Павлодар облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 ақпандағы № 183/19 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 28 ақпанда № 7641-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 "Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген) сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метріне 30 теңге мөлшерінде және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен 185 теңге мөлшерінде ақы мөлшері бекітілсін.

      2. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" 2023 жылғы 27 маусымдағы № 39/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7368-14 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы И. Теренченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады