Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "8" қаңтардағы № 3 қаулысына қосымша |
Тауарлық газды тұтыну нормалары
р/с № | Газ тұтыну сипаттамасы | Тұтыну бірлігі | Газ тұтыну нормасы |
1 | Пәтерде газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған кезде | 1 адамға айына текше метр | 9,74 |
2 | Пәтерде газ плитасы және газ су қыздырғыш болған кезде (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде) | 1 адамға айына текше метр | 24,09 |
3 | Пәтерде газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау мен газ су қыздырғыш болмаған кезде | 1 адамға айына текше метр | 14,35 |
4 | Тұрғын үйлерге дербес жылу беру | 1 адамға айына текше метр | 324 |
Сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары
р/с № | Газ тұтыну сипаттамасы | Тұтыну бірлігі | Газ тұтыну нормасы |
1 | Пәтерде газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған кезде | 1 адамға айына килограмм | 4,57 |
2 | Пәтерде газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде | 1 адамға айына килограмм | 5,07 |
3 | Пәтерде газ плитасы және газ су қыздырғыш болған кезде | 1 адамға айына килограмм | 9,08 |