Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 14 шілдедегі № 14/187-IV "Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2512 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. "Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы" атағы жылына жеті адамнан аспай, "Қаланың (ауданның) құрметті азаматы" атағы жылына бес адамнан аспай беріледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Д. Рыпаков |