"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37- баптарына "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі бекітілсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 03 наурыздағы "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" № 110 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 болып тіркелген);
2) Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі "Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 110 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 345 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5670 болып тіркелген).
3. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін.
2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | М. Султангазиев |
Алматы облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы 28 наурыздағы № 87 | |
қаулысына қосымша |