Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72 "Абай облысы Үржар ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 54 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 7 наурызда № 428-18 болып тіркелді

      Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үржар ауданы әкімдігінің "Абай облысы Үржар ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5035 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулы қосымшасының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) қарттар мен мүгедектігі бар адамды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) психоневрологиялық аурулары бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      7) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      С. Тлемесов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Үржар аудандық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады