"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген) сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 76 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысының 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемі
№ | Субсидиялау түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем | Субсидиялар сомасы (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеуге арналған субсидиялар | |||
1.1 | Албырт тұқымдас балықтар және олардың будандары | тонна | 80 | 21 600 000,0 |
1.2 | Бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандары | 20 | 5 700 000,0 | |
1.3 | Тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандары | 74 | 15 540 000,0 | |
1.4 | Жайын тұқымдас балықтар және олардың будандары | 6 | 1 260 000,0 | |
2 | Балық өсіру материалдарын сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар | |||
2.1 | Тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандарының шабағы (30 грамға дейін) | мың дана | 225,0 | 3 375 000,0 |
2.2 | Албырт тұқымдас балықтар және олардың будандарының ұрықтанған уылдырығы | 800,0 | 4 000 000,0 | |
2.3 | Албырт тұқымдас балықтар және олардың будандарының шабағы (10 граммға дейін) | 12,0 | 300 000,0 | |
2.4 | Бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандарының шабағы (10 граммға дейін) | 9,0 | 2 250 000,0 | |
3 | Балық өсіру-биологиялық негіздемесін сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар | |||
3.1 | Балық өсіру-биологиялық негіздемесі | дана | 7 | 925 000,0 |
4 | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар | |||
4.1 | Бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандары | дана | 200 | 6 000 000,0 |
Барлығы: | 62 210 000,0 |