Қызылорда облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 76 бірлескен қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 159 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 15 ақпанда № 8595-11 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы ауылдық округінің Сарытоғай разъезд елді мекені таратылып, Жосалы ауылдық округінің Жосалы ауылының құрамына енгізілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Налибаев
      Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы М. Тлеумбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады