"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалын бюджет қаражаты есебінен субсидиялаудың үлгілік шарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 158 Бұйрығымен бекітілген |
Тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалын бюджет қаражаты есебінен субсидиялаудың үлгілік шарты
_______________ қаласы | 20__ жылғы "____" __________ |
____________________________________________________________________,
(жергілікті атқарушы органның атауы)
____________________________________________________________________
бұдан әрі Ұйымдастырушы деп аталатын ________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
бір Тараптан, ________________________________________________________,
(тасымалдаушының атауы)
бұдан әрі Тасымалдаушы деп аталатын __________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
екінші Тараптан, __________________________________________ қатынастағы
(қатынас түрі)
___________________________________________________ маршрут бойынша
(№ _____, маршрут атауы)
тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалын бюджет қаражаты есебінен субсидиялаудың шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісті.
1-тарау. Шарттың мәні
1.1. Ұйымдастырушы Тасымалдаушының жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асырумен байланысты залалын өтеу үшін ай сайын субсидиялар төлеуге міндеттенеді, ал Тасымалдаушы өз кезегінде ай сайын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарымен көзделген құжаттар топтамасын беруге міндеттенеді.
1.2. Осы Шарт "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабына, 19-бабының 6-тармағына және Қағидалардың талаптарына сәйкес жасалған.
1.3. Жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың залалын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
1.4. Заңның 19-бабына сәйкес Ұйымдастырушы белгілеген тариф (жол жүру құны): ________ теңге.
1.5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығымен бекітілген Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып тіркелген) (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес айқындалатын есептік тариф: _________ теңге:
1.6. Қағидалардың 4-тарауына сәйкес айқындалатын маршруттың құны: _________ теңге.
1.7. Әдістемеге, осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес айқындалатын есептік тариф бойынша субсидиялау кезінде, жылдар бөлінісінде үш жыл ішінде жолаушылар тасымалдарының болжамды саны, сондай-ақ жылдар бөлінісінде үш жыл ішінде субсидиялардың болжамды сомасы.
1.8. Қағидалардың 4-тарауына сәйкес тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру үшін маршруттың құнын айқындау кезінде маршруттағы (километр) үш жыл ішіндегі болжамды жалпы жүрісі маршрут бойынша (километр) автокөлік құралдарының жалпы жүрісін негізге ала отырып жылдар бойынша бөліністе, сондай-ақ Осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес жылдар бөлінісінде үш жыл ішіндегі субсидиялаудың болжамды сомасы.
1.9. Тасымалдаушының залалын субсидиялау мерзімінің басталуы Тасымалдаушы осы Шарт жасасқаннан кейін жолаушыларды тасымалдауды іс жүзінде жүзеге асырған кезден басталады.
1.10. Ұйымдастырушы жергілікті бюджеттен төлемдерді Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 101-бабы 8-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органы айқындайтын бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне (бұдан әрі – Бюджеттің атқарылу ресімдері) сәйкес жүргізеді.
2-тарау. Субсидияларды төлеу шарттары
2.1. Субсидияларды төлеу Ұйымдастырушы ай сайынғы негізде осы Шартқа, Әдістемеге және Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2.2. Ұйымдастырушы мен Тасымалдаушы есептік қаржы жылының қорытындылары бойынша маршрутты субсидиялау жөнінде салыстырып тексеруді жүргізеді. Ұйымдастырушы мен Тасымалдаушы ағымдағы қаржы жылының 15 ақпаннан кешіктірмей осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес маршрутты субсидиялау жөнінде салыстырып тексеру актісін (бұдан әрі – салыстырып тексеру актісі) жасайды.
2.3. Тараптар салыстырып тексеру актісімен келіскен жағдайда, Ұйымдастырушы мен Тасымалдаушы салыстырып тексеру актісін жасауды аяқтаған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде салыстырып тексеру актісіне қол қояды.
2.4. Тараптар немесе Тараптардың біреуі салыстырып тексеру актісімен келіспеген жағдайда, осы салыстырып тексеру актісіне шағым Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жасалады.
2.5. Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар маршрутқа қызмет көрсетуге арналған субсидияларды пайдаланумен байланысты қаржылық-экономикалық қызметі туралы (Әдістемеге және Қағидаларға сәйкес барлық шығыстардың баптары мен шығындары, жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірісі, субсидиялау қаражатын пайдалану бойынша) есептік қаржы жылының қорытындылары бойынша аудитті (бұдан әрі – аудит) ұйымдастырған кезде, Ұйымдастырушы маршрутты субсидиялау бойынша салыстырып тексеруді жүргізген кезде аудиттің қорытындысын негізге алады.
2.6. Тасымалдаушының артық алынған субсидиялары бар болса және (немесе) Ұйымдастырушы субсидияларды толық төлемеген кезде, салыстырып тексеру актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей Тараптар өзара есеп айырысуды жүргізеді.
2.7. Маршрут бойынша ай сайынғы субсидияларды төлеу:
1) Тасымалдаушының осы маршрут бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруды тоқтатқан;
2) Тасымалдаушының Қағидаларға сәйкес құжаттар топтамасын ұсынбаған;
3) маршрутты басқару құқығына куәліктің қолдануы тоқтаған;
4) маршрутты әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесінен алып тастаған;
5) Тасымалдаушының маршрутты субсидиялау жөнінде салыстырып тексеруді жүргізуден және салыстырып тексеру актісін жасаудан бас тартқан кезде жүргізілмейді.
3-тарау. Тараптардың міндеттері
3.1. Ұйымдастырушы:
3.1.1. Қағидалардың талаптарына сәйкес субсидиялардың уақтылы және толық төленуін қамтамасыз етуге.
3.1.2. Тасымалдаушыға Қағидаларға сәйкес осы маршрутқа бекітілген автокөлік құралдары бойынша лизинг шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін субсидияларды уақтылы төлемеу салдарынан туындаған айыппұлдар және өсімпұлдар сомасын өтеуге.
3.1.3. Салыстырып тексеру актісімен айқындалған Тасымалдаушы толыққанды алмаған субсидиялардың төленуін қамтамасыз етуге міндетті.
3.2. Тасымалдаушы:
3.2.1. Қағидалардың талаптарына сәйкес субсидиялар алу үшін қажетті құжаттар топтамасын Ұйымдастырушыға уақтылы жіберуге.
3.2.2. Шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға.
3.2.3. Салыстырып тексеру актісімен айқындалған артық алынған субсидияларды Ұйымдастырушыға қайтаруға.
3.2.4. Ұйымдастырушы сұрау берген кезде, Бюджеттің атқарылу ресімдеріне сәйкес Әдістеме және Қағидаларда көзделген шығыстардың баптары мен шығындары жөнінде сұратылған мәліметті ұсынуға.
3.2.5. Ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауапты болуға міндетті.
4-тарау. Тараптардың құқықтары
4.1. Ұйымдастырушы:
4.1.1. Осы Шарттың 2-тарауының 2.7-тармағына сәйкес жағдайлар туындаған кезде субсидияларды төлеуді тоқтата тұруға.
4.1.2. Тасымалдаушыдан Бюджеттің атқарылу ресімдеріне сәйкес Әдістемеде және Қағидаларда көзделген шығыстардың баптары мен шығындары жөнінде сұратылған мәліметті сұратуға.
4.1.3. Аудит ұйымдастыруға құқылы.
4.2. Тасымалдаушы:
4.2.1. Ұйымдастырушыға Әдістемеге және Қағидаларға сәйкес тарифті, есептік тарифті және (немесе) маршрут құнын өзгертуге өтінім беруге.
4.2.2. Ұйымдастырушыға ағымдағы бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар енгізуге.
4.2.3. Осы маршрутты субсидиялау қаражаты есебінен аудит ұйымдастыруға құқылы.
4.3. Тараптардың осы Шартта көрсетілмеген өзге де құқықтары мен міндеттері Қағидаларға, Қазақстан Республикасының көлік, жолаушыларды тасымалдау саласындағы заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес реттеледі.
5-тарау. Шартты орындаудың ерекше шарттары мен тәртібі
5.1. Осы Шартқа толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жасалады және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған, екі Тараптың уәкілетті өкілдері қол қойған және мөрлерімен расталған (болған жағдайда) толықтырулар Тараптар үшін жарамды және міндетті болып табылады.
5.2. Осы Шарттың 2-тарауының 2.7-тармағына сәйкес жағдайлар туындаған кезде Ұйымдастырушы Тасымалдаушыға субсидиялар төлеуді тоқтатуға жауапты болмайды.
5.3. Осы Шарттың 4-тарауының 4.1.3 және 4.2.3-тармақтарына сәйкес аудит ұйымдастырған кезде, аудитті "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйым жүргізеді.
5.4. Осы Шартты орындауға қатысты барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
5.5. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келген кезде, Тараптар өзара қатынастарының негізі ретінде Шарттың талаптарын емес, қолданыстағы заңнаманың нормаларын пайдаланады.
5.6. Осы Шарт оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар үшін міндетті болады, сондай-ақ осы Шарттың 6-тарауында белгіленген мерзімдерде, ал өзара есеп айырысулар жүргізген кезде Тараптар Шарт бойынша барлық міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
5.7. Осы Шарт әр Тарап үшін бір-бірден бірдей заңды күші бар екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.
5.8. Осы Шартта көзделмеген барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
6-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
6.1. Осы Шарт 20__ жылғы "____" __________ дейінгі мерзімге жасалады.
Қолданыста болудың басталуы 20__ жылғы "____" __________.
Қолданыста болудың аяқталуы 20__ жылғы "____" __________.
6.2. Шарттың қолданылу мерзімі осы маршрут бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттың қолданыста болу мерзіміне белгіленеді.
6.3. Осы бағыт бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарты бұзылған күннен бастап оның қолданылуы тоқтатылады.
6.4. Ұйымдастырушы Шарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы оның қолданылуы тоқтатылған күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей Тасымалдаушыға хабарлайды.
6.5. Жылжымалы құрамды жаңарту негізінде Тараптар арасында жасалған жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарты ұзартылған кезде, Шарт осы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартын ұзарту мерзіміне ұзартылады.
6.6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының қолданылу мерзiмi аяқталған және осы маршрутқа қызмет көрсету құқығына жаңадан өткiзiлген конкурстың жеңiмпазы болып Тасымалдаушы анықталған кезде, Шарт ұзартылады.
7-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Ұйымдастырушы |
Тасымалдаушы |
Тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалын бюджет қаражаты есебінен субсидиялаудың үлгілік шартына 1-қосымша |
Жылдар бойынша бөліністе үш жыл ішінде жолаушылар тасымалдарының болжамды саны, сондай-ақ жылдар бөлінісінде үш жыл ішінде субсидиялардың болжамды сомасы
Р/с | Маршрут атауы (маршрут нөмірі) | Әдістемеге сәйкес анықталған тариф (теңге) | Жергілікті атқарушы орган белгілеген тариф (теңге) | Әдістемеге сәйкес айқындалатын тариф пен жергілікті атқарушы орган белгілеген тариф арасындағы айырмасы (теңге) | Жыл ішінде жолаушыларды тасымалдаудың болжамды саны (адам) | Субсидиялардың болжамды көлемі (теңге) |
20__ жыл | ||||||
1 | ||||||
2 | ||||||
20__ жыл | ||||||
1 | ||||||
2 | ||||||
20__ жыл | ||||||
1 | ||||||
2 | ||||||
... | ||||||
Жиыны: |
Ұйымдастырушы |
Тасымалдаушы |
Тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалын бюджет қаражаты есебінен субсидиялаудың үлгілік шартына 2-қосымша |
Қағидалардың 4-тарауына сәйкес тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру үшін маршруттың құнын айқындау кезінде маршруттағы (километр) үш жыл ішіндегі болжамды жалпы жүрісі маршрут бойынша (километр) автокөлік құралдарының жалпы жүрісін негізге ала отырып жылдар бойынша бөліністе, сондай-ақ жылдар бөлінісінде үш жыл ішіндегі субсидиялаудың болжамды сомасы
Р/с | Маршрут атауы (маршрут нөмірі) |
Маршрут құны |
Маршрутта жалпы жылдық болжамдық жүрісі |
Маршрутта автокөлік құралдарының жалпы жылдық жүрісі |
Бір километрдің құны |
Субсидиялаудың болжамды көлемі |
20__ жыл | ||||||
1 | ||||||
2 | ||||||
20__ жыл | ||||||
1 | ||||||
2 | ||||||
20__ жыл | ||||||
1 | ||||||
2 | ||||||
Жиыны: |
Ұйымдастырушы |
Тасымалдаушы |
Тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалын бюджет қаражаты есебінен субсидиялаудың үлгілік шартына 3-қосымша |
Есептік қаржы жылының қорытындылары бойынша маршрутты субсидиялау жөнінде салыстырып тексеру актісі
Р/с | Маршрут атауы | Ұйымдастырушы төленген субсидиялар сомасы | Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты Тасымалдаушының кірісі | Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты Тасымалдаушының залалы |
Тасымалдаушының артық алынған субсидиялар сомасы |
Ұйымдастырушы субсидиялардың толық төлемеген сомасы |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
4 | ||||||
5 | ||||||
Жиыны: |
Ұйымдастырушы |
Тасымалдаушы |