"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 15 мамырдағы № 112 Бұйрықпен бекітілген |
Бекітемін:
__________________________________________________________
(тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының) толық атауы
__________________________________________________________
(конкурстық құжаттаманы бекіткен адамның Т.А.Ә. (бар болса)
Шешімі
№_____ күні_____
Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама
1-тарау. Жалпы ережелер
_________________________________________________________________
(сатып алу мәнінің түрі)
_________________________________________________________________
(конкурстың атауы)
Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлға ретінде әрекет ететін
ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)
_________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН көрсетіледі)
Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлға ретінде әрекет ететін
ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)
_________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы)
_________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН көрсетіледі)
Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі
_________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Конкурстық комиссияның хатшысы
_________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
1. Конкурс қоса берілген лоттардың тізбесіне сәйкес өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.
2. Осы Үлгілік конкурстық құжаттама (бұдан әрі – КҚ) мыналарды қамтиды:
1) осы КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында лоттар тізбесі және күзет қызметтерін көрсету шарттары;
2) "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 4-қосымшасымен бекітілген КҚ-ға Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысу туралы келісім;
3) Қағидалардың 4-қосымшасымен бекітілген КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы;
4) Қағидалардың 4-қосымшасымен бекітілген КҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес бенефициарлық иелену туралы ақпарат;
5) осы КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары;
6) Қағидалардың 4-қосымшасымен бекітілген КҚ-ға 12-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;
7) осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі техникалық ерекшелік;
8) Қағидалардың 4-қосымшасымен бекітілген КҚ-ға 19-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу үшін банк кепілдігі;
9) Қағидалардың 4-қосымшасымен бекітілген КҚ-ға 20-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету бойынша қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші бірлесіп орындаушыларға беретін қызметтер түрлері.
3. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурсқа бөлінген сома______ теңгені құрайды. Осы конкурс үшін бөлінген сома лоттар бөлінісінде:
лот № | Көрсетілетін қызметтің атауы | Лот бойынша бөлінген сома (теңге) | |
(лот №) | (көрсетілетін қызметтің атауы) | (лот бойынша____бөлінген___сома) |
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен бірге төменде көрсетілген нысандардың бірінде қызметті сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді:
1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
2) Қағидалардың 4-қосымшасымен бекітілген КҚ-ға 19-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында ұсынылатын банк кепілдігі.
5. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданыс мерзімінен кем болмауға тиіс.
2-тарау. Ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруі
6. КҚ-ның жобасына ескертулерді, сондай-ақ КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жіберулері мүмкін.
7. Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде КҚ жобасына ескертулер, сондай-ақ КҚ ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған жағдайда, КҚ бекітілген деп есептеледі.
8. Ескертулер, сондай-ақ КҚ ережелерін түсіндіру туралы өтініштер болған жағдайда, тапсырыс беруші, ұйымдастырушы КҚ-ны алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мынадай шешімдер қабылдайды:
1) КҚ-ның жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) оларды қабылдамауына негіздемелерін көрсете отырып, КҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамайды;
3) КҚ-ның ережелеріне түсіндірме береді.
КҚ-ның жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, КҚ-ны бекіткен сияқты тәртіппен веб-порталда өзгертілген КҚ-ны бекіту туралы шешім қабылданады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап КҚ бекітілген болып саналады.
9. Ұйымдастырушы КҚ бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастырады.
КҚ-ның жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, ұйымдастырушы веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен бірге КҚ-ның бекітілген мәтінін де орналастырады.
10. КҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасында КҚ-ның жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат қамтылады.
11. КҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда, оларды қабылдамау себептерінің толық негіздемесі КҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
12. Әлеуетті өнім берушілердің веб-портал арқылы КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұраулары келіп түскен кезде КҚ ережелерін түсіндіру мәтіні КҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
13. Алдын ала талқылау нәтижелері бойынша тапсырыс берушінің шешіміне "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
3-тарау. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуіне және ұсынуына қойылатын талаптар
14. Конкурсқа қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің осы КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің ол туралы біліктілік талаптары мен шектеулерге сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісімі болып табылады, Заңның 7-бабында белгіленген.
15. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында Қағидалардың 4-қосымшасымен бекітілген КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы келісімді қабылдайды.
16. Конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтиды:
1) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері немесе оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған электрондық құжаттар:
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және (немесе) патенттер, куәліктер, сертификаттар, басқа да құжаттар;
Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтер;
Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес конкурста сатып алу нысаны болып табылатын қызметтер көрсету жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер және әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыларға жиынтығында қызметтердің жалпы көлемінің отыз пайызынан астамын бірлесіп орындауға беруге тыйым салу шарты.
Егер әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді бірлесіп орындаушыларды тартуды көздейтін болса, онда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады.
2) ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда, сатып алынатын қызметтерге мемлекетаралық стандарттар көрсетілген техникалық ерекшелік сатып алынатын қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, оның ішінде тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге сипаттама, көрсетілетін қызметтің шыққан жерінің атауы және өндірушінің атауы осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша өзге де сипаттамалар көрсетіледі.
Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі;
3) конкурсқа қатысуға өтінімді Заңда белгіленген мөлшерде қамтамасыз ету, мынадай түрде:
Қағидалардың 4-қосымшасымен бекітілген КҚ-ға 19-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында ұсынылатын банк кепілдігі;
әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
4) Қағидалардың 4-қосымшасымен бекітілген КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы конкурстық баға ұсынысы;
5) Қағидалардың 4-қосымшасымен бекітілген КҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес бенефициарлық иелену туралы ақпарат, ол өтінім жеңімпаз деп танылған жағдайда қорытындылар туралы хаттамада ашылуға тиіс.
17. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрайды.
18. Конкурсқа қатысуға өтінімдегі құжаттардың электрондық көшірмелері кескіннің түсіне қарамастан, анық және түсінікті болуы тиіс.
19. Конкурсқа қатысуға өтінім, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты барлық хат-хабарлар мен құжаттар әлеуетті өнім берушінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады және ұсынылады.
Әлеуетті өнім беруші оларды басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда, оларға дәл (нотариалды куәландырылған) аударма қоса беріледі.
4-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну тәртібi
20. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы ұйымдастырушыға ұсынады.
21. Әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдер веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
22. Конкурсқа қатысуға өтінім веб-портал конкурсқа қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны автоматты түрде жіберген сәтте қабылданған болып есептеледі.
23. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін веб-портал мынадай жағдайларда автоматты түрде қабылдамайды:
1) әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген;
2) конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін веб-порталға келіп түскен;
3) конкурстық баға ұсынысы осы қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асады;
4) Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген.
24. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы теңгемен көрсетіледі.
5-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу
25. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін:
1) енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпай, конкурсқа қатысуға өз өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.
26. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алу сияқты өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
27. Әлеуетті өнім беруші оның конкурсқа қатысуына байланысты барлық шығындарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы (сарапшы) конкурс қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді көтермейді.
6-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу
28. Веб-портал конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күн мен уақыт басталғаннан кейін бес минут ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде ашады.
Егер конкурсқа (лотқа) бір ғана өтінім ұсынылған болса, онда мұндай өтінім де ашылады және қаралады.
29. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын ашылған күні веб-портал автоматты түрде жариялайды. Бұл ретте веб-портал Конкурстық комиссияның мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарламалар таратады.
7-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау
30. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
31. Конкурстық комиссия:
1) веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсініктемелер сұрайды.
2) конкурсқа қатысуға өтінімдердегі мәліметтерді нақтылау мақсатында жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратады.
32. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша конкурстық комиссия қорытындылар туралы хаттаманы ресімдейді.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ-ның талаптарына сәйкес деп қарайды.
33. Конкурстық комиссия КҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінімді енгізілген қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда таниды:
1) банк кепілдігі түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған жағдайда;
2) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің тиісінше ресімделмеуі, ол конкурстық комиссияға белгілеуге мүмкіндік бермейтін мынадай мәліметтер болмаған кезде көрсетіледі:
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлға;
конкурсқа қатысу үшін банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурстың атауы мен нөмірі;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі, оны беру шарттары, банк кепілдігі түрінде ұсынылған және (немесе) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлға;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлға;
3) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету конкурсқа бөлінген соманың бір пайызынан аз мөлшерде енгізілген.
Тиындарда есептелген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Өзге негіздер бойынша электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді енгізілген қамтамасыз етуді КҚ талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.
34. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызынан аз мөлшерде енгізген кезде әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасын КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру мақсатында конкурсқа қатысуға өтінімді Қағидаларда көзделген түрдің бірінде қосымша қамтамасыз етуді енгізуге құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру үшін құқық берілмейді.
35. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылған), егер:
1) Ол және (немесе) оның бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін болып айқындалса;
2) Заңның 7-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері бар. Тармақшаларда көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша 1), 3), 4), 5), 6) және 8) Заңның 7-бабы 1-тармағының 8) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін веб-портал автоматты түрде қабылдамауға тиіс. Заңның 7-бабы 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша конкурстық комиссия ақпаратты тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында қарайды;
3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі КҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтін болып айқындалған, оның ішінде егер ол Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаған болса.
36. Конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде конкурсқа қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты Қағидаларда көзделген өлшемшарттарға сәйкес шартты жеңілдіктерді айқындайды.
37. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу тәртібі қағидалармен айқындалады.
38. Егер қызметтердің неғұрлым жақсы функционалдық техникалық, пайдалану және сапалық сипаттамалары, технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстарды үздік материалдардан орындау ұсынылса, әлеуетті өнім берушінің қызметтеріне арналған техникалық ерекшеліктің КҚ-да көрсетілген қызметтің техникалық ерекшелігіне сәйкес келмеуіне жол беріледі
39. Егер конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурсқа қатысуға өтінім КҚ-ның талаптарына сай деп танылады.
8-тарау. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау, салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау
40. Конкурсқа қатысуға өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарының сәйкестігіне қарағаннан кейін конкурстық баға ұсынысын веб-портал автоматты түрде ашады.
41. Веб-портал конкурсқа қатысушылардың бәсекеге қабілетті баға ұсыныстарын автоматты түрде бағалайды және салыстырады:
демпингтік баға есептеледі, Қағидаларға сәйкес айқындалады;
конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, ең төмен шартты баға негізінде конкурс жеңімпазы, сондай-ақ ең төмен шартты бағадан кейінгі баға негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалады;
конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде жеңімпаз Қағидаларға сәйкес айқындалады.
42. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады.
9-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтару
43. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге электрондық банк кепілдігі түрінде енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:
1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алған жағдайларда ашу хаттамасын орналастыру;
2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Бұл жағдай конкурстың жеңімпазы болып анықталған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюы және ол Заңның 13-бабына сәйкес шарттың және (немесе) соманың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі (бар болса).
44. Бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінімді бұғатталған қамтамасыз етуді автоматты түрде мынадай жағдайларда ашады:
1) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алуы;
2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Бұл жағдай конкурстың жеңімпазы болып анықталған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюы және шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және/немесе Заңның 13-бабына сәйкес соманы төлеуі (болған жағдайда).
45. Электрондық банк кепілдігі түрінде енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұйымдастырушы қайтармайды, егер:
1) конкурстың жеңімпазы болып айқындалған әлеуетті өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, Заңның 13-бабына сәйкес шартты және (немесе) соманы орындауды қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы КҚ-да белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған.
46. Электрондық әмиян арқылы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бірыңғай оператор бұғаттайды және мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде әлеуетті өнім берушіге қайтарылмайды:
1) конкурстың жеңімпазы болып айқындалған әлеуетті өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, Заңның 13-бабына сәйкес шартты және (немесе) соманы орындауды қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы КҚ-да белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған.
10-тарау. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
47. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) Заңда және Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған Тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасындағы веб-портал арқылы жасалады.
48. Шарт жобасын жіберу, шарт жасасу, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу тәртібі мен мерзімдері және (немесе) Заңның 13-бабына сәйкес сомалар (бар болса), сондай-ақ шартқа өзге де талаптар қағидаларда айқындалады.
Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымша |
Білім беру ұйымдарында лоттар тізбесі және күзет қызметтерін сатып алу шарттары (бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)
Конкурстың № _____________________________
Конкурстың атауы: Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу.
Лоттың № | Тапсырыс берушінің атауы | Көрсетілетін қызметтің атауы* | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Жеткізу шарты (ИНКОТЕРМС 2010-ға сәйкес) | Қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету орны | Аванстық төлем мөлшері, % | Лот бойынша бөлінген сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
*Көрсетілетін қызметтің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.
Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымша |
Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы___________________________________________
Ұйымдастырушының атауы__________________________________________
Конкурстың №____________________________________________________
Конкурстың атауы: Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу
Лоттың №__________________________________________________________
Лоттың атауы _________________________________________________
Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қызметтер көрсетуге рұқсаттың (хабарламаның) болуы.
Егер қызмет көрсету тиісті рұқсатты алуды, хабарлама жолдауды талап еткен жағдайда, мынадай мәліметтерді толтыру қажет.
№ | Рұқсаттың (хабарламаның) атауы |
1 | Заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясының болуы |
2 | Заңды тұлғаларға қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсаттың болуы |
3 | Заңды тұлғалардың қызметкерлеріне қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсаттың болуы |
2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде айқындалады).
3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы.
Материалдық ресурстар:
№ | Материалдық ресурстардың атауы | Саны | Растайтын құжаттар |
1 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығымен бекітілген Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 болып тіркелген) (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) 3-тарауының 2-тармағына сәйкес меншік не жалға алу құқығында орталықтандырылған күзет пунктін орналастыруға арналған офистік үй-жайының болуы | 1 | Орталықтандырылған күзет пунктінің жұмыс істеуі үшін алаңның болуын растайтын меншік құқығына құжаттар не жалға алу шарты |
2 | Күзет қызметтерін көрсету орны бойынша біліктілік талаптарының 3-тарауының 3-тармағына сәйкес орталықтандырылған бақылау пультінің болуы | 1 |
Штаттық орналастыру. |
3 | Күзет қызметтерін көрсету орны бойынша біліктілік талаптарының 3-тарауының 4-тармағына сәйкес радиобайланыстың болуы | 1 | Тиісті радиожиілік органы берген радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат не жиілігі бар радиобайланыстарға абоненттік (жалға алу) қызмет көрсетуге арналған шарт |
4 | Күзет қызметтерін көрсету орны бойынша біліктілік талаптарының 3-тарауының 5-тармағына сәйкес объектілерден дабыл сигналдарына шығуды қамтамасыз ететін мобильді топтардың (жедел ден қою топтарының) болуы | 2 |
Меншік құқығындағы көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. |
5 | Біліктілік талаптарының 3-тарауының 6-тармағына сәйкес қызметтік, оның ішінде атыс қаруының болуы | кемінде 1 | Қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсат |
6 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 64 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26850 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тізбе) бекітілген Жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдар тізбесінің 1-тармағына сәйкес резеңке таяқшалар | кемінде 1 | Материалдық ресурстарға меншік немесе жалдау құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері. |
7 | Тізбенің 6-тармағына сәйкес қаруды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтау детекторлары | кемінде 1 | Материалдық ресурстарға меншік немесе жалдау құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері. |
8 | Тізбенің 11-тармағына сәйкес хабарламаны беру жүйелері, оның ішінде радиоарналар бойынша да | кемінде 1 | Материалдық ресурстарға меншік немесе жалдау құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері. |
9 | Тізбенің 12-тармағына сәйкес портативті киілетін бейнетіркегіш | кемінде 1 | Материалдық ресурстарға меншік немесе жалдау құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері. |
Еңбек ресурстары:
№ | Еңбек ресурстарының атауы (мамандығы/біліктілігі) | Саны | Тиісті дайындықты растайтын құжаттар |
1 | Біліктілік талаптарының 2-тарауының талаптарына сәйкес келетін 25 пен 50 жас аралығындағы күзетші. Сондай-ақ соттылығы жоқ, оның ішінде балаларға қатысты қылмыстық қылмыстар бойынша алынып тасталған немесе өтелген | кемінде 2 |
1. Мамандандырылған оқу орталығының арнайы даярлықтан өткені туралы куәлігі; |
5. Біліктілік талаптарының 3-тарауының 1-тармағына сәйкес күзет қызметтерін көрсету саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Ескерту:
1. Тапсырыс беруші білім беру ұйымының бірінші басшысы бекіткен өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру тәртібіне сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың 13-тармағы):
күзет бекетінің санына және тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ету үшін күзет қызметкерлерінің ауысу қажеттілігіне қарай күзетшілердің санын;
конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасының 4-тармағының 5-9-тармақтарында көзделген материалдық ресурстардың санын (қызметтік, оның ішінде атыс қаруы; резеңке таяқшалар; қаруды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтау детекторы; хабарлама беру жүйесі, оның ішінде радиоарналар бойынша; портативті киілетін бейнетіркегіш) күзет бекетінің санына қарай анықтайды.
2. Егер конкурстық құжаттамада еңбек ресурстарының болуы жөніндегі талап қамтылған жағдайда, онда еңбек ресурстарының болуы қызметкердің біліктілігі туралы құжаттың электрондық көшірмесімен, сондай-ақ қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасы не еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі арқылы расталады.
3. Материалдық ресурстарды жалға алған жағдайда жалдау шартының электрондық көшірмесі қосымша ұсынылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау мерзімінен кем емес.
Материалдық ресурстарды жалдау шартының электрондық көшірмесін бірнеше әлеуетті өнім берушілерге бір конкурста ұсынуға жол берілмейді.
Алдын ала жалдау шартының немесе материалдық ресурстарды қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.
4. Әлеуетті өнім берушінің кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі күзет қызметтерін көрсету саласында орындалған жұмыстарды қабылдау-беруді растайтын тиісті актілердің электрондық көшірмелерімен расталады.
Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымша |
Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі техникалық ерекшелік (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы_____________________________________________
Ұйымдастырушының атауы____________________________________________
Конкурстың № ______________________________________________________
Конкурстың атауы: Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу
Лоттың № __________________________________________________________
Лоттың атауы ________________________________________________________
Қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы * | |
Қызметтің атауы | Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу |
Өлшем бірлігі* | |
Саны (көлемі)* | |
Қосылған құн салығын есепке алмағандағы бірлік бағасы * | |
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, сатып алу үшін бөлінген жалпы сома * | |
Қызмет көрсету мерзімі* | |
Аванстық төлем мөлшері* | |
Кепілдік мерзімі (айлармен) | |
Талап етілетін сипаттамалардың, параметрлердің және өзге де бастапқы деректердің сипаттамасы: | |
Әлеуетті өнім беруші оны жеңімпаз деп айқындаған және онымен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (әлеуетті өнім берушінің көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені және ұсынбағаны үшін бас тартуына жол берілмейді) |
1. Заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясының болуы. |
* мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).
Ескертпе.
1. Әрбір сипаттамалар, өлшемдер, бастапқы деректер және Орындаушыға қосымша шарттар жеке жолда көрсетіледі.
2. Техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшеліктің талаптарын белгілеуге жол берілмейді.