Қарағанды облысының Абай ауданында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 наурыздағы № 30/286 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 14 наурызда № 6735-09 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Абай ауданында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай аудандық мәслихатының төрағасы Д. Сакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады