Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
М. Карабаев |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2023 жылғы 28 наурыздағы № 187 бұйрығына 1-қосымша |
Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабы 3-тармағының 55-45) тармақшасына сәйкес әзірленді және Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясының талаптарына сәйкес суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) кеме - сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздігінен жүзетін немесе өздігінен жүзбейтін жүзбелі құрылыс;
2) кеме иесі - кеменің меншік иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негізде пайдаланатынына қарамастан, кемені өз атынан пайдаланатын тұлға;
3) кеменің меншік иесі – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 болып тіркелген) Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға.
3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Әскери-Теңіз Күштерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі теңіз бөлімдерінің туын көтеріп жүзетін кемелерге қолданылмайды.
2-тарау. Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру тәртібі
4. Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті (бұдан әрі - Куәлік) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін, жалпы сыйымдылығы 300 және одан да көп тіркелімдік тонна кемелерге беріледі.
5. Кеменің меншік иесі немесе кеме иесі Куәлік алу үшін Порттың теңіз әкімшілігіне мынадай мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда Куәлік беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді:
1) Халықаралық Теңіз Ұйымы (IMO) берген кеменің атауы, шақыру сигналы, жалпы сыйымдылығы, тану нөмірі;
2) тіркеу порты;
3) кеменің меншік иесінің атауы мен мекенжайы;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімі бербоут-чартерлік тізілімі немесе халықаралық кеме тізілімі бойынша кеменің тіркеу нөмірі;
5) кеме иесі (бар болса) және оның мекен-жайы.
6. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
1) теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлік;
2) кемеге меншік құқығы туралы куәлік;
3) сақтандыру туралы полис немесе өзге қаржылық қамтамасыз етудің болуы туралы құжат, оның ішінде банк кепілдігі немесе ұқсас мекеме.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге ұсынылған көшірмелердің түпнұсқалығын тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады.
7. Куәлікті беруді Порттың теңіз әкімшілігі кеме иесінің немесе кеменің меншік иесінің өтінішін және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
8. Куәлік сақтандыру туралы полистің немесе немесе өзге қаржылық қамтамасыз етудің болуы туралы құжаттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
9. Куәлік мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жасалады.
10. Куәліктің қолданылуы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) Куәліктің қолданылу мерзімінің өтуі;
2) кеменің жалпы сыйымдылығының өзгеруі;
3) сақтандыру туралы полистің немесе өзге қаржылық қамтамасыз етудің болуы туралы құжаттың күшін жоюы.
11. Куәліктің түпнұсқасы кеме бортында, ал оның көшірмесі Порттың теңіз әкімшілігінде сақталады.
12. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Куәлік беруден бас тартылады. Куәлік беруден дәлелді бас тарту өтініш берушіге өтініш алынған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде беріледі.
13. Кеме иесі немесе кеменің меншік иесі Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда, Порттың теңіз әкімшілігі кеме иесінің немесе кеменің меншік иесінің еркін нысанда жасалған Куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініші бойынша оған көрсетілген Куәліктің телнұсқасын өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде береді.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2023 жылғы 28 наурыздағы № 187 бұйрығына 2-қосымша |
Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік Свидетельство о страховании или ином финансовом обеспечении ответственности за удаление затонувших судов Certificate on insurance or other financial security in respect of liability for the removal of wrecks Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясының 12-бабының ережелеріне сәйкес берілді Выдано в соответствии с положениями статьи 12 Найробийской международной конвенции об удалении затонувших судов 2007 года Issued in accordance with the provisions of article 12 of the Nairobi international convention on the removal of wrecks, 2007
Кеменің атауы/ |
Жалпы сыйымдылығы/ |
Шақыру сигналы/ |
Кеменің IМО берген танып айыру нөмірі/ |
Тіркеу порты/ |
Тіргелген меншік иесінің негізгі коммерциялық кәсіпорнының атауы және толық мекенжайы/ |
Осы арқылы жоғарыда аталған кеменің Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясының 12-бабының талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру полисі немесе өзгеше қаржылық қамтамасыз етуі бар екені куәландырылады.
Настоящим удостоверяется, что названное выше судно имеет страховой полис или иное финансовое обеспечение, удовлетворяющие требованиям статьи 12 Найробийской международной конвенции об удалении затонувших судов 2007 года.
This is to certify that there is in force, in respect of the above-named ship, a policy of insurance or other financial security satisfying the requirements of article 12 of the Nairobi international convention on the removal of wrecks, 2007.
Қамтамасыз ету түрі/ Вид обеспечения/ Type of security ______________
__________________________________________________________________
Қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі/ Срок действия обеспечения/ Duration of security
___________________________________________________
Сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе кепілдің (кепілдердің) атауы және мекен-жайы: Наименование и адрес страховщика (страховщиков) и/или гаранта (гарантов)/ Name and address of the insurer(s) and/or guarantor(s):
Атауы/ Наименование/ Name _____________________________________
______________________________________________________________
Мекенжайы/ Адрес/ Address _______________________________________
________________________________________________________________
Осы куәлік мына күнге дейін жарамды/ Настоящее свидетельство действительно до/ This certificate is valid until _____________________________________________
Осы куәлікті Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілеттік беруі бойынша
_____________________________________ куәлік берген мекеменің толық атауы
______________________________________________________________ берді
Настоящее свидетельство выдано по уполномочию Правительства Республики Казахстан ____________________________________ полное наименование организации, выдавшей свидетельство
______________________________________________________________________
The present certificate is issued under the authority of the Government of the Republic of Kazakhstan ___________________________ full name of organization issued the certificate
______________________________________________________________________
_____________________________ _______________________ Орны/ Место/ Place
Күні/ Дата/ Date ____________________________________ Куәлікті берген немесе куәландырылған ресми адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы және лауазымы/ Фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись и должность официального лица, выдающего или удостоверяющего свидетельство/ Full name, signature and title of issuing or certifying official
Ескертпе/ Примечания/ Explanatory notes:
1. Егер қамтамасыз етудің жалпы сомасы бірнеше көзден ұсынылған қамтамасыз етуден тұрса, олардың әрқайсысының сомасын көрсету керек.
Если общая сумма обеспечения состоит из обеспечений, предоставленных из нескольких источников, следует указывать сумму каждого из них.
If the total amount of security has been furnished by more than one source, the amount of each of them should be indicated.
2. Егер ұсынылған қамтамасыз ету біркелкі болмаса, оларды атап көрсету керек.
Если предоставляемые обеспечения неоднородны, их необходимо перечислить.
If security is furnished in several forms, these should be enumerated.
3. "Қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі" жазбасы осы қамтамасыз ету күшіне енетін күнді қамтиды.
Запись "Срок действия обеспечения" содержит дату, в которую это обеспечение вступает в силу.
The entry "Duration of security" stipulates the date on which such security takes effect.
4. Сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе кепілдің (кепілдердің) "Мекенжайы" жазбасында сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе кепілдің (кепілдердің) негізгі коммерциялық кәсіпорнының орналасқан жері көрсетіледі. Тиісті жағдайларда сақтандыруды жүзеге асырған немесе басқа қамтамасыз етуді ұсынған кәсіпорынның орналасқан жері көрсетіледі.
В записи "Адрес" страховщика (страховщиков) и/или гаранта (гарантов) указывается местонахождение основного коммерческого предприятия страховщика (страховщиков) и/или гаранта (гарантов). В соответствующих случаях указывается местонахождение предприятия, которое осуществило страхование или предоставило другое обеспечение.
The entry "Address" of the insurer(s) and/or guarantor(s) indicates the principal place of business of the insurer(s) and/or guarantor(s). If appropriate, the place of business where insurance or other security is established is indicated.