"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 46/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 мамырда № 36095 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10988 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы автокөлік бейнетіркегіші (бұдан әрі – бейнетіркегіш) – күзетте ұсталатын адамдарды айдауылдауға және этаппен жіберуге арналған арнайы автомобильде аудиобейнежазбаларды жүзеге асыру үшін арналған техникалық құрылғы;

      2) портативті алып жүретін бейнетіркегіш (бұдан әрі – бейнежетон) –күзетте ұсталатын адамдарды күзету мен қадағалауға тартылған тергеу изоляторы қызметкерлерінің, тергеу изоляторы басшылығының және оған уәкілетті адамдардың күдіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ тергеу изоляторының медицина қызметкері медициналық тексеру өткізу және медициналық көмек көрсету барысында аудиобейнежазбаны жүзеге асыру үшін арналған техникалық құрылғы.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тергеу изоляторларындағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, дене күшін, арнайы құралдарды, газ және оқ ататын қаруларды қолдану тәртібі";

      6 және 7-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Жеке құрамды күшейтілген күзетке ауыстыру тәртібі";

      "7-тарау. Күзет пен қадағалау, дабыл және байланыс техникалық құралдарын пайдалану тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142-тармақтармен толықтырылсын:

      "126. Күдіктілер мен айыпталушылардың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9887 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бұзуының, сотталғандардың жазаны өтеу тәртібін бұзуының алдын алу және жолын кесу, тергеу изоляторы қызметкерлерінің тарапынан болатын азаптауларға және өзге де құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу мақсатында бейнекамералар дәретханаларды, моншаларды, қол жуатын және душ бөлмелерін қоспағанда, тергеу изоляторы әкімшілігі айқындайтын орындарда орнатылады. Бұл ретте күдіктілер мен айыпталушылардың дене тексеруі жүзеге асырылатын үй-жайлар шымылдықтармен жабдықталады.

      127. Бейнежетон құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде сапалы айғақтық базаны жинақтауды қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны, азаматтардың, күдіктілердің және айыпталушылардың іс-қимылдарына, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде тергеу изоляторы қызметкерлерінің іс-қимылдары процесіне аудиобейнежазбаны жүзеге асыруға арналған.

      128. Тергеу изоляторының бастығы қабылдауды, шығаруды және сақтауды, сондай-ақ жазылған жазбаларды қарауды және талдауды жүргізетін жауапты адамды тағайындайды. Бұл ретте деректерді сақтау серверіне арнайы пароль қойылады, оны жауапты адам және тергеу изоляторының бастығы ғана біледі.

      129. Бейнежетондар деректерді жинау және бейнежетондарды сақтау терминалында сақталады және кезекші әрбір қызметкерге қызметтік міндеттерін орындауды бастар алдында осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес бейнежетондарды беруді және тапсыруды есепке алу журналында қол қойғыза отырып, береді.

      130. Бейнежетон қызметтік міндеттерін орындау кезінде тергеу изоляторы қызметкерінің іс-қимылына кедергі келтірмей, кеуде тұсына иық буынына жақын бекітіледі.

      131. Бейнежетон қызметтік міндеттерді орындау сәтінен бастап қосылады және жазба ол аяқталғанға дейін үздіксіз жүргізіледі. Бұл ретте бейнежетонды қосу процесінде тергеу изоляторының қызметкері орнатылған құрылғы уақытының дәлдігіне көз жеткізеді.

      132. Қызметтік міндеттерді орындау кезеңінде тергеу изоляторының қызметкерлері бейнежетонның сақталуын қамтамасыз етеді және жұмыстың аяқталуы бойынша кезекшіге тапсырады.

      133. Демалу, тамақтану жағдайында тергеу изоляторының қызметкері аудиобейнежазбаны жүргізуді тек кезекшінің немесе тікелей бастығының рұқсаты бойынша тоқтатады, кейіннен бейнежетонды беруді және тапсыруды есепке алу журналына тиісті жазбаларды енгізеді.

      134. Тергеу изоляторының қызметкері бейнежетонға ұқыптап қарауға, оның жоғалуына, бүлінуіне жол бермеуге, басқа адамдарға бермеуге міндетті.

      135. Бейнетіркегіштер (антивандальды қорғаныспен не оларды қорғаныс корпусына орналастыру арқылы) арнайы автомобильдің ішіне және сыртына айдауылдалатын және этаппен жіберілетін адамдарды және сыртқы жақтағы жағдайды бақылау үшін:

      1) екі бейнекамера алдыңғы бөлігінде, олар бірыңғай пластик корпусына бірлесіп жиналуы тиіс, салонда және автокөлік алдындағы жағдайды бақылау үшін, бұл ретте бейнетіркегіш жүргізушінің шолуына кедергі келтірмеуі тиіс;

      2) айдауылдалатын және этаппен жіберілетін адамдарды ұстауға арналған камераларға қарсы айдауыл тобының бақылаушылары орналасатын шанақ дәлізінде;

      3) сыртқы жағдайды және күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторына қабылдауды және белгіленген орынға жіберу үшін оларды айдауылға беруді, сондай-ақ белгіленген орында айдауылдалатын және этаппен жіберілетін адамдарды беру және қабылдауды өткізуді бақылау үшін шанақтың сыртқы жағынан кіреберіс есіктердің үстінен;

      4) автокөліктің артқы жағындағы жағдайды бақылау үшін шанақта орнатылады.

      136. Бейнетіркегіштер алынбайды және жауапты адамға тапсырылмайды, тұрақты негізде арнайы автомобильде болады. Жазбаларды түсіру кезінде тек жады картасы алынады.

      137. Бейнетіркегіш адамдарды айдауылдау немесе этаптау сәтінен бастап қосылады және жазба ол аяқталғанға дейін үздіксіз жүргізіледі.

      138. Ұшақта, жолаушылар вагонында немесе су көлігінде айдауылмен апару процесіне және айдауылдау кезіндегі қоршаған жағдайға аудиобейнежазба жүргізу айдауыл тобы бақылаушыларының бейнежетондары арқылы жүзеге асырылады.

      139. Әрбір бейнежетонға, бейнетіркегішке, соның ішінде бейнежетонның, бейнетіркегіштің ақпарат тасымалдағышына (бұдан әрі – жады картасы) құрылғыны беру, қабылдау және ақпараттық деректерді түсіру кезінде жұмыста есепке алу үшін түгендеу нөмірі беріледі.

      140. Бейнежетондағы және бейнетіркегіштегі бар жазбаны өз бетімен жоюға, сондай-ақ оларды ажыратуға және аудиобейнежазбаны жүргізуге кедергі келтіруге жол берілмейді.

      141. Бейнежазбаларды сақтау мерзімі:

      1) қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша – 3 жыл;

      2) әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – 1 жыл;

      3) құқық бұзушылықтар белгілері жоқ өзге де жағдайлар бойынша – 60 тәулік.

      142. Сервер бөлмесінде немесе кезекші бөлімде орнатылған деректерді сақтау серверіндегі ақпаратқа тек жауапты адамның және тергеу изоляторы бастығының қолжетімділігі бар, бұл ретте сақтау серверіндегі деректерге (күні мен уақытты өзгерту) өзгерістер енгізуге тыйым салынады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 24-қосымшасымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторларының қызметін бағыттаушы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2025 жылғы 8 мамырдағы
№ 46/қе Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының тергеу
изоляторларындағы адамдарды
күзету мен қадағалауды
жүзеге асыру қағидаларына
24-қосымша
  (нысан)

Мұқабаның беткі жағы

      Бейнежетонды беруді және тапсыруды есепке алу

      ЖУРНАЛЫ № ___

      _________________________________________________________________________

                  (ҰҚК органының атауы)

      20 ___ жылғы "___" __________ басталды

      20 ___ жылғы "___" __________ аяқталды

      Мұқабаның ішкі жағы

№ п/п

Бейнежетонның (есте сақтау картасының) түгендеу нөмірі

Бейнежетонды пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Күні және уақыты, алғаны туралы қол қою

Күні және уақыты, тапсырғаны туралы қол қою

Ақпаратты алу күні және уақыты

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады