Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 193 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2025 жылы 21 мамырда № 312-19 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көксу ауданының әкімі Д. Халелов

  2025 жылғы 19 мамырдағы № 193
  Қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік мекеменің мамандар лауазымдары:

      1) жалғыз басты қарттар мен мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жасау бөлімше меңгерушісі;

      2) мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау бөлімше меңгерушісі;

      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі;

      4) жалғыз басты қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметкер;

      5) айқындау және бағалау маманы;

      6) мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызметкер;

      2. Мәдениет саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының мамандар лауазымдары:

      1) директор;

      2) мәдени ұйымдастырушы;

      3) көркемдік жетекші;

      4) әдіскер;

      5) дыбыс операторы;

      6) музыкалық жетекші;

      7) биші

      8) жарық беруші;

      9) балалар оркестрінің жетекшісі;

      10) актер;

      11) сүйемелдеуші;

      12) концертмейестер;

      13) бас суретш;

      14) режиссер;

      15) аккомпаниатор;

      16) кітапханашы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады