"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алынатын бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері бекітілсін.
2. "Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Жетісу облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің м.а. | А. Жаканбаев |
Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 146 Қаулысына қосымша |
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жетісу облысы әкімдігінің 18.04.2024 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алынатын бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері
Ауылшаруашылық өнімнің атауы | Тереңдете қайта өңделген өнімдердің атауы | Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/литр (теңге/килограмм) |
Шикі сүт | Сары май | 103 |
Шикі сүт | Қатты ірімшік | 93 |
Шикі сүт | Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған) | 51 |