Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 235 және Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/4-VII "Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарының жолақысын төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8387 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. "Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру азаматтардың мынадай санаттарына белгіленсін:
1) 70 жастан асқан азаматтарға – тариф құнының 55 %;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан және (немесе) көп балалы отбасылардан шыққан білім алушы балаларға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – тегін жол жүру.".
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | А. Акышов |
Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы | А. Светаш |