ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34774 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
1-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана, Алматы және Шымкент қалалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға, олардың уәкілетті өкілдеріне - қамқоршыларға, сенімді тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде жылжымайтын мүлік объектісінің тұрақты мекенжайын беру/жою жүзеге асырылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, шарттар, жергілікті атқарушы органдардың шешімдері, сот шешімдері, мұрагерлік құқығы және т.б.), өкілеттігін растайтын құжаттар (қамқоршылықтың белгіленгенін растайтын құжат, сенімхат), объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20610 болып тіркелген) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін тіркеуші органға жүгінуі қажет.";
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астана, Алматы және Шымкент қалалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары. |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі | өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін - 3 (үш) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру туралы хабарлама-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзілісі бар, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздері |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
Өтініш
__________________________________________________________________________
бойынша орналасқан:
__________________________________________________________________________
(облыс, қала (елді мекен) және объектінің орналасқан жері)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
мекенжай (ын) беруді/жоюды сұраймын.
(қажеттісінің астын сызыңыз)
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі ___________________________________________.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерімді және мәліметтерді жинақтауға және өңдеуге келісім беремін.
20__ жылғы "___" __________________
Тапсырды _________________________
(Қолы)
Телефон нөмірі_____________________