Инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 21 қаңтардағы № 05/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 27 қаңтарда № 6705-09 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Инватакси қызметін алушылардың санаттарын келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:

      1) тірек-қимыл аппараты бұзылған бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      2) психоневрологиялық аурулары бар бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      3) тірек-қимыл аппараты бұзылған 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

      4) психоневрологиялық патологиясы бар 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі Д. Бұлқайыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады