"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 14-8) және 14-9) тармақшаларына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтар айқындалсын.
2. Кемінде бес жыл мерзімге ауылдық жерге жұмыс істеуге келген аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалықының бір жүз еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем төлеуді камтамасыз ету.
3. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | М.Ахметжанов |
Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № А-4/194 қаулысына қосымша |
Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтар
1. Акушерия және гинекология (ересектер, балалар).
2. Кардиология (ересектер, балалар).
3. Офтальмология (ересектер, балалар).
4. Педиатрия.