"Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 97 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 сәуірде № 36059 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34327 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 30 сәуірдегі
№ 97 Бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 30 сәуірдегі
№ 97 бұйрығымен
бекітілген

Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-2-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-анасының ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кетті деп танылуына, қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала;

      2) жетім бала – ата-анасының екеуі де немесе жалғызбасты ата-анасы қайтыс болған бала;

      3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік (бұдан әрі – тәлімгерлік) – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз бетінше өмір сүруге дайындауға жеке қолдау мен көмек көрсетуге бағытталған қызмет;

      4) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәлімгер (бұдан әрі – тәлімгер) – тәлімгерлік туралы үлгілік шарт негізінде тәлімгерлікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;

      5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы (бұдан әрі – Ұйым) – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұру орнын бере отырып, тәрбиелеу, білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасалатын білім беру ұйымы;

      6) тәлімгерлік жөніндегі ұйым – Ұйымдардағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының аумағында өтеусіз негізде жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым.

2 тарау. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі

      3. Ұйымдардағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті өтеусіз негізде жүзеге асыратын тәлімгер бекітіледі.

      4. Тәлімгер Ұйымдардағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға дербес өмірге дайындалуға жеке қолдау және көмек көрсетеді.

      5. Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары мыналарды қоспағанда:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ және кәмелетке толмаған адам;

      2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам;

      3) сот жұбайын (зайыбын) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған адам;

      4) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адам;

      5) өзіне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттетілген адам;

      6) бұрынғы бала асырап алушы, егер оның кінәсінен сот бала асырап алудың күшін жойса;

      7) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адам (бала асырап ала алмайтын, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдай алмайтын аурулардың тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi);

      8) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адам;

      9) дәстүрлi емес сексуалдық бағдарды ұстанатын адам;

      10) тәлімгер болып тағайындалған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;

      11) тәлімгерлік белгіленген кезде өзін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін кірісі жоқ адам;

      12) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрған адам;

      13) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру сияқты халық денсаулығына және адамгершілікке, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адам (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);

      14) тәлімгерлік бойынша оқытудан өтпеген адамдар тәлімгерлер болып табылады.

      Егер тәлімгер болып тағайындалатын адам некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрып жатса, жұбайына (зайыбына) не бірге тұратын адамдарға осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 10), 12) және 13) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.

      Тәлімгер болуға ниет білдірген адамдармен бірге тұратын өзге де адамдардың құрамына некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге қабылдаудың өзге де нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттермен байланысты бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ үйленбеген бірақ іс жүзінде бірге тұратын адамдар кіреді.

      6. Тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды тәлімгерлік жөніндегі ұйымдар, сондай-ақ Ұйымдар аталған ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      7. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – Орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның тәлімгерлік жөніндегі ұйыммен жасасатын тәлімгерлік туралы шарт жасасады.

      Орган мен тәлімгерлік жөніндегі ұйым арасында жасалатын шарт:

      1) тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарға консультациялық көмек көрсетуді, тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды, Ұйымдардағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлерді іріктеуді, тәлімгерлерді сүйемелдеуді, сондай-ақ тәлімгерлерге құқықтық және психологиялық көмек көрсетуді;

      2) тәлімгерлік жөніндегі ұйымның және Органның құқықтары мен міндеттерін;

      3) шартты тоқтатудың негiздерiн көздейді.

      8. Тәлімгер болуға ниет білдірген адам Органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгер болуға ниет білдіру туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      3) егер некеде тұрған жағдайда жұбайының (зайыбының) келісімі. Егер ерлі-зайыптылар іс жүзінде отбасылық қатынастарын тоқтатқан болса немесе бір жылдан астам уақыт бөлек тұрса, екiншi жұбайының келiсiмi талап етiлмейдi;

      4) "Адамның бала асырап алуы, оның қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген тәлімгер болғысы келетін адамның және оның жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы, егер некеде тұрса, адам тәлімгер бола алмайтын аурулар тізбесіне сәйкес аурулардың жоқтығын растайтын анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес динамикалық байқауда тұрғаны туралы (немесе динамикалық бақылаудың болмауы) қарау режиміндегі мәлімет;

      5) соттылығының болуы не болмауы туралы, сондай-ақ егер некеде тұрса жұбайына (зайыбына) анықтама;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін табысты растайтын анықтама.

      9. Тәлімгер болуға ниет білдірген адам құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Орган өтініш берілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады (еркін нысанда).

      Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес екендігі анықталса, Орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде тәлімгер болуға ниет білдірген адамды осы Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкестігін қарайды.

      10. Тәлімгер болуға ниет білдірген адам осы Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкес келген кезде Орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде тәлімгер болуға ниет білдірген адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларына тексеру жүргізеді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін жасайды.

      11. Тиісті тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар белгіленбеген кезде Орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлерді іріктеу процесіне одан әрі қатысудан бас тарту (еркін нысанда) туралы алдын ала дәлелді шешім береді.

      Орган тәлімгер болуға ниет білдірген адамға бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тәлімгер болуға ниет білдірген адамға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Орган тәлімгер болуға ниет білдірген адамды тыңдау туралы өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді.

      Тәлімгер болуға ниет білдірген адам бас тарту туралы алдын ала дәлелді шешімге қарсылықты бас тартуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады немесе білдіреді.

      Шешімге шағымдану тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен реттеледі.

      12. Қолайлы тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар белгіленген кезде Орган тәлімгер болуға ниет білдірген адамды тәлімгерлік жөніндегі ұйымда оқудан өту қажеттілігі туралы жазбаша түрде (еркін нысанда) хабардар етеді.

      13. Оқу аяқталғаннан кейін тәлімгер болуға ниет білдірген адам Органға тәлімгерлік бойынша оқудан өткені туралы сертификат береді.

      14. Орган тәлімгер болуға ниет білдірген адамнан тәлімгерлік бойынша оқудан өткені туралы сертификат алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәлімгерлік туралы шарт жасасу мүмкіндігі туралы қорытынды шығарады.

      15. "Тәлімгер-бала" жұбын таңдауды Ұйым, Орган және тәлімгерлік жөніндегі ұйым жүзеге асырады.

      16. Ұйым тәлімгерді баланың өмір тарихымен, оның физикалық және психикалық даму ерекшеліктерімен, мінез-құлқымен, қабілеттерімен, мінез ерекшеліктерімен таныстырады.

      17. Балаға тәлімгер тағайындау он жасқа толған баланың пікірі мен келісімін ескере отырып жүзеге асырылады. Бір тәлімгерге бір бала бекітіледі.

      18. Тәлімгерлікті осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орган, Ұйым және тәлімгер арасында жасалатын жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік ету туралы үлгілік шартқа сәйкес тәлімгер жүзеге асырады.

      Тәлімгер өзінің тұрғылықты жері бойынша тәлімгерлікті жүзеге асырады.

      19. Тәлімгерлік туралы шарт әр балаға жеке жасалады.

      Шарт біржақты тәртіппен бала кәмелетке толған кезде бұзылады, бұл ретте Орган бала кәмелетке толғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын тәлімгерге және Ұйымға шартты бұзу туралы хабарлама береді. Осы мерзім ішінде тәлімгер баламен кездесуді жалғастырады және оны қарым-қатынасты аяқтауға дайындайды.

      20. Тәлімгерлік туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу:

      1) осы Қағидаларда көзделген талаптар сақталмаған немесе бұзылған кезде Органның, Ұйымның бастамасы бойынша;

      2) тәлімгердің бастамасы бойынша дәлелді себептер болған кезде (ауру, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, бала арасындағы жанжалды қатынастар);

      3) Ұйым тәрбиеленушісінің бастамасы бойынша өзіне қатысты тәлімгерлікті жүзеге асырудан бас тартқан кезде;

      4) бала немесе тәлімгер қайтыс болған жағдайда;

      5) баланы ата-анасына қайтарған, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге, қабылдаушы отбасына берген немесе бала асырап алынған кезде.

      21. Тәлімгер баланың тұрғылықты жері бойынша Ұйымға барады, сондай-ақ баланың және Ұйым басшысының келісімімен тәлімгерлік туралы шартта белгіленген шарттарда тұрғылықты жерінен тыс жерде баламен жолыға алады.

      22. Балаға медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымға орналастыру немесе оны ішкі істер органдарына жеткізу жағдайларын қоспағанда, тәлімгер баламен оның тұрғылықты жерінен тыс жерде қарым-қатынас жасау кезінде баланы үшінші тұлғалардың (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) қадағалауына қалдырмайды.

      23. Баланың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төнсе, ауырса, жарақат алса, балаға медициналық көмек көрсетілу үшін медициналық ұйымға орналастырса немесе оны ішкі істер органдарына жеткізу жағдайы туындаса тәлімгер Орган мен Ұйымды дереу хабардар етеді.

      24. Білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) тәлімгер балаға қосымша білім беру, тәрбие және медициналық қызметтерін алуға көмек көрсетеді.

      25. Тәлімгерлікке тартылған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды Орган, Ұйым, тәлімгерлік жөніндегі ұйым және тәлімгер жүзеге асырады.

  Жетім балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға тәлімгерлікті
ұйымдастыру Қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның тәлімгерлік жөніндегі ұйыммен жасасатын тәлімгерлік туралы шарты

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге

      асыратын орган ______________________________________________________

                              (органның атауы)

      атынан _________________________________________________________,

      (уәкілетті лауазымды тұлғаның лауазымы, аты-жөні (болған жағдайда)

      тәлімгерлік жөніндегі ұйым _______________________________________

      (ұйымның атауы)

      атынан _________________________________________________________

      (басшының аты-жөні (болған жағдайда))

      жарғы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі Тараптар, төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1. Шарттың мәні

      1.1. Осы Шарттың мәні Тараптардың жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқыту жөніндегі міндеттемелерді орындауы болып табылады.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге орган:

      1) тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқыту процесін ұйымдастыруға жәрдемдесуге;

      2) осы Шарттың талаптары бұзылған кезде тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды жағдайды анықтағанға және шешкенге дейін оқытуды тоқтатуға құқылы.

      2.2. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган:

      1) тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқыту бағдарламасына сәйкес тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

      2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымындағы он жасқа толған балаға тәлімгерді іріктеуге қатысуға;

      3) тәлімгерлікке тартылған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      4) балалардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген кезде ден қою шараларын қабылдауға міндетті.

      2.3. Тәлімгерлік жөніндегі ұйым:

      1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған көлемде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты олардың заңды өкілдерінің келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алуға;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      2.4. Тәлімгерлік жөніндегі ұйым:

      1) тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарға консультациялық көмек көрсетуге;

      2) тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқыту бағдарламасына сәйкес тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды жүргізуге;

      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлерді іріктеуді жүзеге асыруға;

      4) тәлімгерлерге құқықтық және психологиялық көмек көрсете отырып, тәлімгерлік процесінде сүйемелдеуді қамтамасыз етуге;

      5) өз қызметі туралы тоқсан сайынғы есепті қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға ұсынуға;

      6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ тәлімгерлердің дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      7) бала орналасқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымын, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органды, ішкі істер органдарын тәлімгерлік жүзеге асырылатын баланың қайтыс болу, оған қатыгездікпен қарау, оның ішінде балаға қатысты күштеп немесе психикалық зорлық-зомбылықты жүзеге асыру, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғу фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.

3. Тараптардың жауапкершілігі

      3.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде олар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.

4. Қорытынды ережелер

      4.1. Шарт қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данада жасалды, олардың әрқайсысының заңды күші бірдей.

      4.2. Осы Шарт 1 (бір) жыл мерзімге жасалады және қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді. Шарт тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

      4.3. Осы Шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

5. Тараптардың қолдары

Қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын орган:
Заңды мекенжайы ______________
Лауазымды тұлға ________________
"____"_________________________

Тәлімгерлік жөніндегі ұйым:
_________________________________
(ұйымның толық атауы)
Заңды мекенжайы
_________________________________
Басшы ___________________________
"____"___________________________





Мөр орны (бар болса)

Мөр орны (бар болса)

  Жетім балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға тәлімгерлікті
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
  нысан
  ____________________________
(органның атауы)

Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгер болуға ниет білдіру туралы өтініш

      Мен, _________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгер ретінде менің кандидатурамды қарауды сұраймын.

      Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға тексеру жүргізуге қарсы емеспін.

      Ақпараттық жүйелерде сипатталған Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін.

      20____ жылғы "___" ___________

      қолы

  Жетім балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға тәлімгерлікті
ұйымдастыру Қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісі

      Тексеру жүргізілген күн _________________________________________

      Тексеру жүргізген ______________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      лауазымы, жұмыс орны)

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге

      асыратын органның мекенжайы және телефоны: _________________________

      1. ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы)

      тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары тексерілді.

      Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________

      Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) __________________________

      Нақты тұрғылықты жері _________________________________________

      Білімі _________________________________________________________

      Жұмыс орны ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы)

      ___________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________

      Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) __________________________

      Нақты тұрғылықты жері _________________________________________

      Білімі _________________________________________________________

      Жұмыс орны ___________________________________________________

      2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының жалпы сипаттамасы _________

      ___________________________________________________________________

      Тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат ___________________

      Тұрғын үйдің меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      ___________________________________________________________________

      Жалпы көлемі ______ (шаршы метр) тұрғын көлемі _____ (шаршы метр)

      Тұрғын бөлмелердің саны ___________, тіркеуде тұрғандар ___________

      (тұрақты, уақытша)

      Тұрғын үйдің жайлылығы ________________________________________

                        (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)

      Санитариялық-гигиеналық жай-күйі _______________________________

      (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

      3. Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған күні

Жұмыс орны, лауазымы немесе оқу орны

Туыстық қатынастары

Ескерту





 
Жүктеу

      4. Отбасының табысы туралы мәлімет: жалпы сома ____________, оның

      ішінде жалақы, басқа да табыстар _______________________________ (жазу).

      5. Отбасының сипаттамасы (отбасындағы адамдар арасындағы өзара

      қарым-қатынас, олардың жеке қасиеттері, қызығушылығы, балалармен қарым-

      қатынас тәжірибесі) _________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      6. Қорытынды (тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың болуы)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________ __________________________________________ _____________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)             (күні)

      Таныстым: ____________________________________________________

      (тәлімгер болуға ниет білдірген адамдың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      күні, қолы)

  Жетім балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға тәлімгерлікті
ұйымдастыру Қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Тәлімгерлік туралы шарт жасасу мүмкіндігі туралы қорытынды

      Тәлімгерлік туралы шарт жасасу мүмкіндігі туралы қорытынды берілді:

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Туған күні _____________________________________________________

      Мекенжайы (тұрғылықты жері) ___________________________________

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі

      функцияларды жүзеге асыратын орган __________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр орны (бар болса)

  Жетім балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға тәлімгерлікті
ұйымдастыру Қағидаларына
5-қосымша
  нысан

Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік ету туралы үлгілік шарт

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге

      асыратын орган ______________________________________________________

      (органның атауы)

      атынан _________________________________________________________,

      (уәкілетті лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      жарғы негізінде әрекет ететін және "Неке (ерлі-зайыптылық) отбасы туралы"

      Қазақстан Республикасы Кодексінің 122-бабы негізінде баланың заңды өкілі болып

      табылатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға

      арналған білім беру ұйымы

      ____________________________________________________________________,

                                    (ұйымның атауы)

      атынан _________________________________________________________,

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      сондай-ақ тәлімгер, ______________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Қазақстан Республикасының азаматы, жеке басын куәландыратын құжаттың

      нөмірі __________________________________, қашан және кім берді

      _____________ осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасастық.

1. Шарттың мәні

      1.1. Осы Шарттың мәні Тараптардың жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік ету жөніндегі міндеттемелерді орындауы болып табылады.

      1.2. Осы Шартқа қол қоя отырып, Тараптар тәлімгерлікті іске асыру жөніндегі ынтымақтастықты бастаудың, жүзеге асырудың және тоқтатудың жалғыз негізі жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды мүдделері және Тараптардың олардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуге ұмтылысы болып табылатынын мәлімдейді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның құқықтары мен міндеттері:

      1) тәлімгерлікке тартылған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      2) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік процесін ұйымдастыруға жәрдемдеседі;

      3) тәлімгердің баламен қарым-қатынасында қиындықтар туындаған кезде тәлімгермен қосымша кездесулер ұйымдастырады және өткізеді. Кейбір жағдайларда психологтер тәлімгермен осындай кездесуге қатыса алады;

      4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы әкімшілігінің келісімі бойынша тәлімгер осы Шарттың талаптарын бұзған кезде тәлімгердің баламен кездесуін жағдай анықталғанға және шешілгенге дейін тоқтата тұрады;

      5) балалардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген кезде жедел ден қою шараларын қабылдайды.

      2.2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы:

      1) "тәлімгер-бала" жұптарын іріктеуді жүзеге асырады;

      2) тәлімгерге тәлімгерлік қызметі туралы ақпарат береді, тәлімгердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

      3) тәлімгердің баламен кездесулерін ұйымдастыруға көмек көрсетеді;

      4) баланың психологиялық және мінез-құлық ерекшеліктері бойынша тәлімгерге ұсыныстар береді;

      5) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың эмоционалдық және мінез-құлық ерекшеліктері туралы білімдерін Тараптар арасында келісілген мерзімде кеңейтуге бағытталған тәлімгерлер үшін тренингтер ұйымдастырады;

      6) тәлімгерді интернет, кездесулер, телефон арқылы кеңес беру арқылы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының тәлімгері мен мамандарының тікелей қарым-қатынасы арқылы ақпараттық хабарламалармен тәлімгерлік жөніндегі қызметті жүзеге асыру процесінде сүйемелдейді;

      7) тәлімгердің баламен өзара іс-қимылында қиындықтар туындаған жағдайларда, сондай-ақ тәлімгерлік жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде тәлімгердің басқа қатысушылармен өзара іс-қимылында қиындықтар туындаған жағдайларда тәлімгермен қосымша кездесулер ұйымдастырады және өткізеді. Кейбір жағдайларда тәлімгермен мұндай кездесуге психологтер немесе білім беру ұйымының өкілдері тартылуы мүмкін;

      8) тәлімгердің өз міндеттемелерін адал орындауына негізделген күмән туындаған кезде тәлімгердің тәлімгерлік жөніндегі қызметті жүзеге асыруын тоқтата тұрады. Жағдайды жан-жақты зерделеу қорытындысы бойынша тәлімгердің тәлімгерлік жөніндегі қызметті жүзеге асыруын тоқтата тұру не жалғастыру туралы шешім қабылдайды.

      2.3. Тәлімгер:

      1) жеке жұмыс кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының ұсынымдарын ескереді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалған баланың құқықтарын сақтайды;

      2) шарттың қолданылу мерзімі ішінде туындайтын қиындықтар, проблемалар туралы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының мамандарын хабардар етеді және олармен байланыста болады;

      3) баламен эмоционалды маңызды, тұрақты және ұзақ мерзімді қарым-қатынасты қалыптастырады, оның жағымды құндылықтарын қолдайды және дамытады; оның әлеуетін дамытуға және оның күшті жақтарын ашуға көмектеседі; өзінің жеке мақсаттарын және оларға жету жолдарын анықтауға ықпал етеді; оған қысқа немесе ұзақ мерзімді мақсаттар қоюға көмектеседі; жоспарлаудың өмірдегі маңыздылығы туралы түсінік қалыптастырады; балаға дос және кеңесші болуға, лайықты үлгі болуға ұмтылады, балаға көмек көрсетеді, оның қабілеттері мен таланттарын дамытады; білім мен тәжірибені жеткізеді, оқудағы жетістіктерін қолдайды, өзін-өзі бағалауды арттырады; тәуелсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастырады.

      2.4. Тәлімгер:

      1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оның тұрғылықты жері бойынша балаға баруға, сондай-ақ баланың және осы білім беру ұйымы басшысының келісімімен тұрғылықты жерінен тыс жерде баламен қарым-қатынас жасауға;

      2) балаға білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) қосымша білім алуға, тәрбие және медициналық қызметтер алуға көмек көрсетуге;

      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымын бас тарту себептерін көрсете отырып, баламен қарым-қатынасты тоқтатудың болжамды күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын алдын ала міндетті жазбаша хабардар ете отырып, тәлімгерлік процесіне қатысудан бас тартуға құқылы. Осы мерзім ішінде тәлімгер баламен кездесуді жалғастырады және оны қарым-қатынасты аяқтауға дайындайды.

      2.5. Тәлімгердің:

      1) баланы елді мекен мен Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкетуге;

      2) балаға медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымға орналастыру немесе оны ішкі істер органдарына жеткізу жағдайларын қоспағанда, баламен оның тұрғылықты жерінен тыс жерде қарым-қатынас жасау кезінде баланы үшінші тұлғалардың (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) қадағалауына қалдыруға;

      3) баланы білім беру ұйымында болу тәртібін/ережелерін бұзуға итермелейтін әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасауға;

      4) баланы қандай да бір діни, саяси, идеологиялық бағыттарға/қозғалыстарға тартуға, оның жыныстық бағдарына әсер етуге, балаға өзінің осы тармақта белгіленген қалауын көрсетуге, оны заңсыз әрекеттерге тартуға;

      5) тәлімгерлік туралы шарттың талаптарын бұзуға құқығы жоқ.

      2.6. Тәлімгер:

      1) баланың өмірі мен денсаулығы үшін онымен бірге болу кезеңінде жауапты болуға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының басшысымен келісілген мерзімдерде баланы жеке өзі алып, қайтаруға;

      2) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға немесе жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына сонда тұрған баланың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдың туындағанын, оның ауруы, оның жарақат алуы, балаға медициналық көмек көрсетілуі үшін оны медициналық ұйымға орналастырылғаны туралы жедел түрде хабарлауға немесе оны ішкі істер органдарына жеткізуге;

      3) осы Шартты орындау жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, бала туралы ақпаратқа, оның эмоционалдық және физикалық жай-күйіне, биологиялық ата-аналары туралы ақпаратқа, білім беру ұйымдарындағы қатынастарға қатысты құпиялылықты сақтауға;

      4) баламен кездесулер күнделігін жүргізуге және есепті айдан кейінгі әрбір айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде баламен кездесулер туралы ай сайынғы есептерді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымына ұсынуға;

      5) тәлімгерлік туралы шарттың талаптарын сақтауға міндетті.

3. Тараптардың жауапкершілігі

      3.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде олар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.

4. Қорытынды ережелер

      4.1. Шарт қазақ және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалды, олардың әрқайсысының заңды күші бірдей.

      4.2. Осы Шарт 1 (бір) жыл мерзімге жасалады және қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

      4.3. Осы Шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

5. Тараптардың қолдары

Қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын орган:
Заңды мекенжайы ___________________
Лауазымды тұлға ____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
"____"__________________________

Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымы:
Заңды мекенжайы ___________________
Лауазымды тұлға ____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
"____"___________________________

 
Тәлімгер:
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мекенжайы _________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ____________
Жеке куәлігінің № ___________________,
___________________________ берілді


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады