыда аталған кеме, 1969 жылғы Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру туралы халықаралық конвенцияның III бабының талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру полисiнің немесе өзге де қаржылық қамтамасыз етудiң бар екенiн куәландырады.

      Настоящим удостоверяется, что названное выше судно имеет страховой полис или иное финансовое обеспечение, удовлетворяющее требованиям статьи III Международной конвенции о гражданской ответственности за ущерб от загрязнения нефтью 1969 года.

      This is to certify that the vessel named above has an insurance policy or other financial security that satisfies the requirements of Article III of the International Convention on Civil Liability for Oil Pollution Damage, 1969.

      Қамтамасыз ету түрi/Вид обеспечения/Type of security:

      __________________________________________________________________

      Қамтамасыз етудiң қолданылатын мерзiмi/Срок действия обеспечения /Duration of security:

      ___________________________________________________________________

      Сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе қаржымен қамтамасыз етудi ұсынған тұлғаның (тұлғалардың) атауы және мекен-жайы/ Наименование и адрес страховщика (страховщиков) и/или лица (лиц), предоставивших финансовое обеспечение/Name and address of the insurer(s) and/or guarantor(s):

      ___________________________________________________________________

      Атауы/Наименование/Name:______________________________________

      Мекенжайы/Адрес/Address: _____________________________________

      Осы куәлiк ______________________________________________ дейін қолданылады//Настоящее свидетельство действительно до/This certificate is valid until

      Берiлген/Выдано в/Issued in:

      ______________________________________________________________

      (Орын/Место/Place)                         (Уақыт/Дата/Date)

      ___________________________

      (Теңiз портының капитаны/

      Капитан морского порта/

      Sea harbor Master

  Мұнайдан болатын ластанудан
залал үшін азаматтық
жауапкершілікті сақтандыру
немесе өзге де қаржылық
қамтамасыз ету туралы
куәлік беру қағидаларына
2-қосымша

Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті беру үшін өтініш

      1. Кеменің атауы ______________________________________________

      2. Халықаралық теңіз ұйымы берген кеменің сәйкестендіру нөмірі _______________________________

      3. Шақыру сигналы___________________________________________

      4. Тіркелген порты____________________________________________

      5. Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Бербоут-чартерлік тізілімінде тіркеу нөмірі ________________________________________________

      6. Кеменің иесі (жалдаушы) атауы________________________________

      7. Кеменің иесінің (жалдаушының) мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы __________________________________________________

      8. Кеменің меншік иесі атауы____________________________________

      9. Кеменің меншік иесінің мекенжайы, телефоны және электрондық поштасы _____________________________________________________________

      10. Қамтамасыз ету түрi_________________________________________

      11. Қамтамасыз етудiң қолданылатын мерзiмi______________________

      12. Сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе қаржымен қамтамасыз етудi ұсынған тұлғаның (тұлғалардың) атауы _______________________________________________________________

      13. Сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе қаржымен қамтамасыз етудi ұсынған тұлғаның (тұлғалардың) мекенжайы __________________________________________________________

      14. Көрсетілетін қызметті алушының қолы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _____________________________________________

      Күні ________________

  Мұнайдан болатын ластанудан
залал үшін азаматтық
жауапкершілікті сақтандыру
немесе өзге де қаржылық
қамтамасыз ету туралы куәлік
беру қағидаларына
3-қосымша

"Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті беру

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Порттың теңіз әкімшілігі

3

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілдері (қолжетімділік арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

қағаз

6

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе басқа да қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесінің нысаны: қағаз.

7

Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – дүйсенбіден жұмаға дейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

9

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кеңсе арқылы көрсетілетін қызметті алушының тірі қолы және оның мөрімен (бар болса) қол қойылған құжаттың сканерленген көшірмесі нысанында не көрсетілетін қызметті алушының тірі қолымен және оның мөрімен (бар болса) қол қойылған қағаз құжат нысанында берілген өтініш;
2) сақтандыру туралы полистің немесе өзге қаржылық қамтамасыз етудің, оның ішінде банктің немесе осыған ұқсас мекеменің кепілдігінің болуы туралы құжаттың сканерленген көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, обьектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Байланыс телефон нөмірлері: көрсетілетін қызметті беруші: +77292290974;
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +77172906984.

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 21 сәуірдегі
№ 129 Бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Индустрия инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 28 наурыздағы
№ 187 бұйрығына
1-қосымша

Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-45) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңы) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Суға батқан кемелерді аластағаны үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кеме – сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздігінен жүзетін немесе өздігінен жүзбейтін жүзбелі құрылыс;

      2) кеме иесі – кеменің меншік иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негізде пайдаланатынына қарамастан, кемені өз атынан пайдаланатын тұлға;

      3) кеменің меншік иесі – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 болып тіркелген) Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға.

      4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті.

2-тарау. Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру тәртібі

      3. Суға батқан кемелерді аластағаны үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік (бұдан әрі – Куәлік) 2007 жылғы Суға батып кеткен кемелерді жою туралы Найроби халықаралық конвенциясының талаптарына сәйкес 300 және одан жоғары тіркелген тонна жалпы сыйымдылығы бар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзетін кемелерге беріледі.

      4. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Куәлікті алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кеңсе арқылы Порттың теңіз әкімшілігіне Куәлік беруге өтініш жібереді.

      "Суға батқан кемелерді аластағаны үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі).

      5. Порттың теңіз әкімшілігі құжаттарды қараудың, куәландырудың және Куәлік берудің жалпы мерзімі құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды 1 (бір) күн ішінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Құжаттар сәйкес болған кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында баяндалған негіздер болған кезде Куәлікті қалыптастырады, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      7. Уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

      8. Куәлік қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалынады және сақтандыру полисінің немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету құжатының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

      9. Куәліктің қолданылуы мынадай:

      1) Куәліктің қолданылу мерзiмi өткен;

      2) кеменiң жалпы сыйымдылығы өзгерген;

      3) сақтандыру туралы полистің немесе өзге қаржылық қамтамасыз етудің болуы туралы құжаттың күшін жойған жағдайларда тоқтатылады.

      10. Кеме иесі немесе кеменің меншік иесі Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда Порттың теңіз әкімшілігі кеме иесінің немесе кеменің меншік иесінің еркін нысанда жасалған Куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініші бойынша оған көрсетілген Куәліктің телнұсқасын өтінішті алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде береді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған орган әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оның әкімшілік ісін шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі шағымданудан кейін жүзеге асырылады.

      Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам болмаған жағдайда, әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) сотқа шағым жасалуы мүмкін, бұл туралы әкімшілік іс бойынша шешім қабылдау кезінде әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган әкімшілік рәсім қатысушысына хабар береді.

  Суға батқан кемелерді
аластағаны үшін
жауапкершілікті сақтандыру
немесе өзге де қаржылық
қамтамасыз ету туралы куәлікті
беру қағидаларына
1-қосымша

Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті алу үшін өтініш

      1. Кеменің атауы ______________________________________________

      2. Халықаралық теңіз ұйымы берген кеменің сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________________

      3. Шақыру сигналы _______________________________________________

      4. Тіркелген порты ________________________________________________

      5. Жалпы сыйымдылық____________________________________________-

      6. Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Бербоут-чартерлік тізілімінде тіркеу нөмірі ____________________________________

      7. Кемені пайдаланушының (жалға алушының) атауы____________________

      7. Кемені пайдаланушының (жалға алушының) мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы_________________________________________________

      8. Кеменің меншік иесінің атауы __________________________________

      9. Кеменің меншік иесінің мекенжайы, телефоны және электрондық поштасы ___________________________________________

      10. Қамтамасыз ету түрi_________________________________________

      11. Қамтамасыз етудiң қолданылатын мерзiмi______________________

      12. Сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе қаржымен қамтамасыз етудi ұсынған тұлғаның (тұлғалардың) атауы___________________________________________________________

      13. Сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе қаржымен қамтамасыз етудi ұсынған тұлғаның (тұлғалардың) мекенжайы__________________________________________________________

      ____________________________________________________

      10. Көрсетілетін қызметті алушының қолы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _________________________________________________ Күні ________________

  Суға батқан кемелерді
аластағаны үшін
жауапкершілікті сақтандыру
немесе өзге де қаржылық
қамтамасыз ету туралы
куәлікті беру қағидаларына
2-қосымша

"Суға батқан кемелерді аластағаны үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Суға батқан кемелерді аластағаны үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті беру

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Порттың теңіз әкімшілігі

3

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілдері (қолжетімділік арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

қағаз

6

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесінің нысаны: қағаз.

7

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші –Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленген кестеге сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін

9

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кеңсе арқылы көрсетілетін қызметті алушының тірі қолы және оның мөрімен (бар болса) қол қойылған құжаттың сканерленген көшірмесі нысанында не көрсетілетін қызметті алушының тірі қолымен және оның мөрімен (бар болса) қол қойылған қағаз құжат нысанында берілген өтініш;
2) сақтандыру туралы полистің немесе өзге қаржылық қамтамасыз етудің, оның ішінде банктің немесе осыған ұқсас мекеменің кепілдігінің болуы туралы құжаттың сканерленген көшірмесі.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, обьектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Байланыс телефон нөмірлері: көрсетілетін қызметті беруші: +77292290974;
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +77172906984.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады