"Астана қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 212/26-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 14 ақпандағы № 267/34-VIII шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2025 жылғы 20 ақпанда № 1405-01 болып тіркелді

      Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 212/26-VIII "Астана қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1393-01 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Астана қаласы мәслихатының жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Астана қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларында:

      14 тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қала аумағындағы жаңа құрылысты, қоныстану тығыздығын есептеу үшін тұрғын үймен орташа қамтамасыз етуді бір адамға есептегенде 15 шаршы метрден кем емес қолдану.";

      17-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады