"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Алтай ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Алтай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 2 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 5 наурыздағы № 122 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 7 наурызда № 9146-16 болып тіркелді

      Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Алтай ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Алтай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8353 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымшаның 2-тармағы мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:

      "23) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдері.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданы әкімі Р. Курмамбаев
      "КЕЛІСІЛДІ":
Алтай ауданы
мәслихатының төрағасы
__________________Л.Гречушникова
"______"_____________202___жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады