Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 "Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 103 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 23 сәуірде № 10439-10 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27893 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы:

      келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 65-1, 65-2, 65-3, 65-4, 65-5, 65-6, 65-7 жолдарымен толықтырылсын:

      "

65-1

Надеждинка ауылының № 2203 су жинау ұңғымасы

Радиусы – әр ұңғыманың айналасында 50 метр

0,958 гектар

Радиусы – 400 метр

28,312 гектар

Радиусы – 500 метр

42,6136 гектар

65-2

Надеждинка ауылының № 2204 су жинау ұңғымасы

65-3

Садчиков ауылының № 1Р су жинау ұңғымасы

Радиусы – 25 метр

0,4269 гектар

Радиусы – 400 метр

54,0162 гектар

Радиусы – 400 метр

54,0162 гектар

65-4

Садчиков ауылының № 1Э су жинау ұңғымасы

65-5

Садчиков ауылының № 2Э су жинау ұңғымасы

Радиусы – 25 метр

0,2358 гектар

Радиусы – 400 метр

50,8432 гектар

Радиусы – 400 метр

50,8432 гектар

65-6

Александровка ауылындағы № 2201 су жинау ұңғымасы

Радиусы – 46 метр қолданыстағы қоршау бойынша

1,0811 гектар

Радиусы – 206 метр

13,9294 гектар

Радиусы 855-1030 метр

324,660 гектар

65-7

Александровка ауылындағы № 2201 су жинау ұңғымасы

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау комитетінің Қостанай

      облысының санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау

      департаменті" республикалық

      мемлекеттік мекемесі

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі Су шаруашылығы

      комитетінің Су ресурстарын

      пайдалануды реттеу және

      қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай

      бассейндік инспекциясы"

      республикалық

      мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады