Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 сәуірде № 36050 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 102-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 135 бұйрығына
1-қосымша

Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары

      1. Осы Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 102-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақылы көрсетілетін қызметті алушы – осы Қағидаларға сәйкес ақылы көрсетілетін қызметті алатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) сұрыптық сынақ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларына сәйкес жүргізілетін селекциялық жетістіктің патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығын сараптау және сынау.

      3. Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына және "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-4-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекемемен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде, сондай-ақ сараптама ұйымынан селекциялық жетістікке патент беруге өтінімнің (бұдан әрі – патент беруге өтінім) көшірмесі келіп түскен кезде ақылы көрсетілетін қызметті алушыға көрсетіледі.

      5. Өтініш сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің жауапты орындаушысымен өтініш тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Өтінішті қарау нәтижелері бойынша сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің жауапты орындаушысы ақылы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдау туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) электрондық мекенжайға жібереді.

      Егер өтініште толық емес мәліметтер болған жағдайда, ақылы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.

      6. Хабарлама берілген немесе патент беруге өтінім келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме мен ақылы көрсетілетін қызметті алушы арасында сұрыптық сынау саласындағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады. Тараптар арасындағы шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады.

      7. Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары "Сұрып сынағын өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19995 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.

      Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау нәтижесінде алынған өнімдердің өткізу бағалары өткізу сәтінде өңірде қалыптасқан нарықтық бағаларға сәйкес айқындалады.

      Қажетті құжаттардың тізімі, тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының прейскуранты мемлекеттік мекеменің интернет ресурсында орналастырылады.

      8. Қызметтерге ақы төлеу деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдана отырып және бақылау чегін (Webkassa 2.0 аппараттық-бағдарламалық кешені) бере отырып, сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің кассалары арқылы қолма-қол ақша арқылы не сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің "Ақылы қызметтердің қолма-қол ақшасын бақылау шоты" ағымдағы шотына аудару арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады.

      9. Ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру қорытындылары бойынша сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрыптық сынау саласындағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерінің көрсетілгені туралы хабарламаны, шот-фактураны және орындалған жұмыстар актісін жібереді.

      10. Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған қаражаты ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларына сәйкес:

      1) сұрыптық сынау станциялары мен учаскелерінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын және зертханалық зерттеулер жүргізуге;

      2) көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, тракторларды, комбайндарды, күштік машиналар мен жабдықтарды, генератор машиналарын, жұмыс машиналары мен жабдықтарды, өлшеу аспаптарын, реттеуші аспаптар мен құрылғыларды, зертханалық жабдықтарды, компьютерлік жабдықтарды, өзге де машиналар мен жабдықтарды, жалпы мақсатқа арналған механикаландырылған және механикаландырылмаған еңбек құралдарын, өндірістік мүкәммал мен керек-жарақтарды, шаруашылық мүкәммалын, өртке қарсы мақсатқа арналған заттарды, өзге де өндірістік және шаруашылық мүкәммал мен құралдарды сатып алуға;

      3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізуге;

      4) сұрыптық сынау саласындағы ауыл шаруашылығы және зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме тартатын штаттан тыс маусымдық, мамандар мен жұмысшыларға, техникалық персоналға, еңбекақы төлеуге;

      5) отын, жанар-жағармай материалдарын (май, тосол, отын, көмір, шымтезек, бензин, керосин, мазут, автол және басқа да жанар-жағармай материалдары), жанар-жағармай материалдарына талондар сатып алуға, сондай-ақ отынның барлық түрлерін тиеу, түсіру, тасымалдау және сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;

      6) өзге де материалдарды (отырғызу материалы, тұқымдар, тыңайтқыштар, пестицидтер, техникалық ақпарат тасығыштар, почта маркалары, таңбаланған конверттер, бланк өнімдері, кіріс (шығыс) хат-хабарларды тіркеу журналдары, картридждер, тонерлер) сатып алуға;

      7) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, дәрі қобдишаларын (автомобильдерге арналған дәрі қобдишаларын) сатып алуға;

      8) құрылыс және монтаждау жұмыстары процесінде пайдаланылатын құрылыс материалдарын (рукан (рубероид), араластырғыштар, раковиналар, унитаздар, себезгі кабиналар, ванналар, есік блогі, терезе блогі, коннектор, кәбіл каналы, есіктер, есіктегі тұтқалар, есік жеткізгіш, ойма құлып, розеткалар, ажыратқыштар, линолеум, ковролан) сатып алуға;

      9) шаруашылық материалдарын (электр желілік сүзгілерді, ұзартқыштарды, ыдыстарды, үй-жайларды күтіп ұстауға арналған тазалағыш, дезинфекциялағыш, жуғыш құралдарды, ауа тазартқыштарды, қоқысқа арналған қаптарды; шүберектерді, шаруашылық қолғаптарды, күректерге арналған саптарды, батареяларды, шпагаттарды, шлангілерді, дәретхана қағазын, қағаз сүлгілерді, үй-жайларды жинауға арналған керек-жарақтарды, кеңсе керек-жарақтарын, арнайы киімдер, қораптар, тұқымдарға арналған қаптар) сатып алуға;

      10) байланыстың барлық түрлерінің көрсетілетін қызметтеріне, оның ішінде интернет байланысы, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, үй-жайлар мен ғимараттарды жалға алуға, топырақты агрохимиялық зерттеп-қарау және мелиорациялық іс-шаралар жүргізу жөніндегі, таразылық және мамандандырылған жабдықтарды тексеру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;

      11) жазылым басылымдарын, ғылыми, әдістемелік және арнайы әдебиет сатып алуға;

      12) ғылыми, әдістемелік материалдар мен ресми бюллетеньдер шығаруға;

      13) мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;

      14) шетелдік хат-хабарды және ғылыми құжаттаманы аудару жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;

      15) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы және бағалы сұрыптарын жарнамалау және насихаттау жөніндегі бұқаралық іс-шараларды (дала күндері, семинарлар, көрмелер, экскурсиялар, таныстырылымдар) өткізуге;

      16) сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің жұмыс істеуімен байланысты ғимараттарды, құрылысжайлар мен объектілерді ағымдағы жөндеуге (жалпы құрылыс жұмыстары, гидрооқшаулау жұмыстары, электр сымдарын монтаждау және электр арматурасын орнату жөніндегі жұмыстар, электр байланысы жабдығын орнату жөніндегі электр монтаждау жұмыстары, ғимаратқа электр жабдығын орнату, жергілікті желі (электр) желілерін жүргізу, газдандыру, монтаждау (орнату), су құбыры есептегішін, электр есептегішті, күш қалқаншасын, электр автоматын, трансформаторды, сплит-жүйелерді, газ есептегішін демонтаждау, зертханалық жабдықты орнату);

      17) жылыту, кәріз, су құбыры жүйесіне техникалық қызмет көрсетуге, оны ағымдағы жөндеуге, дәнекерлеу жұмыстарына, су құбыры жұмыстарына, қоршаулар мен дуалдарды, қақпалар мен бастырмаларды, қақпаларды орнатуға, ауабаптағышты, ғимараттарға арналған антенналарды монтаждауға (орнатуға);

      18) сылау, сырлау жұмыстарына, шыны жұмыстарына, үй-жайда арақабырғалар орнатуға;

      19) жабдықтардағы, тракторлардағы, комбайндардағы, көлік құралдарындағы тозған бөлшектерді жөндеуге және ауыстыруға арналған қосалқы бөлшектерді (автомобиль қозғалтқыштары, аккумулятор, аккумуляторлық батареялар, трос, сермер, тығыздамалар, реле, су сорғысы, айқастырма, амортизаторлар және басқа да қосалқы бөлшектер), компьютерлік техниканы (негізгі плата, қатты диск, кулер, жедел есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогі) сатып алуға;

      20) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің және техникалық персоналдың, Қазақстан Республикасының шегінде және одан тыс жерлерге іссапар шығыстарына;

      21) сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің жұмыскерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге;

      22) жобалау құжаттамасын (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу және сараптау, жер учаскесінің топографиялық түсірілімін дайындау, жерге орналастыру жобасын әзірлеу, жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу, жер учаскесіне сәйкестіндіру құжатын дайындау және беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;

      23) ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге арналған көлік құралдарын жалдау шығындарына;

      24) ағымдағы шығындарға (айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялық төлемдер, кіру жарналары, мемлекеттік баж, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, олар бойынша өсімақылар мен айыппұлдар (әлеуметтік салықтан басқа));

      25) үй-жайларды, ғимараттарды, құрылысжайларды, беріліс құрылғыларын ресімдеу, сондай-ақ үй-жайлар, ғимараттар мен құрылысжайлар орналасқан жерді ресімдеу шығындарына;

      26) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау саласындағы нәтижелерді деректерін автоматты түрде өңдеуге офистік жабдықтарды, офистік техниканы, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды, вирусқа қарсы бағдарламаны, арнайы бағдарламалық қамтылымды сатып алуға және орнатуға;

      27) көлік құралдарын техникалық қарап-тексеру, иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;

      28) Webkassa 2.0 бағдарламалық қамтылымын орнату, оған қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге, бағдарламалық қамтылымды қолдау бойынша консультациялық қызмет көрсету деректерді өңдеу, дерекқорлар құру, мемлекеттік сұрыптық сынау саласындағы веб-порталдарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;

      29) қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жөніндегі көрсетілетін қызметтерге, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;

      30) көлік құралдарын диагностикалау, жөндеу, автомобиль майын ауыстыру, шиналарды монтаждау, резеңкені ауыстыру, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;

      31) электр энергиясын, суды, газды есепке алу аспаптарын мемлекеттік тексеруден өткізе және бағдарлама жасай отырып орнату үшін ақы төлеуге;

      32) баннерлер, бланкілер, қатты папкалар, алғыс хаттар, грамоталар, арнайы журналдар, мөртабандар, стендтер дайындауға;

      33) офистік техниканы, компьютерлер мен перифериялық құрылғыларды, принтерлерді, серверлік жабдықтарды, көшіру аппаратын, факсты, өрт дабылдамасы жүйелері мен өрт сөндіргіштерге арналған жабдықты жөндеу, құрастыру, орнату, оларға қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;

      34) өкілдік шығыстарға;

      35) жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге;

      36) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне инкассалық өкім ұсынылғанға дейін мемлекеттік мекеменің атқарушылық құжатты ерікті түрде орындауға;

      37) кепілдік жарнаны төлеуге;

      38) астықты сақтау жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге;

      39) ақпараттын тіркеу жүресіндегі клиенттің дербес шотына жылдық қызмет көрсеткені үшін абоненттік төлемақы төлеуге;

      40) аккредиттеу жөніндегі органның бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарының құнын төлеуге пайдаланылады.

  Сұрыптық сынау саласындағы
мемлекеттік мекеменің
тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді)
өткізуі бойынша ақылы қызмет
түрлерін жүзеге асыру, оның
тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді)
өткізуінен түсетін, өз иелігінде
қалатын ақшаны пайдалану
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарын сұрыптық сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы (010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 13-үй, "Іскер" бизнес орталығы, 11-қабат, 1111-кабинет)

Өтінім нөмірі


Тіркелген күні


Өтініш

      1. Өтiнiш берушi(лер)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)

      2. Почталық мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      3. Телефоны _______________________________________________________________

      4. Электрондық мекенжайы__________________________________________________

      Мен (біз)

      __________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметтің атауы)

      бойынша қызмет көрсетуді сұраймын (сұраймыз).

      Көрсетілетін қызмет туралы қосымша мәліметтер (көрсетілетін қызметке байланысты толтырылады):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Мен (біз) өзімде (өзімізде) бар мәліметтер бойынша өтінімді қарау үшін қажетті және осы

      өтінішке енгізілген ақпарат түпкілікті және дұрыс болып табылатынын мәлімдеймін (мәлімдейміз).

      Мен (біз) сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы ақылы қызмет түрлерін көрсетуге белгіленген

      бағалармен таныстым (таныстық) және уақтылы төлеуге кепілдік беремін (кепілдік береміз) деп мәлімдеймін (мәлімдейміз).

      Өтініш берушінің (өтініш берушілердің) қолы (қолдары) ___________ _____

  Сұрыптық сынау саласындағы
мемлекеттік мекеменің
тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді)
өткізуі бойынша ақылы қызмет
түрлерін жүзеге асыру, оның
тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді)
өткізуінен түсетін, өз иелігінде
қалатын ақшаны пайдалану
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Өтінішті қабылдау туралы хабарлама

      Орындаушы: _____________________________________________________________

      Тапсырыс беруші(лер):_____________________________________________________

      Өтінімнің тіркеу нөмірі:_____________________________________________________

      Өтінімді тіркеу күні: ________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметтің атауы: ________________________________________________

      Қоса берілген құжаттардың саны және атауы: __________________________________

      Өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды адам _________________________________

      __________________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Басшы __________ _________________________________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Сұрыптық сынау саласындағы
мемлекеттік мекеменің
тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді)
өткізуі бойынша ақылы қызмет
түрлерін жүзеге асыру, оның
тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді)
өткізуінен түсетін, өз иелігінде
қалатын ақшаны пайдалану
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама

      Орындаушы: _____________________________________________________________

      Тапсырыс беруші(лер):_____________________________________________________

      Өтінімнің тіркеу нөмірі:_____________________________________________________

      Өтінімді тіркеу күні: ________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметтің атауы: _______________________________________________

      Өтінішті қабылдаудан бас тарту себебі_________________________________________

      Басшы ____________ ______________________________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Сұрыптық сынау саласындағы
мемлекеттік мекеменің
тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді)
өткізуі бойынша ақылы қызмет
түрлерін жүзеге асыру, оның
тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді)
өткізуінен түсетін, өз иелігінде
қалатын ақшаны пайдалану
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Сұрыптық сынау саласындағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерінің көрсетілгені туралы хабарлама

      Орындаушы: ______________________________________________________________

      Тапсырыс беруші (лер):______________________________________________________

      Өтінімнің тіркеу нөмірі:_____________________________________________________

      Өтінімді тіркеу күні:________________________________________________________

      Көрсетілген қызметтің атауы:_________________________________________________

      Көрсетілетін қызметтің мәртебесі:_____________________________________________

      Төлеу сомасы:_____________________________________________________________

      Басшы ________ __________________________________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 135 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 4-2/956 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12331 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 4-6/1154 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтар тізбесінің 7-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13379 болып тіркелген).

      3. "Сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 4-2/956 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26846 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады