"Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 14-8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақсан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтар айқындалсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Г. Нурмухамбетов |
Солтүстік Қазақстан | |
облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы 28 ақпандағы | |
№ 54 Қаулысына | |
қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтар
№ | Мамандықтың атауы |
1 | Акушерия және гинекология (ересектер, балалар) |
2 | Педиатрия |
3 | Офтальмология (ересектер, балалар) |
4 | Кардиология (ересектер, балалар) |
5 | Ересектер онкологиясы |
6 | Оториноларингология (ересектер, балалар) |
7 | Эндокринология (ересектер, балалар) |
8 | Неонатология |