"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12353 болып тіркелген), Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Жаңаөзен қаласы бойынша 2025-2027 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы | Ж. Матаев |
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
2025 жылғы 28 ақпандағы | |
№ 19/218 шешіміне қосымша |
Жаңаөзен қаласы бойынша 2025-2027 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесі
№ | Маршрут атауы және (немесе) нөмірі | Маршрут түрі |
1 | № 1 | қалалық |
2 | № 2 Жаңаөзен – Теңге – Жаңаөзен | қала маңындағы |
3 | № 3 Жаңаөзен – Теңге – Жаңаөзен | |
4 | № 4 | қалалық |
5 | № 5 Жаңаөзен – Кендірлі – Жаңаөзен | қала маңындағы |
6 | № 6 | қалалық |
7 | №9 Жаңаөзен – Қызылсай – Жаңаөзен | қала маңындағы |
8 | №10 | қалалық |
9 | №11 Жаңаөзен – Рахат – Жаңаөзен | қала маңындағы |
10 | №12 Жаңаөзен – Рахат – Жаңаөзен |