ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды тіркеуді бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 2-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы "Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 123-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық – санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына (бұдан әрі – МСАК) жеке тұлғаларды бекіту тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әкімшілік – аумақтық бірлік – ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс;
2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - қор) - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
3) бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
4) баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) көшіп-қонушы еңбекші – Еуразиялық эконмикалық одаққа мүше мемлекеттің азаматы болып табылатын, өзі азаматы болып табылмайтын және тұрақты тұрмайтын, жұмысқа ораналасу аумағында заңды негізде жүрген және заңды негізде еңбек қызмет жүзеге асыратын адам;
7) қандас – этникалық қазақ және (немесе) бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған ұлты қазақ отбасының мүшелері;
8) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
9) қадамдық қолжетімділік – МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне қадамдық қолжетімділік (бұдан әрі – қадамдық қолжетімділік) – халқтың демографиялық өсуін ескере отырып, қалалар карталарын пайдаланумен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары есептейтін, МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне қала халқының 20 минуттық қадамдық қолжетімділігі;
10) МСАК көрсететін жаңадан енгізілетін денсаулық сақтау объектісі (бұдан әрі – жаңадан енгізілетін денсаулық сақтау объектісі) – жаңадан салу жолымен пайдалануға қабылданған немесе жұмыс ітсеп тұрған объектіні өзгерту жолымен алғаш ашылған МСАК объектісі;
11) сақтандыру ұйымы – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
12) цифрлық денсаулық сақтау субъектісі – денсаулық сақтау субъектілерімен ақпараттық қауіпсіздікті және ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты қамтамасыз етуді қоса алғанда, денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттық-техникалық сүйемелдеу бөлігінде цифрлық денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыратын немесе қоғамдық қатынастарға түсетін заңды тұлға;
13) цифрлық құжаттар сервисі – "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі.
3. Жеке тұлғаларды МСАК ұйымдарына бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және мынадай қағидаттарда жүзеге асырылады:
1) отбасылық қызмет көрсету қағидаты;
2) МСАК-тың аумақтық қолжетімділігі;
3) медициналық-санитариялық алғашқы көмектің аумақтық қолжетімділігі шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау;
4) пациенттің медициналық көмек сапасына қанағаттануы;
5) меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан тең құқықты және адал бәсекелестік;
6) пациенттердің орналасқан жеріне қарамастан олардың барлығына қолжетімді профилактиканы, диагностиканы және емдеуді қамтитын медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметтері.
4. МСАК ұйымдарына Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, босқындарды, шетелдіктерді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды бекіту ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығын іске асыру үшін жүзеге асырылады.
5. Жеке тұлғаларды бекіту ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде жеке басын куәландыратын құжат, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бойынша бір МСАК ұйымына медициналық көмек алу құқығын іске асыру үшін жүзеге асырылады.
6. Шетелдіктерді және (немесе) Қазақстан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адамдарды, пана іздеп жүрген адамдарды МСАК ұйымдарына бекіту:
1) ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде МСАК (бұдан әрі – ЕМС);
2) Кодекстің 201-1-бабының 1-тармағына сәйкес жүктелген медициналық сақтандыру (бұдан әрі – ЖМС) шеңберінде МСАК;
3) "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін және медициналық көмектің көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21407 болып тіркелген) тізбе және көлем бойынша ТМККК шеңберінде медициналық көмек;
4) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін жүзеге асырылады.
7. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар, шетелдіктер және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар үшін, ЕМС шарты бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕЭО) мүше мемлекеттердің азаматтары болып табылатын көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін МСАК көрсетуді МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін мәліметтерді алу (немесе) беру мақсатында ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қормен медициналық қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) және (немесе) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған медициналық ақпараттық жүйелері бар МСАК ұйымы жүзеге асырады.
8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармалары) денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген бекітілген халықтың санын көрсете отырып, МСАК субъектілерінің халыққа қызмет көрсету аумағын бөлу туралы бұйрықты (бұдан әрі – аумақты бөлу туралы бұйрық) бекітеді.
9. Бес жасқа дейінгі балаларды МСАК ұйымдарына қоса алғандағы бекіту ата-аналары мен қамқоршылары нақты тұратын жері бойынша және босандыру ұйымынан шығарылғаннан кейін 3 күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Алты жастан бастап он төрт жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда немесе қамқорлықтағы тұлғаларды бекіту олардың заңды өкілдерінің тіркелген жері бойынша немесе заңды өкілдерінің өтініші/рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
10. Балалар үйлерінде, интернаттарда, балаларға арналған мамандандырылған ұйымдарда тұратын балаларды, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік ұйымдарда тұратын адамдарды бекіту балалар үйлерінде, интернаттарда, балаларға арналған мамандандырылған ұйымдарда тұратын балаларды, медициналық-әлеуметтік ұйымдарда тұратын, қылмыстық – атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды (бұдан әрі – ҚАЖ) аумақтарға бөлу туралы бұйрыққа (бұдан әрі – балаларды бекіту туралы), Қағидаларға және "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ - 133/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21452 болып тіркелген) (бұдан әрі – Желінің мемлекеттік нормативі), МСАК-тың әрбір субъектісіне "Бекітілген халық тіркелімі" порталында бекітілген цифрлық денсаулық сақтау субъектісі растаған халық саны туралы деректердің негізінде жүзеге асырылады.
11. 18 жасқа толған студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер "Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 29, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 164, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № ҚР ДСМ-50, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 243, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 113 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 56/НҚ бірлескен бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18592 болып тіркелген) қадамдық қолжетімділікте әкімшілік-аумақтық бірлік жері бойынша таңдау бойынша МСАК ұйымына өз бетінше бекітіледі.
18 жасқа толмаған студенттерді, сондай-ақ медреседе білім алушы студенттерді бекіту қадамдық қолжетімділік қағидатын сақтауды ескере отырып, білім беру мекемесінің әкімшілік-аумақтық бірлігі жері бойынша заңды өкілдердің ресми жүгінуі арқылы жүзеге асырылады.
12. Жүкті әйелдерді МСАК ұйымдарына бекіту нақты тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.
13. МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын пайдаланбаған жеке тұлға бұрын қызмет алған МСАК ұйымына бекітілген болып қалады.
14. МСАК ұйымына жеке тұлғаны бекіту кезінде алдыңғы МСАК ұйымынан бекітуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
15. Бұрынғы МСАК ұйымы келесі жылға қормен медициналық қызметтер сатып алу шартын жасасудан бас тартқан жағдайда бекіту аумақты бөлу туралы бұйрықтың негізінде МСАК ұйымдарына нақты тұратын жері бойынша аумақтық қолжетімділік ескеріле отырып жүзеге асырылады.
16. Осы Қағидалардың 31-тармағының 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғаларды бекітуді цифрлық денсаулық сақтау саласындағы субъект ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтер көлемдерін орналастыру (орналастырмау) қорытындылары туралы хаттаманы (бұдан әрі – орналастыру қорытындысының хаттамасы) қордан алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
2-тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту тәртібі
17. ТМККК шеңберінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жақын маңдағы әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан МСАК ұйымына бекітілген шекаралас аумақтарында тұратын адамдарды қоспағанда, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын ескеріле отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.
18. МСАК маманын еркін таңдау учаскеге бекітілген халық санын (МСАК маманына бекітілген МСАК субъектісінің халыққа қызмет көрсету аумағының бөлігін) ескере отырып, бекітілген жері бойынша МСАК ұйымы шегінде жүзеге асырылады.
19. ЕМС және (немесе) ЖМС шеңберінде жеке тұлғаларды бекіту ЕМС және (немесе) ЖМС шарттарында көзделген МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымына тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.
20. ТМККК шеңберінде тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша медициналық көмек көрсетуге арналған МСАК ұйымына бекіту үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) іске асырылды.
21. МСАК ұйымы жеке тұлғаларға өз бетінше немесе "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетеді.
МСАК ұйымы жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
22. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес көрсетілген.
23. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тікелей жүгінген кезде өтінімді ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда мынадай жеке тұлғалар береді:
1) зейнеткерлер;
2) мүгедектігі бар адамдар;
3) бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланың құқықтары мен мүдделеріне қамқорлық жасауды, білім беруді, тәрбиелеуді, патронат тәрбиешілері және оларды алмастыратын басқа адамдар;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы бірінші басшысының бұйрығымен құрылған БХТ ақпараттық жүйесінде халықты МСАК-қа бекіту (бекітуден шығару) мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы болған кезде бас бостандығынан айыру орындарында, колонияларда жазасын өтеп жүргендерге (өтеу орны бойынша) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан сотталғандар;
5) мерзімді қызметтің әскери қызметшілері;
6) шет мемлекеттерде туған балалардың заңды өкілдері;
7) сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері және басқа қорғаншылығындағылардың заңды өкілдері;
8) шарт болған кезде ЕМС шарты бойынша бекітуді ресімдейтіндер;
9) басқа қалалардан келген студенттер үшін (18 жасқа дейінгі балалар) - жоғары оқу орны ректорының МСАК-қа ресми өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссия хаттамасы.
24. МСАК ұйымының мамандары осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың өтінімі негізінде "БХТ" ақпараттық жүйесінде бекітуге сұрау салуды ресімдейді.
Бекітуге сұрау салуды ресімдеу кезінде өтініш берушінің ұялы телефонының нөмірі (бекітілетін тұлғаның заңды өкілінің нөмірі) автоматты түрде толтыру үшін мобильді азаматтар базасымен біріктіріледі.
Ұялы телефон нөмірі болмаған кезде мобильді азаматтар базасына енгізу өтініш берушінің (тіркелетін тұлғаның заңды өкілінің) келісімімен қолмен жүзеге асырылады.
Бекітуге сұрау салу, жүгіну (өтініш нысаны және жеке басын куәландыратын құжат) "БХТ" ақпараттық жүйесінде сканерленеді. Цифрлық денсаулық сақтау субъектісінің маманы бекітуге сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
25. Мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салу МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 (екі) сағат бұрын (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін) қабылданады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі және "Жеке кабинетке" электрондық құжат нысанында бекіту немесе дәлелді бас тарту туралы хабарлама болып табылады.
ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет ЭҮП-ге жүгінген күні көрсетіледі.
26. МСАК ұйымы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету монитрингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді
27. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, босқындарды, шетелдіктерді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды МСАК ұйымдарына бекіту осы Қағидалардың 31-тармағының 1), 2), 3), 5) тарқшаларында көзделген негіздер бойынша бекітуге ЭҮП арқылы тұлғаның электрондық өтініш беру жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерді және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарды, пана іздеп жүрген адамдарды осы Қағидалардың 31-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша МСАК ұйымдарына бекіту сақтандырылушыға бекітуге қазақ немесе орыс тілдерінде еркін нысанда ЕМС және (немесе) ЖМС шарты жасалған сақтандыру ұйымына адамның өтініш беру немесе жүгіну жолымен жүзеге асырылады.
28. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктерді және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарды, пана іздеп жүрген адамдарды ЕМС және (немесе) ЖМС шеңберінде МСАК ұйымына бекіту ЕМС және (немесе) ЖМС шартының, қазақ немесе орыс тіліндегі еркін нысандағы өтініштің және жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік паспорт) негізінде, МСАК ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта жүзеге асырылады.
29. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктерді және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарды, пана іздеп жүрген адамдарды ЕМС және (немесе) ЖМС шеңберінде МСАК ұйымына бекітілуін дәлелдейтін құжаттар "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 064/е нысаны бойынша (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) медициналық ұйымға бекітілу талоны болып табылады. Бекіту талонын медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді.
МСАК ұйымына бекіту ЕМС және (немесе) ЖМС шартының қолданылу мерзіміне жүзеге асырылады.
30. МСАК ұйымдары сақтанушының жеке жүгінуі немесе онымен ЕМС және (немесе) ЖМС шарты жасалған сақтандыру ұйымы жүгінген кезде бекітуді жүзеге асырады.
Отбасы мүшелерін бекіту отбасы мүшелерінің бірінің жазбаша келісімі болған кезде, қазақ немесе орыс тілдеріндегі еркін нысандағы өтініш және жеке басын куәландыратын құжат не отбасының әрбір мүшесінің цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжат негізінде жүзеге асырылады.
Он сегіз жасқа толмаған тұлғаларды бекіту жеке басын куәландыратын құжат не бекітілетін тұлғаның және оның заңды өкілінің цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжаты болған кезде жүзеге асырылады.
31. Жеке тұлғаларды бекіту негіздері:
1) бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен бір айдан астам мерзімге немесе бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағының ішінде шыға отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жерін өзгертуі;
2) бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде адамның МСАК ұйымын еркін таңдауды жүзеге асыруы (күнтізбелік жылдан 2 реттен артық емес);
3) денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік органының бір әкімшілік – аумақтық бірлік шегінде 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейінгі кезеңде бекіту науқанын (бұдан әрі – бекіту науқаны) өткізуі;
4) сақтанушы мен сақтандыру ұйымы арасында жасалған ЕМС шарты, оның шеңберінде МСАК ұйымы сақтандырылушыға медициналық қызметтер көрсетеді;
5) бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде өңірлік комиссия айқындаған МСАК ұйымына бекітумен келіспеуі;
6) қайта ұйымдастыру, тарату және қордың қызметтерді сатып алу шартын бұзуына немесе өзгертуіне әкеп соққан МСАК ұйымының МСАК көрсетуден бас тартуы;
7) медициналық қызметтер көрсетуге үміткер МСАК ұйымдарына медициналық қызметтер көлемін орналастырмауы;
8) жаңадан пайдалануға берілген денсаулық сақтау объектісінің пайда болуы.
32. Бекіту науқаны кезеңінде МСАК ұйымдарына бекітілген жеке тұлғалар аталған ұйымда МСАК-ты қормен медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасасқан жағдайда, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап алады.
33. Осы Қағидалардың 31-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген жеке тұлғалар ЕМС және (немесе) ЖМС шарты шеңберінде МСАК ұйымында медициналық қызметтер алады.
34. МСАК ұйымдары тұрғылықты жері бойынша бекітілген адамдарды МСАК көрсетуді тоқтату туралы:
1) қормен медициналық қызметтерді сатып алу шарты бұзылған немесе өзгерітлген күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын;
2) МСАК ұйымын қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы белгілі болған күнінен бастап екі күнтізбелік күн ішінде;
3) қордың таңдау рәсімінің қорытындылары бойынша медициналық қызметтер көлемін орналастырмағаны туралы белгілі болған күнінен бастап күнтізбелік екі күн ішінде хабардар етеді.
"БХТ" ақпараттық жүйесінде МСАК ұйымдарының телефон нөмірі болған жағдайда (электрондық пошта мекенжайының) МСАК ұйымы халықты МСАК көрсетудің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәсілдермен хабардар етеді.
35. Осы Қағидалардың 31-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша МСАК ұйымдарына жеке тұлғаларды бекітуді аумақты бөлу туралы бұйрықтың негізінде қабылданған орналастыру қорытындысы хаттамасын қордан алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде цифрлық денсаулық сақтау субъектісі жүзеге асырады.
36. Өңірлік комиссияның хаттамасы негізінде халықты МСАК ұйымдарына бекіткеннен кейін МСАК ұйымдары оған тұрғылықты жері бойынша бекітілген адамдарды жазбаша хабардар етеді. "БХТ" ақпараттық жүйесінде телефон нөмірі (электрондық пошта мекенжайы) болған кезде МСАК ұйымы халықты хабарлама жіберу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер арқылы хабардар етеді.
Өңірлік комиссия айқындаған МСАК ұйымымен келіспеген жағдайда тұлға осы Қағидалардың 31-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша бекітуге өтініш береді.
37. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде МСАК көрсететін жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға бекіту осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
38. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің тікелей мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
39. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
40. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-қимыл қабылдаса.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларына қосымша |
"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Р/с № | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар |
1 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) тікелей медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйым (бұдан әрі – МСАК) ұйымы арқылы; |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) пациент МСАК ұйымына құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ ЭҮП арқылы жүгінген кезде - 1 (бір) жұмыс күні ішінде; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі (не сенімхат бойынша оның өкілі) |
1) МСАК ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында бекітілген туралы хабарлама; |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
6 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) МСАК ұйымы |
7 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. МСАК ұйымына айқындалған контингент жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар: |
8 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті электрондық нысанда порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. |