Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 19/06 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 8 сәуірде № 6749-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) 2020 жылғы 19 наурыздағы № 14/01 "Пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5754 болып тіркелген);

      2) 2004 жылғы 6 қаңтардағы № 01/03 "Абай ауданы әкiмиятының кейбiр қаулыларына әлеуметтiк қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгертулер енгiзу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1383 болып тіркелген).

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі С. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады