Рудный қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 22 маусымдағы № 520 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 112 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 17 ақпанда № 10378-10 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" 2020 жылғы 22 маусымдағы № 520 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9288 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеу;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласы әкімі В. Ионенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады