Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 мамырда № 34327 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-2 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 30 сәуірдегі
№ 97 бұйрығымен
бекітілген

Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру ережелері

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру туралы (бұдан әрі – Қағидалар) осы қағидалар "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-2-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-анасының ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кетті деп танылуына, қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала;

      2) жетім бала (жетім балалар) – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала (балалар);

      3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік (бұдан әрі – тәлімгерлік) – жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз бетінше өмір сүруге дайындауға жеке қолдау мен көмек көрсетуге бағытталған қызмет;

      4) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәлімгер (бұдан әрі – тәлімгер) – тәлімгерлік туралы үлгілік шарт негізінде тәлімгерлікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;

      5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары (бұдан әрі – Ұйым) – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, қараусыз және панасыз қалған балаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1) – 3) және 9) тармақшаларында көзделген арнаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға тұрғылықты орын бере отырып, тәрбиелеу, білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасалатын білім беру жүйесінің ұйымдары.

2 тарау. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі

      3. Ұйымдардағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті өтеусіз негізде жүзеге асыратын тәлімгер бекітіледі.

      4. Тәлімгер ұйымдардағы жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға дербес өмірге дайындалуға жеке қолдау және көмек көрсетеді.

      5. Мыналар тәлімгер бола алмайды:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ және кәмелетке толмаған адам;

      2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам;

      3) жұбайын (зайыбын) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған адам;

      4) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адам;

      5) өзіне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттетілген адам;

      6) бұрынғы бала асырап алушы, егер оның кінәсінен сот бала асырап алудың күшін жойса;

      7) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адам (бала асырап ала алмайтын, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдай алмайтын аурулардың тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi);

      8) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адам;

      9) дәстүрлi емес сексуалдық бағдарды ұстанатын адам;

      10) тәлімгер болып тағайындалған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;

      11) тәлімгерлік белгіленген кезде өзін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін кірісі жоқ адам;

      12) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрған адам;

      13) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру сияқты, халық денсаулығына және адамгершілікке, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адам (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) тәлімгер бола алмайды.

      Егер тәлімгер болып тағайындалатын адам некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрып жатса, жұбайына (зайыбына) не бірге тұратын адамдарға осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) – 6), 10), 12) және 13) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.

      6. Тәлімгер болуға ниет білдірген адам қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға (бұдан әрі – Орган) мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      3) егер некеде тұрған жағдайда жұбайының (зайыбының) келісімі;

      4) "Адамның бала асырап алуы, оның қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген тәлімгер болғысы келетін адамның және оның жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы, егер некеде тұрса, адам тәлімгер бола алмайтын аурулар тізбесіне сәйкес аурулардың жоқтығын растайтын анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама;

      5) соттылығының болуы не болмауы туралы, сондай-ақ егер некеде тұрса жұбайына (зайыбына) анықтама;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін табысты растайтын анықтама.

      7. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша Орган тәлімгер болуға ниет білдірген адаммен әңгімелесу жүргізеді және әңгімелесуден оң өту нәтижелері бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде тәлімгер болуға ниет білдірген адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларына тексеру жүргізеді, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісін жасайды және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша тәлімгер болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды шығарады.

      8. "Тәлімгер-бала" жұбын таңдауды Ұйым мен Орган жүзеге асырады.

      9. Ұйым тәлімгерді баланың өмір тарихымен, оның физикалық және психикалық даму ерекшеліктерімен, мінез-құлқымен, қабілеттерімен, мінез ерекшеліктерімен таныстырады.

      10. Балаға тәлімгерді тағайындау он жасқа толған баланың пікірі мен келісімін, сондай-ақ Ұйым мен Органның келісімін ескере отырып жүзеге асырылады. Бір тәлімгерге бір бала бекітіледі.

      11. Тәлімгерлікті тәлімгерлік туралы шартқа сәйкес тәлімгер жүзеге асырады. Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес шарт нысаны бойынша Орган, Ұйым және тәлімгер арасында жасалады.

      12. Тәлімгерлік туралы шарт әр балаға жеке жасалады.

      Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда оны одан әрі ұзартуға немесе басқа балаға тәлімгерлік туралы жаңа шарт жасасуға болады.

      Шарт біржақты тәртіппен бала кәмелетке толған кезде бұзылады, бұл ретте Орган бала кәмелетке толғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын тәлімгерге және Ұйымға шартты бұзу туралы хабарлама береді. Осы мерзім ішінде тәлімгер баламен кездесуді жалғастырады және оны қарым-қатынасты аяқтауға дайындайды.

      13. Тәлімгерлік туралы шарт мерзімінен бұрын бұзу:

      1) осы Қағидаларда көзделген талаптар сақталмаған немесе бұзылған кезде Органның, Ұйымның бастамасы бойынша;

      2) тәлімгердің бастамасы бойынша дәлелді себептер болған кезде (ауру, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, бала арасындағы жанжалды қатынастар);

      3) Ұйым тәрбиеленушісінің бастамасы бойынша өзіне қатысты тәлімгерлікті жүзеге асырудан бас тартқан кезде;

      4) бала немесе тәлімгер қайтыс болған жағдайда;

      5) баланы ата-анасына қайтарған, туыстарына қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге, қабылдаушы отбасына берген немесе бала асырап алынған кезде.

      14. Тәлімгер баланың тұрғылықты жері бойынша Ұйымға барады, сондай-ақ баланың және Ұйым басшысының келісімімен тұрғылықты жерінен тыс жерде баламен жолыға алады.

      15. Баланы медициналық көмек көрсету немесе оны ішкі істер органдарына жеткізу үшін медициналық ұйымға орналастыру жағдайларын қоспағанда, тәлімгер баламен оның тұрғылықты жерінен тыс жерде қарым-қатынас жасау кезінде баланы үшінші тұлғалардың (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) қадағалауына қалдырмайды.

      16. Тәлімгер онымен бірге болу кезеңінде баланың өмірі мен денсаулығына жауап береді.

      17. Баланың өміріне және (немесе) денсаулығына, оның ауруына, жарақат алуына, баланы медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымға орналастыруға немесе оны ішкі істер органдарына жеткізуге қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде тәлімгер Орган мен Ұйымды дереу хабардар етеді.

      18. Білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) тәлімгер балаға қосымша білім беру, тәрбие және медициналық қызметтер алуға көмек көрсетеді.

      19. Тәлімгерлікке тартылған балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтауды Орган мен Ұйым жүзеге асырады.

  Жетім балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға тәлімгерлікті
ұйымдастыру Қағидаларына
1-қосымша

      нысан

  _________________________
(органның атауы)

Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгер болуға ниет білдіру туралы өтініш

      Мен, __________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған

      білім беру ұйымдарындағы жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз

      қалған балаларға тәлімгер ретінде менің кандидатурамды қарауды сұраймын.

      Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға тексеру жүргізуге қарсы емеспін.

      Ақпараттық жүйелерде сипатталған Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін.

      20__ жылғы "__" ______ қолы

  Жетім балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға тәлімгерлікті
ұйымдастыру Қағидаларына
2-қосымша

      нысан

Тәлімгер болу мүмкіндігі (мүмкіндігі емес) туралы қорытындысы

      Тәлімгер болу мүмкіндігі (мүмкіндігі емес) туралы қорытынды

      (керегінің астын сызу) берілді: _______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (болған жағдайда, толық)

      Туған күні _____________________________________________________

      Мекен-жайы (тұрғылықты жері)__________________________________

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық

      жөніндегі функцияларды

      жүзеге асыратын орган                   _____________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      М.О.

  Жетім балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға тәлімгерлікті
ұйымдастыру Қағидаларына
3-қосымша

      нысан

Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік ету туралы үлгілік шарт

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге

      асыратын орган ___________________________________________________________

      (органның атауы)

      атынан___________________________________________________________________,

      (уәкілетті лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің 122-бабы негізінде

      жарғы негізінде әрекет ететін және баланың заңды өкілі болып табылатын,

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған

      білім беру ұйымы _____________________________________________________,

      (ұйымның атауы)

      атынан__________________________________________________________________,

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      жарғы негізінде әрекет ететін, сондай-ақ Тәлімгер _________________________

      ____________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Қазақстан Республикасының азаматы, жеке басын куәландыратын құжаттың

      нөмірі_______________________________, қашан және кім берді _____________

      осы Шартты жасадық (бұдан әрі – "Шарт").

      1. Шарттың мәні

      1.1. Осы Шарттың мәні Тараптардың жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік ету жөніндегі міндеттемелерді орындауы болып табылады.

      1.2. Осы Шартқа қол қоя отырып, Тараптар тәлімгерлікті іске асыру жөніндегі ынтымақтастықты бастаудың, жүзеге асырудың және тоқтатудың жалғыз негізі жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүдделері және Тараптардың олардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуге ұмтылысы болып табылатынын мәлімдейді.

      2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның құқықтары мен міндеттері:

      1) тәлімгерлікке тартылған балалардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      2) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік процесін ұйымдастыруға жәрдемдеседі;

      3) тәлімгердің баламен қарым-қатынасында қиындықтар туындаған кезде тәлімгермен қосымша кездесулер ұйымдастырады және өткізеді. Кейбір жағдайларда психологтер тәлімгермен осындай кездесуге қатыса алады;

      4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы әкімшілігінің келісімі бойынша тәлімгер осы Шарттың талаптарын бұзған кезде тәлімгердің баламен кездесуін жағдай анықталғанға және шешілгенге дейін тоқтата тұрады;

      5) балалардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген кезде жедел ден қою шараларын қабылдайды.

      2.2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы:

      1) "тәлімгер-бала" жұптарын іріктеуді жүзеге асырады;

      2) тәлімгерге тәлімгерлік қызметі туралы ақпарат береді, тәлімгердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

      3) тәлімгердің баламен кездесулерін ұйымдастыруға көмек көрсетеді;

      4) баланың психологиялық және мінез-құлық ерекшеліктері бойынша тәлімгерге ұсыныстар береді;

      5) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың эмоционалдық және мінез-құлық ерекшеліктері туралы білімдерін Тараптар арасында келісілген мерзімде кеңейтуге бағытталған тәлімгерлер үшін тренингтер ұйымдастырады;

      6) тәлімгерді интернет, кездесулер, телефон арқылы кеңес беру арқылы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының тәлімгері мен мамандарының тікелей қарым-қатынасы арқылы ақпараттық хабарламалармен тәлімгерлік жөніндегі қызметті жүзеге асыру процесінде сүйемелдейді;

      7) тәлімгердің баламен өзара іс-қимылында қиындықтар туындаған жағдайларда, сондай-ақ тәлімгерлік жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде тәлімгердің басқа қатысушылармен өзара іс-қимылында қиындықтар туындаған жағдайларда тәлімгермен қосымша кездесулер ұйымдастырады және өткізеді. Кейбір жағдайларда тәлімгермен мұндай кездесуге психологтер немесе білім беру ұйымының өкілдері тартылуы мүмкін;

      8) тәлімгердің өз міндеттемелерін адал орындауына негізделген күмән туындаған кезде тәлімгердің тәлімгерлік жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қатысуын тоқтата тұрады. Жағдайды жан жақты зерделеу қорытындысы бойынша тәлімгердің тәлімгерлік жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қатысуын тоқтата тұру не жалғастыру туралы шешім қабылдайды.

      2.3. Тәлімгер:

      1) жеке жұмыс кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының ұсынымдарын ескереді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалған баланың құқықтарын сақтайды;

      2) шарттың қолданылу мерзімі ішінде туындайтын қиындықтар, проблемалар туралы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының мамандарын байланыстырады және хабардар етеді;

      3) баламен эмоционалды маңызды, тұрақты және ұзақ мерзімді қарым-қатынасты қалыптастырады, оның жағымды құндылықтарын қолдайды және дамытады; оның әлеуетін дамытуға және оның күшті жақтарын ашуға көмектеседі; өзінің жеке мақсаттарын және оларға жету жолдарын анықтауға ықпал етеді; оған қысқа немесе ұзақ мерзімді мақсаттар қоюға көмектеседі; жоспарлаудың өмірдегі маңыздылығы туралы түсінік қалыптастырады; балаға дос және кеңесші болуға, лайықты үлгі болуға ұмтылады, балаға көмек көрсетеді, оның қабілеттері мен таланттарын дамытады; білім мен тәжірибені жеткізеді, оқудағы жетістіктерін қолдайды, өзін-өзі бағалауды арттырады; тәуелсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастырады.

      2.4. Тәлімгердің құқықтары:

      1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оның тұрғылықты жері бойынша балаға бару, сондай-ақ баланың және осы білім беру ұйымы басшысының келісімімен тұрғылықты жерінен тыс жерде баламен қарым-қатынас жасау;

      2) балаға білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) қосымша білім беру, тәрбие және медициналық қызметтер алуға көмек көрсету;

      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымын бас тарту себептерін көрсете отырып, баламен қарым-қатынасты тоқтатудың болжамды күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын алдын ала міндетті жазбаша хабардар ете отырып, тәлімгерлік процесіне қатысудан бас тарту. Осы мерзім ішінде тәлімгер баламен кездесуді жалғастырады және оны қарым-қатынасты аяқтауға дайындайды.

      2.5. Тәлімгердің құқығы жоқ:

      1) баланы Қазақстан Республикасының елді мекені мен аумағынан тысқары жерлерге әкету;

      2) баланы медициналық көмек көрсету немесе оны ішкі істер органдарына жеткізу үшін медициналық ұйымға орналастырған жағдайларды қоспағанда, баланы тұрғылықты жерінен тыс жерде баламен қарым-қатынас кезінде үшінші тұлғалардың (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) қадағалауымен қалдыру;

      3) баланы білім беру ұйымында болу тәртібін/ережелерін бұзуға итермелейтін әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасау;

      4) баланы қандай да бір діни, саяси, идеологиялық бағыттарға/қозғалыстарға тартуға, оның жыныстық бағдарына әсер етуге, балаға осы тармақта белгіленген өз қалауын көрсету, оны заңсыз әрекеттерге тарту;

      5) тәлімгерлік туралы шарттың талаптарын бұзу.

      2.6. Тәлімгер міндетті:

      1) баланың өмірі мен денсаулығы үшін онымен бірге болу кезеңінде жауапты болу, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының басшысымен келісілген мерзімдерде баланы жеке өзі алып, қайтарады;

      2) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға немесе жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымында тұрған баланың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдың туындағаны, оның ауруы, оның жарақат алуы, баланы медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымға орналастыру туралы дереу хабарлауға немесе оны ішкі істер органдарына жеткізу;

      3) осы Шартты орындау жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, бала туралы ақпаратқа, оның эмоционалдық және физикалық жай-күйіне, биологиялық ата-аналар туралы ақпаратқа, білім беру ұйымдарындағы қатынастарға қатысты құпиялылықты сақтау;

      4) баламен кездесулер күнделігін жүргізу және есепті айдан кейінгі әрбір айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде баламен кездесулер туралы ай сайынғы есептерді Органға және Ұйымға ұсыну;

      5) тәлімгерлік туралы шарттың талаптарын сақтау.

      3. Тараптардың жауапкершілігі

      3.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде олар Қазақстан Республикасының азаматтық, әкімшілік, қылмыстық заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.

      4. Қорытынды ережелер

      4.1. Шарт қазақ және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалды, олардың әрқайсысының заңды күші бірдей.

      4.2. Осы Шарт 1 (бір) күнтізбелік жыл мерзімге жасалады және қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

      4.3. Осы Шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      5. Тараптардың қолдары

Қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын
орган:
Заңды мекен-жайы ________________
Лауазымды тұлға _________________
"____"__________________________

Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымы:
Заңды мекен-жайы_________________
Лауазымды тұлға __________________
"____"___________________________

Тәлімгер:
Мекен-жайы________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________
№ жеке куәлігі______________________,
берілді ____________________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады