Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" № 146 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 наурыздағы № 79 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2025 жылы 6 наурызда № 278-19 болып тіркелді

      Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" № 146 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 181756 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жетісу облысының әкімі Б. Исабаев

  Жетісу облысы әкімдігінің
  2025 жылғы 20 наурыздағы № 79
  Қаулысына қосымша

Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алынатын бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері

Ауылшаруашылық өнімнің атауы

Тереңдете қайта өңделген өнімдердің атауы

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/литр (теңге/килограмм)

Шикі сүт

Сары май

67

Шикі сүт

Қатты ірімшік

84

Шикі сүт

Құрғақ сүт (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған)

211


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады