Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы №5 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6556-09 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | А. Әли |
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 5 наурыздағы № 7 шешіміне қосымша |
|
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылдың 7 ақпанындағы № 5 шешіміне қосымша |
Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Бұқар жырау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі негізінде және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына (бұдан әрі – Үлгі қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек – ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Әлеуметтік кодекстің 71- бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында,11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12- бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек Үлгілік қағидаларға көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
3) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
4) 26 сәуір - Халықаралық радиациялық апат құрбандарын еске алу күні;
5) 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне;
6) 9 мамыр - Жеңіс күні;
7) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
8) 30 тамыз – ҚазақстанРеспубликасының Конституция күні;
9) 1 қазан-қарттар күні;
10) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
6. Мереке күндері мен атаулы күндерге біржолғы әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республика Одағын (бұдан әрі - КСР Одағы) қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде тәжікстан-ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
2003 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
1986-1991 жылдар аралығындаТаулы Қарабақтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
бейбіт уақытта әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына кемінде 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне кемінде 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге кемінде 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға кемінде 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға кемінде 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) кемінде 50 000 (елу жүз мың) теңге мөлшерінде;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына кемінде 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына кемінде 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын – сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының қазіргі аумағын құрайтын аумақта оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін тұрақты тұрған адамдарға:
бұрынғы КСР Одағынан тыс қарыжерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде (қарапайым адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
Қазақстаннан тыс жерлерде әскери қызмет өткеру үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндерді қолдануыкемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
Орталық одақтық органдардың шешімдері бойынша қуғын-сүргіндердің қолданылуы: КСР Одағы Жоғарғы Сотының және оның сот алқаларының, КСР Одағы біріккен мемлекеттік саяси басқармасының алқаларының, ішкі істер халық комиссариаты – мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі - КСР Одағының ішкі істер Министрлігі жанындағы ерекше кеңестің, КСР Одағы прокуратура комиссиясының және КСР Одағы ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа да органдардың кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының актілері негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқық қақарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдарға кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
ата–аналарымен бірге немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оны қолдану нәтижесінде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және жеті жасқа дейінгі, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
75 және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан, "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға беріледі кемінде 400 000 (төрт жүз мың) теңге мөлшерінде.
7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.
Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі. Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек келесі санаттарға көрсетіледі:
азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне барлық дүлей зілзаланы немесе өртті өндіріп алу кезінде – өмірлік қиын жағдайы басталған сәттен бастап алты ай ішінде тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) иелерінің бірі - 100 ай мөлшерінде есептік көрсеткіш, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, біржолғы;
жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейіне бір реттік қатынаста - 16 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік материалдық жағдайға байланысты азаматтарға;
қайтыс болған күні уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге азаматтарға, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан адамдарға кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге-жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмағанда, өмірлік қиын жағдайы басталған сәттен бастап алты ай ішінде - 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы;
азаматтарға жедел емделуге (операцияға) медициналық мекемеден шығарылған эпикриздің көшірмесі негізінде өмірлік қиын жағдайы басталған сәттен бастап алты ай ішінде -15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, біржолғы;
амбулаториялық емдеудегі әлеуметтік маңызы бар туберкулез ауруы бар адамдарға дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде-жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмағанда, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы;
амбулаториялық емдеудегі әлеуметтік маңызы бар қатерлі ісігі бар адамдарға дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде – жан басына шаққандағы орташа табысы ескерілмей, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға өмірлік қиын жағдайы басталған сәттен бастап алты ай ішінде – 16 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, біржолғы;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ 1 және 2 дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, Бұқар Жырау ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға құнының 50% бірыңғай мөлшерде мектепке дейінгі білім беру ұйымына жан басына шаққандағы орташа табысты есептемегенде;
адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) бар балалардың ата - аналарына немесе заңды өкілдеріне-бір күнтізбелік жыл ішінде жан басына шаққандағы орташа табысын есептемегенде-2 (екі) еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын;
адамның иммунодифицит вирусынан туындаған әлеуметтік маңызы бар ауруы бар адамдарға медициналық мекемеден растау анықтамасы негізінде-жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмағанда, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы;
1-топтағы мүгедектігі бар адамды санаторий-курорттық емдеуге алып жүретін азаматтарға уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде;
ардагерлерге санаторий-курорттық емдеуге арналған шығындарды өтеуге арналған кірісті есепке алмағанда жылына 1 рет 14 күннен аспайды, бірақ растайтын құжаттар (орындалған жұмыстар актісі, шот-фактура және фискалдық төлем чегі) негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторий-курорттық емдеудің кепілдік берілген сомасынан аспайды. Мүгедектігі бар ардагерлерге санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек төленбейді, олар санаторий-курорттық емделуге жеке абилитация және оңалту бағдарламасын әзірледі;
қатты отынды сатып алуға 2,5 (екі жарым) ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа кіріс болуы және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергілікті (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі болып табылатын жалғыз басты зейнеткерлік жасқа толған қарт адамдарға және тұрғылықты жері бойынша еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары жоқ және мүгедектігі бар адамдарға - тиісті қаржы жылына белгіленген жылыту маусымына арналған 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш көрсетіледі - біржолғы;
қатты отынды сатып алуға 1 (бір) ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа кіріс болуы және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергілікті (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматарға) - тиісті қаржы жылына белгіленген жылыту маусымына арналған 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш көрсетіледі – біржолғы.
8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді органдар облыс жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.
9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.
11. Әлеуметтік көмек Үлгілік қағидалардың 12 – 20 тармақтарына сәйкес тәртіппен және мерзімдерде көрсетіледі.
12. Мынадай:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған;
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылады.
13. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Бұқар жырауауданының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
14. Мынадай:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс кеткен;
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасы осы қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
15. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
16. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
17. Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақы мен жәрдемақы алатын белсенді азаматтардың мәліметтерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды.
Зейнетақы мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақысын алушылар жөніндегі мәліметтер Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
18. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті мемлекеттік корпорация арқылы төлеу процесіне бастама жасайды.
19. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім негізінде мемлекеттік корпорация:
біржолғы төлемдер бойынша – күн сайын;
ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша – төлем жасалатын айға дейінгі айдың 29-ы күніне әлеуметтік көмек төлеуге бюджет қаражатына сұраныс қалыптастырады.
20. Сұраныс қалыптастырылғаннан кейін мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім жібереді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган төлем жасалатын айға дейінгі айдың 27-сі күнінен кейін түскен өтінімдер бойынша мемлекеттік корпорацияға төлем жасалатын айдың 1-іне дейін әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.
21. Мемлекеттік корпорация трансферттер түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банктік шоттарына төлеуді жүзеге асырады.
22. Әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан әлеуметтік көмек сомасы қайтарылған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан мәліметтер алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйеге тиісті өзгерістер енгізеді.
23. Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік көмектің артық есептелген (төленген) сомаларын әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға аударады.
24. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.