"Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 3 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 22 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 31 қаңтарда № 9131-16 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4377 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.К. Байахметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Е. Кошербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады